Руханият • 24 Мамыр, 2020
Руханият • 21 Мамыр, 2020
1960 жыл. Кеңес өкіметі кеңірдегіңе кездік тіреп тұрмаса да ту сыртыңнан сақ көздерін қадап, сұқ саусақтарын шошайтып тұрған алмағайып заман. Егемендіктің елесі де жоқ ескі күндердің бірінде, азаттық аңсары жүрек төрінде атойлаған жас қазақ қою саз балшықты қолаға айналдырып, Алматының шеткері бір шеберханасында ақын тұлғасын алып тұғырға көтере бастады.
Руханият • 06 Мамыр, 2020
Смахан төре айтқан ақын Жошы кім?
Былтыр Арқаның алтын қазығы, ұлт ұясы Ұлытау төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты жаһангер, әйгілі қолбасшы, теңдессіз қаған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін ұлықтау мәселесіне ерекше тоқталып өтті.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Ұлы дала төсіндегі ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан қазақ сахарасы ежелден бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тұтастықтың мызғымас мықты ошағы ретінде киелі. Төрткүл байтаққа байрақ тіккен ұлы тайпаларды тұтастырған сол бірлік салты бізді бүгінгі жарқын заманға жетеледі.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2020
Бидәулет тумысынан кедей адам еді. Бала күнімнен көз алдымда. Шошаңдаған бес ешкісін айқайлап ары қуып, бері қуып кіжінетін де жүретін. Кейін үлкендердің әңгімесінен естуімше арғы аталары да иіні жарып тон кимеген, ауы жарып ат мінбеген адамдар болған секілді.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2020
Жазушы Джером Д.Сэлинджердің соңғы парақтарын қимай-қимай жабуға мәжбүрмін. Былай қарасаңыз әкетіп бара жатқан әйдік сюжеті де жоқ сүреңсіз суреттен қимас дос таба қоюым мүмкін де емес сияқты еді. Бірақ әлдебір аңсар күй сізді шыжымдап, өзінен алысқа жібермей ұстап жатады.
Қоғам • 14 Сәуір, 2020
Елдік пен мемлекетшілдік тұғыры
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үш жыл
Руханият • 14 Сәуір, 2020
Қазақтың қайта өрлеуіне баланып жүрген Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлт болашағының ұстынын айқындап бергендей болды. Аз ғана уақытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Жақсы істер жалғасуда.
Әдебиет • 13 Сәуір, 2020
Бауыржан Ширмедин. Доп (поэма)
Бүгін оқырман назарына жас ақын Бауыржан Ширмединнің "Доп" атты сиясы кеппеген жаңа поэмасын белгілі ақын Светқали Нұржанның алғысөзімен ұсынып отырмыз. Аталған шығарма дауасыз нәубет – тәжтажалдың тырнағына іліккен адамзаттың ауыр халін суреттейді. Оқиға қатерлі індеттің ошағы саналатын Ухан қаласында өрбиді.
Қоғам • 08 Сәуір, 2020
Рас-өтірігін бір Құдайдың өзі біледі, ғалымдардың зерттеуінше адам күніне қолын бетіне бірнеше мың рет апарады екен. Әрине адамзатты алаңдатып отырған ауыр ахуал кезінде мұндай ақпараттардың түр-түрін сіз де оқып-біліп отырған боларсыз. Біздің айтпағымыз, сол мұрныңыз бен көзіңізге қайта-қайта қатынасып жатқан қолдың тазалығы жайлы болғалы отыр.