Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2023
Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023
Тозығы жеткен Тәттімбет ескерткіші
Жақында Түркияның төрінде күй тәңірі Тәттімбеттің еңселі ескерткіші бой көтерді. Мұндағы іске Қарағандының облыс әкімдігі қолдау білдіріп, ұлттық руханияттың үлкен жанашыры Дүйсен Қасейінов мырза мұрындық болыпты. Жағымды жаңалықты естіп, еңсеміз тіктеліп қалды. Бірақ Тәттімбет мазары жанындағы тастұғырдың тозығы жеткені еcке түсіп, тосырқап қалғанымыз тағы бар.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023
Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр, Сәкен Сейфуллин кентінде 30 пәтердің кілті табысталды. Ақсу-Аюлыдағы қуанышқа аудан әкімі Мұхит Мұхтаров ортақтасып, баспаналы болған отбасыларды құттықтады.
Инфографика • 07 Қыркүйек, 2023
Қарағандыда еңбекке қабілетті 400 мыңға жуық жастың 6 мыңнан астамы – жұмыссыз. Бұл жұмыстың емес, еңбекке деген құлықтың жоқтығынан. Әйтпесе, кенді өлке – үлкен индустриялық аймақ. Зауытыңыз да, өнеркәсібіңіз де өркен жайып тұр. Сәйкесінше, бос жұмыс орны да көп. Өкінішке қарай, жастар қолын майға былғап, маңдай терін төккісі келмейді.
Туризм • 06 Қыркүйек, 2023
Балқаш қаласындағы Ақшағыл кентінде (Рембаза), Көкше теңіздің жағалауындағы «БалқашTourfest – 2023» фестивалі сән-салтанатымен өтті. Екі күнге созылған мәнді шара Балқаш туризмінің түлеуіне оң әсерін беруі керек. Көл жағасындағы ұйымдастырылған түрлі акция, ойын-сауық кештері мен мерекелік бағдарламалардың түпкі көздегені де – сол.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2023
Қарағанды медицина университетінің жаңа жатақханасы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2023
Қарағандыда кеншілердің даңқын өлеңмен аспандатқан «Кенді өлке – Қарағанды» атты республикалық мүшәйра дүркіреп өтті. Өлең додасын Қарағанды қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Жүлдегерлер Кеншілер шаһарының орталық саябағындағы сахнада марапатталып, жырларын оқыды.
Тұлға • 02 Қыркүйек, 2023
Нұра көпсалалы колледжінің алдына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кәсіптік-техникалық білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Болат Әбдікәрімұлының бюсті қойылды. Салтанатты іс-шараға Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бастаған ел азаматтары қатысып, тұлға туралы естеліктер айтты.
Саясат • 29 Тамыз, 2023
«Арселорға» Үкіметтің әмірі жүрмей ме?
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлі де алаңсыз. Өткенде ғана шахтасынан өрт шығып, бес кенші қаза тауып, үлкен сынға ұшыраған еді. Әнеугүні тағы да Сарандағы шахтасынан өрт шықты. Абырой болғанда жер астындағы кеншілер аман. Ал алпауыт компанияның мына жауапсыздығы кәсіпорын иелерінің жүйкесіне аса қатты тиіп тұр. «АМТ» отандық кәсіпорындарға қарызын өтемей, қашып отыр. Қарыз сомасы – 2 млрд 610 млн теңге. Мұның салдары 500 жұмыскердің үш айдан бері жалақы алмағанына алып келді. Зауыт жұмысы тоқтап, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалды. Бұған басы ауырып, балтыры сыздаған әлгі компанияңыз емес.
Экономика • 29 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға таман суармалы алқаптарды 2,2 млн гектарға жеткізу туралы Үкіметке пәрмен берген еді. Бұл ретте өңірімізде суармалы алқап ұлғайып келеді. Егістіктегі шаруалардың жұмысы ширап, қамба құнарлы астыққа тола бастады. Әсіресе, астықты Абай ауданындағы диқандар мемлекеттің демеуін сезініп, егістіктегі өнімдерін еселеп алып жатыр.