Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
888 материал табылды

Қоғам • 21 Шілде, 2022

Қарағайды неге кесті?

Моноқаланың мұңы бітпеді дерсіз, әйтсе де халықтың өтіні­шін жерге тастауға болмас. Бізге хабарласқан тұрғындар тілегін ескере отырып, мәселінің мәніне үңілуді жөн санадық. Текелі­дегі №8 мектептің маңында жайқалып тұрған көптеген қарағай ағашы түбірімен кесіліп кеткен. Ағаштардың құлап жатқанын көрген тұрғындар дабыл қағып, заңсыз шабылғанын жеткізді.

Руханият • 21 Шілде, 2022

Құстар қайтып барады

Өмір деген – әліппе, біз – тілазар оқушы­мыз. Көңіл деген – керуен, біз – таң алагеуімде ақ қанат бұлтқа арманын асатқан ақтолқын құстармыз. Тағдыр деген – жетіқарақшы, біз – алдымыздан ақтабан жол шығардай асыға жүгірген адасқақ жолау­шымыз. Дүние тыныс тапқан бейқам сәтінде көмейіне бұқтырып келген қиялына қимай қарап тұрған көкжиекпіз. Қарашығына ұя салған сағынышты көз жасымен жуып-шайған ақша бұлтпыз. Ал сіз кім боласыз?

Білім • 20 Шілде, 2022

Жалған дипломмен жан баққандар

Біздің елде білім де сатылады. Бұл ешқандай асыра сілтеу емес, алып-қосары да жоқ, нақты факт. Университетке бармай, үйінде жатып оқу бітіргендердің әлегі әлі толастамай тұр. Ақылды ақшаға айырбастаған жоғары оқу орындарына реформа жасамай бұл істің бұлыңғыр тарта беретіні анық. Сенбесеңіз, Жетісу облысында 53 маман жалған дипломмен жұмысқа тұрып, жалғанды жалпағынан басып жүрген. Иә, ауыл баласына әріп үйретіп, қала баласына қалам ұстатқан жасанды мамандар біздің болашағымызға сабақ беруде.

Таным • 20 Шілде, 2022

Ақын рухын аялаған шаңырақ

Оның жырларында жүрек дірілі, рух толқуы және қазақтың көз жасы мөлдіреп тұр. Бұралаң соқпақ пен қараңғылыққа қамалған құпия сырлар, кеудеден құмығып шыққан тылсым дауыс естіледі. Иә, ХХ ғасырдың терезесіне үнілсеңіз, қатал саясат құрдымға құлатқан Алаш алыптарының бейнесі елестейді. Оның ішінде тағдырға иілмеген тауанды тұлға Ілияс Жансүгіров те бар. Арқырап аққан өзендей адуынды ақынның басына бір бақыт айналып келіп қонарын кім болжапты. Асыл мұрасы, жақұт жазбасы жапырақтарын жайқалтып, салқар көшке сая болды. Ол – Жетісудағы Ілияс Жансүгіров әдеби музейі.

Өнер • 20 Шілде, 2022

Арманшыл ару

Бір картинаның жұмбағын шешу үшін, оның тарихы мен эволюциясына үңілсеңіз жетіп жатыр. Бояудың құпиясы, көркем кеңістіктегі беймәлім жарықтар, бұлыңғыр бейнелер өзі-ақ жан сырын жайып салады. Түстер бекерден-бекер шарпыспайды, онда суреткердің идеясы мен өмірдің іңкәрлігі бар. Арманшыл арудың алақанына қонған күн сәулесі секілді...

Медицина • 18 Шілде, 2022

Ауылдағы ауруханалардың аужайы

Жетісуда пандемия қайта өршіп келеді. Мекеме қызметкерлері маска тағып жүр. Алайда сол маскамен мәселе шешіле қоймасы анық. Бүгінде облысқа тиесілі ауыл-ауылдарда орналасқан шағын емханалардың жайы мәз емес. Анау Кеңес заманынан келе жатқан кішкентай ғимараттар қаусап тұр. Ем алуға асыққан халық есігіне сыймайды. Жөндеуден өткені санаулы, кезек күткені қаншама. Індет өршігенде өңірлер әйтіп-бүйтіп амалдайды екен. Әйтсе де бұл әлек қашанға дейін жалғаспақ?

Медицина • 18 Шілде, 2022

Жетісудағы жәрдемші пойыз

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық по­йызы Жетісу облысын аралап, халыққа тегін дәрігерлік қызмет көрсетуде. Айнабұлақ стансасынан басталған сапар Көксу, Егінсу, Бескөл, Жайпақ, Достық стансаларына бағыт алды.

Өнер • 17 Шілде, 2022

Мартиннің мысқылы

Даурығатын ештенесі жоқ, латынамерика биі әлемдегі ең ашық әрі еліктіргіш композициялардың бірі. Әрбір қимыл-қозғалысы әлденеден сыр тартып тұрады. Әйгілі әртіс Дженнифер Лопес «Кел, билейік» фильмінде оны «көлденең тілектің тік көрінісі» деп суреттейтіні бар. Әуезді әуені буыныңызды балқытып, лезде көңіліңізді бау­рап алатын дәруменге ие. Мәселен, «Тербел» әні. Кербез Дин Мартиннің даңқын асқақтатқан ғаламат туынды әлі де әуе кезіп жүр.

Тарих • 13 Шілде, 2022

Тасқа қашалған таңбалар

Жетісу – құтты мекен, қойнауы тұнған тарих таралғысы. Ескі заманмен еншілес мұралардың мұңын шерткен ен даланың әлі де қазба-байлығы түгесілген жоқ. Оңтүстік-шығысын алып жатқан Жаркент өңірінің өзі неге тұрады. Көне дәуірдің кереметіне толы. Қасиетті мекенде тіршілік еткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр тартатын құнды жәдігерлер самсап жатыр. Олар мыңжылдықтардың куәгері. Археологтер құпияға толы атақоныстың бағасына жете алар ма екен…

Қоғам • 13 Шілде, 2022

Атадан қалған асыл қазына

Адамның шыққан тегі қандай екенін шежіреге сүйеніп бағдарлайтын қазақтың танымы тереңде. Біз өткенімізді білмей, болашағымызды болжай алмаймыз. Осыны ескерсек, бір әулет бүтін Отанның бір бөлшегі болып шығады. Оған Талдықорған мемлекеттік архивінде өткен «Атадан қалған асыл мұра» атты отбасылық қордың ашылуында көз жеткіздік. Аталған қорға «Андас» әулетінің құнды заттары табысталды.