Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
347 материал табылды

Ғылым • 06 Қазан, 2023

Гербарий қоры цифрландырылады

Жаз бойы бір топ ботаник дала кезді. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары «Флора мен фауна бойынша деректерді ­цифрландыру әдістері және биологиялық әртүрліліктің халықаралық платформаларында орналастыру» жобасын қолға алған еді. Сол соны жоба осы маусымнан-ақ жемісін бере бастады.

Маман • 04 Қазан, 2023

«Маманы» жоқ өндіріс өркен жая ма?

«Қазақстанда жасалған». Осы бір патентпен Қарағанды облысында өз өнімін нарыққа шығарып, тіпті шетелге де жөнел­тіп жатқан бірнеше кәсіпорын бар. Ел Президенті биылғы Жолдауында «Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндіріс­тің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілді қолдану қажет», деді. Яғни отандық өндірістің өркендеуіне қолдау күшейді. Дегенмен бұл салаға кедергі болып отырған мәселелер де бар...

Айбын • 04 Қазан, 2023

Биікке самғатқан арман

Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында Әлихан мен Мәдихан есімді егіздердің арманы орындалды. Ол қандай арман десеңіз, екеуі де ұшқыш болуды бала кезінен ойлаған екен. Әскери базада тікұшаққа отырып көрген екеуінің үлкен арманы жақындай түсті.

Сайлау • 04 Қазан, 2023

Әкімдерді сайлау тәжірибесі

Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Нұр­лан Әбдіров инспекциялық сапармен Қарағанды облысында болды. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің қанатқақты сайлауын да­йындау және өткізу аясында ұйымдастырылған сапарға комиссия аппа­ра­тының жауапты қызмет­керлері де қатысты.

Өндіріс • 03 Қазан, 2023

«KazPlast»: Сапалы өнім сұранысқа ие

Қарағандыдағы «KazPlast» компания­сы – сапалы бұйымдарымен нарықта өз орны бар зауыт. Отандық өнім шығаратын жергілікті кәсіпорынның бірі де, бірегейі. Себебі, өнімдері бірте-бірте брендке айналып келеді. Жыл өткен сайын сұранысқа сәйкес, көлемі де ұлғайып отырады. Түрлі құ­быр, пластикалық ыдыс, балалар ойын алаңының жабдықтары да – осы зауыттың өнімдері. Бүгінде өрісі кеңеюде. Мемлекет басшысы биыл­ғы Жолдауында да отандық өндіріске тоқталып өтті. Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажеттігін атады.

Халық • 03 Қазан, 2023

Еңбегімен қадірлі

Қарағанды іргесінде Үштөбе деген ауыл бар. Сол жерде есімі елге сыйлы Сейсенбек ақсақал мен Раушан әжей тұрады. Балаларына «Зейнетке шықтық, бізді бағыңдар» деп отырған жоқ. Еңбекпен ертеден айналысып қалған екеуінің бүгінде бос уақыты жоқ.

Аймақтар • 03 Қазан, 2023

Ел ықыласына бөленген

Күні кеше Қарағандыда қатты жауған жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты. Қа­ла­ның кей көшелері көлге айналды. Жұрттың дені аяғымен су кешті, кө­ліктер белортаға дейін жаң­быр суына батты. Осы бір сәтте сағаттап су ортасында тұрып, жол қозға­лысын реттеген жол-патрульдік полиция қыз­мет­керлеріне ел риза болды.

Еңбек • 29 Қыркүйек, 2023

Білікті хирургтің белесі

Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі, хирургиялық ауру­лар кафедрасының профессоры Нұрқаси Абатов республикалық «Еңбек жолы» байқауынан жеңімпаз атанып, мерейі тасыды. Білікті хирург байқаудың «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында топ жарды.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023

Жарықсыз қалған Қарағанды

Қарағандыда жылуды әне-міне қосқалы тұрғанда үшінші жылу электр стансасында апат болды. Абырой болғанда, күн жылылау кезде істен шықты. Әйтпегенде, кеншілер астанасы Екібастұздың кебін киер ме еді? Апат кесірінен Қарағанды 3-4 сағатқа жарықсыз қалды. Облыс орталығынан бөлек, қала, аудандарда электр қуаты өшті. Ал алдыңгүні қатты жауыннан соң, Қарағанды көшелері көлге айналды. Екі күннен бері қарағандылықтар әрі-сәрі күйде.

Еңбек • 26 Қыркүйек, 2023

Түрмеде де түрлі кәсіп игеруге болады

Түрмеде жазасын өтеп жатқандар да кәсіпорында жұмыс істеп, жалақы алады. Қазір тіпті, колледжде оқып, арнайы мамандықты да игереді. Жақында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №30 мекемесінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мекеменің кәсіпорын аумағындағы өндірістік әлеуетті арттыруды көздейді. Сол арқылы сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесі ойластырылған.