Руханият • 29 Қазан, 2020
Арқа атырабы әуелден әнге бай, шежіреге шешен, өнерге алтын тұғыр бола білген киелі аймақ. Оның ішінде Арқаға келсең әншімін деме деп, дәстүрлі ән додасында осынау бекзат өнердің шоқтығын тіпті биіктетеміз. Кешегі сал Біржандар салып кеткен сара соқпақ бүгінде үлкен даңғылға ұласқан.
Руханият • 29 Қазан, 2020
Биологиядан білетініміздей, паразит – белгілі бір организмнің, айталық паразиттің екінші бір организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Былайша айтқанда біреудің есебінен біреудің күн көруі. Қазақша айтқанда жатып ішу. Жалпы паразиттердің көптігі сонша, бұлар тірі ағзалардың ішінде де, сыртында да, вирустарда да, бактерияларда да, өсімдіктерде де, жануарларда да, тіпті адамдарда да бар.
Руханият • 27 Қазан, 2020
– Отырыңыз Эллис Бойд Реддинг. Лақап атыңыз – Қызыл. Берілген уақыттың 40 жылын өтепсіз. Қалай ойлайсыз, тәрбиелендіңіз бе? – Тәрбиелену? Ойланып көрейін. Бірақ бұл сөздің не екенін түсінбеймін. – Бұл қоғамға қосылуға дайынсыз ба деген сөз. – Онымен не айтқың келетінін білем, балам. Мен үшін бұл ойдан шығарылған сөз ғана. Саяси сөз. Сенің негізгі сұрағың келетіні – осы ісіме өкінем бе, жоқ па, соны білгің келетін болуы керек.
Өнер • 23 Қазан, 2020
Қылқалам ұшындағы қиял-ғажайып әлем бұл есіммен бұрыннан жақсы таныс деп ойлаймыз. Ал енді былайғы жұрт Бегалин болмысы туралы, оның шығармашылық штрихтары турасында көп біле бермеуі мүмкін. Жалпы, танымалдық талантқа тұсау болмаса керек. Қарағандылық суретші Айбек Кәленұлы Бегалиннің картиналарына үңілген сайын біз осыны аңғарамыз. Суретшілердің шеберлігі турасында айтылған тамаша тәмсіл бар: қатардағы қарапайым суретші бейнелеген аруға сіз қарап тұрасыз, ал ұлы суретшінің ханшайымы сізге қарап тұрады.
Тарих • 19 Қазан, 2020
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – өткенімізді саралап, тарихымызды толық түгендеуге жол ашқан жоспарлы да жүйелі еңбек. Жалпы, қазақ тарихы ежелден ержүрек батыр бабаларымыздың даңқты есімдерімен, соларға жайлы тұрақ болған көне қоныстармен тікелей байланысты баяндалады. Кеңес өкіметі қазақты отарлауда алдымен осы екі құндылықты жоюдан бастады. Ең бірінші Алаштың ру-тайпалары ғасырлар бойы мекендеп келген құтты қоныстардан қазақ ауылдарын ығыстырып, олардың атауларын өзгертсе, кейін тарихта елеулі орны бар қайраткер тұлғалардың есімін бүркемелеуді күшейтті. Сол сұрқай саясаттың зардабын бүгінгі ұрпақ әлі тартып отыр. Көптеген қазақы атау ұмыт болып, ескі де есті сөздер жаңа буынның жадынан мүлде жоғалып барады. Осы ретте орталық Қазақстан өңірі бойынша Арқаның бес қазылығына кіретін Кент қазылығы мен Боқты қазылығының ортасында орналасқан қазіргі Бақты ауылының арғы-бергі тарихына, онда орын алған ірі-ірі тарихи оқиғалар туралы айтқымыз келеді. Көп жұрт бұл Бақтыны Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы ауылмен жиі шатастырады. Айтпағымыз, бұл Бақты ол Бақтыдан өзгерек.
Өнер • 19 Қазан, 2020
«Герника» – әйгілі суретші Пабло Пикассоның атақты кескіндемесі. Автор аталған туындыны 1937 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрменің Испания павильонына арнап, Испания Республикасы үкіметінің өтінішімен салған деседі. Суретке қарап тұрсаңыз ақ-қара түсті кескіндеменің астарында небір тағдырлар мен тарихи оқиғалар, суретшінің азаматтық көзқарасы, жазушының жаны, соғыс пен бейбітшілік шарпысы ашық бейнеленген. Кубизм стилінде жазылған кескіндеменің тақырыбы осыдан сәл бұрын болған Герниканы бомбалау, сонымен қатар Испаниядағы Сәуір революциясы (1931) мен Азамат соғысының (1936-1939) қасіретінен сыр шертеді.
Таным • 14 Қазан, 2020
Алаштың азаттық күресі жолында басын бәйгеге тігіп, тағдырын тар қапастар мен қуғын-сүргіндерде кешірген ерлер аз емес. Алайда сол мехнаттардың барлығын қайыспай арқалаған қайраткер тұлғалар ұлты үшін пида еткен жанын ешкімнен бұлдамай, қиын-қыстау кезеңдердің ортасында жүріп те келешек ұрпаққа өлмес рухани мұраларын қоса тарту етіпті. Бұндай бірегей тұлғалардың қатарында әлбетте ер Мәдидің есімі ерекше аталар еді. Иә, «Сұрасаң Мәди еді, менің атым кем емес, еш адамнан салтанатым!» деген рухы асқақ, мінезі найзағай, көңілі мәрт Мәдидің есімі қазақ тарихының қатпар-қатпар парақтарында бұғауда бұлқынған арыстандай айбарлана естіледі!
Руханият • 14 Қазан, 2020
Қоғам – жекелеген жандардың жиынтығы. Ал енді көпшілік болған соң оның мәселесі қордаланбай тұрмайды. Әлеуметтің әлжуаз халі санасында сәулесі бар кез келген адамды әурелеуі тиіс. Әсіресе аз ғана уақыттың ішінде бірнеше қоғамдық формацияны басынан өткерген кешегі он бес одақтас елде бұл сұрақтар әлі де өзекті. Біз осы ойымызға ресейлік кинорежиссер Юрий Быковтың «Ақымағын» («Дурак») көргеннен кейін тіпті терең үңілдік.
Таным • 13 Қазан, 2020
Бізде осы күні не жымиғаны, не жылағаны белгісіз бір бет-бейнелер пайда болған. Былайша айтқанда эмоциясы екі бетінен ешқашан білінбейтін типтерді жиі кездестіреміз. Бірте-бірте күлмейтін кісілер көбейіп келе жатқандай. Жалпы, жалпылдап күле беру жақсы әдет емес. Қазақ оны «Әйелдің қары, еркектің қоры күлегеш» деп кесіп айтып қойыпты. Дегенмен, біздің бұл күлкіміз басқа күлкі. Тіпті, күлкі деуге келе ме? Күлкі дегеннен гөрі қоғамдағы, өнердегі, әдебиеттегі, мәдениеттегі көңіл күй дегенге көп келіңкірейтін сияқты.
Театр • 01 Қыркүйек, 2020
Балетті бекзат өнер дейтініміз де сол шығар, оның көрермендері көп емес. Алайда бұл ақсүйек мамандықтың бәсі басқалардан төмен дегенді білдірмейді. Мәдениеті мыңжылдықтармен тамырлас батыс елдерінде балетке бару үлкен рухани демалысқа баланады. Нарықтық экономикадан рухани жаңғыруға жаңа бет алған бізде балет театрына билет алу енді-енді қалыптасып келе жатыр.