Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Өнер • 15 Қараша, 2023

Мың сөзден бір сурет артық

Өзің түсінбейтін тақырыпта әңгіме қозғаған өте қиын. Бірақ біз қазақпыз ғой, тіршіліктің барлық бағыт-бағдарында бармыз. Сіз күлуіңіз мүмкін, дегенмен дүниенің дүрсілі тікелей біздің жүрегімізден өтетіндіктен, әрбір сәттің сәулесіне жылынуға аңсармыз. Сол аңсарды бүгін фотограф Жеңіс Ысқабайдың «Ана» атты шығармасынан таптық. Бұл – әшейін сәйкестік емес, бұл – өмір.

Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Жетісуда су жүйелеу мәселесі өзекті

Жетісуда егінге барар судың тапшылығы толғақты мәселенің біріне айналып отыр. Аграрлы өңірдің амалы таусылмасын десек, әуелі су қоймалары мен суландыру жүйелерін реттеу шарт. Осы мақсатта облысқа Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келді. Ол аудандарды аралап, суару желілеріндегі түйткілдермен танысты.

Ауыл • 13 Қараша, 2023

Байланыстан тыс қалған ауылдар

Жетісуда 20 ауыл байланыс аясынан тыс жерде. Бүгінде өңірдегі 352 елді мекеннің 287-і мобильді интернетке қол жеткізіп отыр, ал 65-інің жайы мәз емес. Ондағы халық тау-тасты, төбені жағалауға мәжбүр. Ол ол ма, солардың ішінде 135 ауылдың тұрғындары 4G-ға тіркелген, қалғанының ұялы телефоны 3G-ді әрең ұстайды. Тіпті облыс орталығына жақын кейбір ауылда мәселе толық шешілмеген.

Театр • 13 Қараша, 2023

Театр Түрікменстанға аттанбақ

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры Ашғабад қаласында өтетін «Бақыт дәуіріндегі театр өнері» фестиваліне қатысады. Жетісулықтар – рухани додаға ел ішінде жолдама алған тұңғыш өнер ұжымы.

Туризм • 13 Қараша, 2023

Туризм саласындағы тың мүмкіндік

Енді Қытайға іргедегі Ташкентке барғандай емін-еркін сапарлай аламыз. Екі ел арасындағы визасыз режім құжаты күшіне енді. Ел азаматтары туристік мақсатта шекарадан еркін өтіп, 30 күн бойы жүре алады. Бұрында да қайнап жататын Панфилов ауданына қарасты «Нұр жолы» өткізу бекетінің жұмысы одан әрі қызайын деп тұр.

Аймақтар • 12 Қараша, 2023

Алакөлдегі алып қызылша

Шалғай ауылдағы шаруалар сүйінші сұрап жатыр. Биыл қара жер еккен дәнді еселеп беріп, еңбектің түбі берекеге ұласты. Алакөл ауданына қарасты қожалықтар гектарына 650 центнерден өнім алған. Тіпті жекелеген тәтті түбірдің салмағы 9 килоға дейін тартқан. Техниканың жоқтығына қарамастан осындай нәтиже көрсеткен ауылдағы ағайынның ісі көңіл сүйіндіреді.

Аймақтар • 10 Қараша, 2023

Жаркенттегі жеміс-жидек қоймасы

Былтыр облыс әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездескенде жеміс-жидек сақтайтын қойманың жоқтығы айтылған еді. Жерден ырысын терген жаркенттіктер биыл сыйымдылығы 6 мың тонналық ауылшаруашылық өнімдеріне арналған орынның құрылысын бастады. Жыл аяғына дейін нысан ел игілігіне берілмек.

Шаруашылық • 08 Қараша, 2023

Жүгеріші жайын жүре тыңдамаңыз

Жаркентті «жүгерінің кіші отаны» деседі. Мұндағы шаруалардың дені ала жаздай «дала аруын» күтіп баптайды, нәсібі де соған байланысты.

Тағзым • 07 Қараша, 2023

Елтұтқа Ескелді би

Биікке өлшем беру үшін билердің сөзіне жүгінетін қазақтың бабаға деген құрметі баланың әкеге деген махаббатындай. Ақ сауытын асынып, бабалар аруағына сүйеніп, ата жауын тықсырған даналарымыздың рухы өр, ойы дария. Ғасыр аунаса да бозжусан бейнесінің бояуы жұқармай, атар таңның қызылсаң сәулесіндей қайта бой көтеріп, болашақтың жүзіне нұрын шашып тұратыны содан-ау, сірә. Ендеше, Жетісу жұртының елі сүйген Ескелді бидің 330 жылдық мерейтойын тойлауының себебі арыда жатқанын осыдан-ақ аңғара беріңіз.

Өндіріс • 07 Қараша, 2023

«Hyundai» «Қорғаста» құрастырылады

Қорғас – Орталық Азияның ең үлкен қақпасы. Оның игілігін елдің экономикалық культіне айналдыруға болады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында да тәптіштеп түсіндірген еді. Демек ел шекарасында орналасқан арнайы экономикалық аймақтар қызметін жандандыру шарт. Осы мақсатта «Қорғаста» «Hyundai» автокөліктерін құрастыратын зауыт салынады.