Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023
Тағдыр сынағына алған жандарға Құдай қуатты да қоса беретіндей. Сапарбек Жақұдин көз жанарынан айырылғанымен, қайраты қайырылған жоқ. Керісінше, қайралды. Басына түскен ауыртпашылыққа сағы сынған жоқ, сабырлық танытты.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023
Астықты алқабымен ырысы артқан Нұра ауданының орталығынан сапаржай ашылды. Енді, жолаушылар такси қызметіне жүгініп, күрежолға шығып, автобус тосып, көп кідірмейді. Маршруттар орталыққа кіріп, сапаржайға аялдайды. Кесте бойынша Астана, Қарағанды бағыттары бойынша жолға шығады. Жаңа нысанды Андрей есімді «елім» деген кәсіпкер салып берген.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Қарағандылық өнертапқыш Александр Таранов Ғылым және жоғары білім министірлігінің 97,1 млн теңгелік грантын ұтып алды. Грант иегері қаржыны ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсаймын деп отыр. Ғимараттарға орнатылатын инновациялық жолаушылар пневмолифтінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасамақ.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023
Сарыарқаның сәні болған жәрмеңке
Қарқаралы еліне құт болған Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Бұл жолғы той ас ішіп, аяқ босатумен өткен жоқ. Елдің түпкір-түпкірінен жиналған ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылар келелі конференцияда бас қосты. Онымен қоса, аудан орталығында ауыл-ауыл болып, көрме ұйымдастырылды. Дәстүрлі әннің дүбірі естіліп, қара өлеңнің рухы аспандады.
Көрме • 14 Қыркүйек, 2023
Қарағандының бейнелеу өнері мұражайында Шаймардан Сариев атындағы Атырау облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге жетпіс туынды қойылған.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023
Кеше қарағандылық ардагерлер Приозерск қаласындағы «Балқаш» шипажайына жолға шықты. Онда ардагерлер демалып, тегін ем алады. Мұндай игілікті шаруаны облыс әкімдігі ұйымдастырып беріп отыр. Ардагерлер ұйымы құрылғалы алғаш рет шипажайға жолдама алып отыр.
Білім • 14 Қыркүйек, 2023
Ауыл мектебі қала мектебінен кем болмауға тиіс. Осы мақсатта «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жемісті жұмыс істейді. Осакаров ауданының орталығындағы Әлихан Бөкейханов атындағы тірек мектебі де соның есебінен жаңғыртылды.
Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2023
«Тілім» деп шыр-пыр қағып жүрген шын жанашырларға құрмет көрсетудің еш әбестігі жоқ. Дәп осындай үрдіс Қарағандыда қалыптасқан. Дәстүрге айналған облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы бар. Күні кеше сегіз аталым бойынша үздік деп танылған ана тілдің абыройын ойлағандар төрге озды.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2023
Күй алыбы Тәттімбет Қазанғапұлын түрік бауырларымыз лайықты құрметтеуде. 2016 жылы күйшінің 200 жылдығына арналып, Түркияның астанасы Анкарада саябақ ашылған болатын. Міне, жақында Анадолы аспанында Тәтекеңнің рухы биіктеді, төрінде еңселі ескерткіші бой көтерді.
Туризм • 11 Қыркүйек, 2023
Әлеуетімізді әлі де пайдалана алмай отырмыз
Қарағандының туристік әлеуеті әлсіз болғанымен, қамсыз дей алмаймыз. Әйтеуір әупірімдеп жұмыстар атқарылып жатыр. Әуреге түсіп, «туризмді түлетуіміз» керек деп жанталасып жүрген ешкімді көрмедік. Күні кеше Мемлекет басшысы Жолдауында туризм саласындағы жұмыстардың дұрыс атқарылмай жатқанын ашып айтты. Еліміздің басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалғанын да атап өтті. Мәселен, жаз айында Балқаш көлінің кереметін сезінеміз деген жұрттың «биоәжетхана» таппай әуреге түсіп, қиналғанын да естідік. Осыдан-ақ ішкі туризмнің көп нәрседе іркіліп тұрғаны байқалады.