Дәстүр • 05 Наурыз, 2023
Құсбегілік – ұлтымыздың қанына сіңген ұлы дәстүр. Көшпенділердің өміріне тағантас болған берік өнер. Содан да болар тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасып та келеді. Оған дәлел, Жетісуда өткен республикалық саятшылар жарысы. Аушы құсты қолға ұстап қырағылық көрсеткен бүркітшілер бәсекесі елді сүйіндірді.
Үкімет • 27 Ақпан, 2023
Жетісуға жұмыс сапарымен Премьер-министр Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
Қылмыс • 24 Ақпан, 2023
Айлакерлер апаны аңқауларды тартады
Қоғамның қазір интернетсіз күні қараң. Ал интернеттің игілігі де бар, зияны да бар. Әйтсе де аңқау қазақтың аяғына тұсау болып тұрғаны рас. Мысалы, биылдың өзінде ел көлемінде 1617 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Мұның 33-і Жетісуға тиесілі екен.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2023
«Балық жегің келсе, балағыңды түр» дейді бабаларымыз. Бұл ретте жеті өзенді бауырына басқан Жетісу жұртының бәсі биік. Әсіресе Алакөлдегі ағайынның ұпайы түгел. Неге десеңіз, өңірдегі «Болашақ бастау» ЖШС-ның балық өңдеу зауыты сұранысқа сай жаңа өнімдерді шығара бастады. Ең маңыздысы, бұл базарлықтар балаларға арналған.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2023
Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі Президент резиденцияларын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырғаны белгілі. Осыған орай облыс әкімдігі Алакөл аудандық әкімдігінің Ақши ауылындағы резиденциясы балаларды оңалту орталығының балансына берілетінін жеткізді.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
«Jetisy green»: Көк шөптен де көп пайда бар
Қысы-жазы жайқалып тұратын бақ немесе тропикалық джунгли. Талдықорғандағы жылыжайды дәл осылай атауға болады. Таңғажайып өсімдіктер әлемін өз көзімен көруге ықыласы ауғандар қатары күн санап артып келеді. Хоббиін бизнеске айналдыра білген кәсіпкер Аяулым Қуанғалиева жетісулық тұтынушылардың тілегін орындап отыр.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
Аукционның әуресі немесе балықшылар неге браконьерге айналды?
Кезінде Көпбірлік ауылы қандай еді? Шіркін, «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» өрісті өлке-тұғын. Озат балықшылардың отаны саналып, 9 бригадасы мен 18 моторлы қайығы бар ел көлеміндегі ең бір құтты елді мекен саналған. Ал қазір ше? Балықшысы браконьер атанып, аңшысы жалшы болып, баласы қала кезіп жүр.
Өнер • 21 Ақпан, 2023
Ғашық адамның көзі алдай алмайды. Бәрібір жан құпияңызды қарашығыңыз әшкерелеп қояды. Қарамаңыз, қарасаңыз қақпанға түстім дей беріңіз... Әрі қарай теңіз бетіндегі желкенсіз қайықтай тағдыр желі қайда айдаса, солай алып ұшасыз. Соңыңыздан үмітсіздігіңіз, өбектеген өкінішіңіз, сыпайы сәтсіздігіңіз қоса ілеседі. Дәл біз мысалға алған әндегідей…
Қоғам • 20 Ақпан, 2023
Күллі әлемге танымал WorldSkills қозғалысы Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Жақында жетісулық 3 колледждің базасында WorldSkills стандарттарын енгізу бағытында 6 құзыреттілік орталық құрылды. Мұндай жаңаша оқу үдерісі заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
Үкімет • 19 Ақпан, 2023
Өндірістегі жетістіктер сараланды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Жетісу облысында бірқатар ірі өндіріс орнының жұмысымен танысты.