Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
278 материал табылды

Білім • 14 Қыркүйек, 2023

Жаңғырған мектеп

Ауыл мектебі қала мектебінен кем болмауға тиіс. Осы мақсатта «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жемісті жұмыс істейді. Осакаров ауданының орталығындағы Әлихан Бөкейханов атындағы тірек мектебі де соның есебінен жаңғыртылды.

Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2023

Тіл жанашырлары марапатталды

«Тілім» деп шыр-пыр қағып жүрген шын жа­нашырларға құрмет көр­сетудің еш әбес­тігі жоқ. Дәп осындай үрдіс Қарағандыда қа­лыптасқан. Дәстүрге ай­налған облыс әкі­мінің «Тіл жанашыры» сыйлығы бар. Кү­ні кеше сегіз аталым бо­йынша үздік деп та­нылған ана тілдің абы­ро­йын ойлағандар төрге озды.

Әлем • 11 Қыркүйек, 2023

Түркия төріндегі Тәттімбет

Күй алыбы Тәттімбет Қазанғапұлын түрік бауырларымыз лайықты құрметтеуде. 2016 жылы күйшінің 200 жылды­ғына арналып, Түркияның астанасы Анкарада саябақ ашыл­ған болатын. Міне, жақында Анадолы аспанында Тәте­кең­нің рухы биіктеді, төрінде еңселі ескерткіші бой көтерді.

Туризм • 11 Қыркүйек, 2023

Әлеуетімізді әлі де пайдалана алмай отырмыз

Қарағандының туристік әлеуеті әлсіз болғанымен, қамсыз дей алмаймыз. Әйтеуір әупірімдеп жұмыстар атқарылып жатыр. Әуреге түсіп, «туризмді түлетуіміз» керек деп жанталасып жүрген ешкімді көрмедік. Күні кеше Мемлекет басшысы Жолдауында туризм саласындағы жұмыстардың дұрыс атқарылмай жатқанын ашып айтты. Еліміздің басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалғанын да атап өтті. Мәселен, жаз айында Балқаш көлінің кереметін сезінеміз деген жұрттың «биоәжетхана» таппай әуреге түсіп, қиналғанын да естідік. Осыдан-ақ ішкі туризмнің көп нәрседе іркіліп тұрғаны байқалады.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2023

Үздіктер үкіленді

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Тозығы жеткен Тәттімбет ескерткіші

Жақында Түркияның тө­рінде күй тәңірі Тәттім­бет­­тің еңселі ескерткіші бой көтерді. Мұндағы іс­­ке Қа­ра­ғандының облыс әкімдігі қол­дау білді­ріп, ұлт­тық руха­ният­тың үл­кен жанашыры Дүй­сен Қа­сейінов мыр­за мұрын­дық болыпты. Жа­ғым­ды жа­ңалықты естіп, еңсеміз тік­теліп қалды. Бірақ Тәт­тімбет мазары жанын­дағы тастұғырдың тозығы жет­кені еcке түсіп, тосырқап қал­­ғанымыз тағы бар.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Отыз отбасы үйлі болды

Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр, Сәкен Сейфуллин кентінде 30 пәтердің кілті табысталды. Ақсу-Аюлыдағы қуанышқа аудан әкімі Мұхит Мұхтаров ортақтасып, баспаналы болған отбасыларды құттықтады.

Инфографика • 07 Қыркүйек, 2023

Жұмыссыздық пен құлықсыздық

Қарағандыда еңбекке қабілетті 400 мыңға жуық жастың 6 мыңнан астамы – жұмыссыз. Бұл жұмыстың емес, еңбекке деген құлықтың жоқтығынан. Әйтпесе, кенді өлке – үлкен индустриялық аймақ. Зауытыңыз да, өнеркә­сібіңіз де өркен жайып тұр. Сәйкесінше, бос жұмыс орны да көп. Өкінішке қарай, жастар қолын майға былғап, маңдай терін төккісі келмейді.

Туризм • 06 Қыркүйек, 2023

Туризмді түлететін фестиваль

Балқаш қаласындағы Ақшағыл кентінде (Рембаза), Көкше теңіз­дің жағалауындағы «БалқашTourfest – 2023» фестивалі сән-салта­натымен өтті. Екі күнге созылған мәнді шара Балқаш туризмінің түлеуіне оң әсерін беруі керек. Көл жағасындағы ұйымдастырылған түрлі акция, ойын-сауық кештері мен мерекелік бағдарламалардың түпкі көздегені де – сол.

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2023

Жайлы да жарық Студенттер үйі

Қарағанды медицина университетінің жаңа жатақханасы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.