Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Жетісуда маусым қорытындысы бойынша тәтті түбірден гектарына 427 центнерден өнім алып, 182 мың тоннаға жетті. Облыс үшін стратегиялық маңызы бар дақыл қант қызылшасын биыл жергілікті шаруалар 4 264 гектар алқапқа өсірді. Көксу қант зауытына 163 мың тонна тәтті түбір дақылдары жеткізілген. Бұл – өңірдегі 143 ірілі-ұсақты шаруа қожалығының ерен еңбегінің жемісі. Осы ретте өткен жылды қорытындылауды жөн санап отырмыз.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Көксу ауданына қарасты Ақшатоған және Еңбекшіқазақ ауылында жаңа фельдшерлік акушерлік пункттер ашылды. Осындай қуаныш Кербұлақ ауданындағы жиырма шақты отбасы тұратын Шаған ауылында да болды. Балтыры сыздаса қалаға асығатын ағайын енді ауылда жатып-ақ емделе алады.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Ақсудағы жаңа ем-дом мекемелері
Ауыл ішінде жаңа нысан бой көтерсе алақайлап шыға келеміз. Мемлекет басшысы ауылға көбірек көңіл бөлуді тапсырғанда, тап осы аурухана мәселесін де негізге алғаны бекер емес. Соған сай, Жетісуда екі медициналық мекеме ел игілігіне берілді. Оның бірі – Ақсу ауданының Сағабүйен ауылында дәрігерлік амбулатория болса, екіншісі – Көкөзек ауылындағы заманауи блок-модульді медициналық пункт.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Бір қарағанда архив – жанды тірліктің жансыз дерегі сынды. Бірақ бұл сырт көзге ғана. Асылында, архив әлемі тереңіне бойлап, жіті үңілетін зерделі иесіне кезіксе, оған да тіл бітіп сөйлейді. Содан ғой, архивті шежіре-кеніш дейтініміз.
Сайлау • 14 Қаңтар, 2023
Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті
Онда өңірден 2 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар Сенат депутаты Амангелді Толамисов пен Жетісу облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023
Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентіне табиғи газ жетіп, алғашқы отбасы көгілдір отынға қосылды. 14 баласы бар Сәдуақасовтардың үйіне газ қосу салтанатына аудан әкімі Қанат Есболатов, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл, «ҚазТрансГаз» компаниясының өкілдері мен журналистер қауымы барды.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2023
Жетісуда да қыс қиқарлығын көрсете бастады. Облыс орталығы Талдықорғандағы №17 жылыту қазандығында жарылыс болды. Соның салдарынан мекеме ғимараты мен пеші бүлінді. Ең бастысы, тұрғындар зардап шеккен жоқ.
Руханият • 12 Қаңтар, 2023
Оқуға құштар отыз баланы газетке жаздырды
«Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының жеңімпазы Андас әулеті облыстағы білімге құштар, ұлттық құндылыққа жаны жақын 30 оқушыны республикалық «Egemen Qazaqstan» және облыстық «Jetisy» газеттеріне жаздырып, демеушілік танытты. Бұл бастамаға облыстық білім басқармасы мен «Казпошта»АҚ Алматы облыстық филиалы да атсалысты. Осыған орай Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде тағылымды шара өтті.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Іргесі енді қаланған Жетісу облысында еңбек дауы ел ішінде келіспеушіліктің бір түйткілі болып отыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік инвесторлар мен жергілікті халық арасында туындаған келеңсіздіктер көбіне жерлестеріміздің жайын күйттегенімен, еңбек қатынасына едәуір сенімсіздік ұялатты. Оған дәлел Алматы – Өскемен – Қалбатау бағытындағы автобанды салу кезіндегі жағдай, Кербұлақ ауданындағы «Alacem» ЖШС-ның цемент зауытындағы дау-шарғылар. Одан бөлек қаншама мәселе етектен тартуда.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Былтыр еліміз балдырғандарға барынша жағдай жасады. Соған бір дәлел – ауыл-аймақтардағы балабақша санының артуы. Жақында Жетісуда екі бірдей нысан ел игілігіне берілді. Бірі – ел көптен күткен балабақша болса, екіншісі – заманға сай жабдықталған оқу орталығы.