Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
149 материал табылды

Руханият • 31 Тамыз, 2020

«58»-дің елесі (Диптих)

Сармантайдың Ахметжаны Үштіктің үрейлі шешімі қысқа ғана оқылды да бір жендеттің сұқ саусағы шүріппеге шүйліге жай­ғасты. Екінші жендет қу тақтайдың шанағын қойтасқа ызалана ұрды. Бұйрық орындалды. Қағаз толтырылды. Бұл қылықтарын өздері де байқамауы мүмкін, алайда сол сәтте екі жендет бір-бірінің көз­де­­­ріне тік қарай алмаған еді. Қа­ра­­ма­ды. Тіпті қарауға қорқатын да еді. Жансыз мүрде көк шалғынға етпеттей құлап келе жатты.

Таным • 31 Тамыз, 2020

Шукшин шешімі

Адам өмірі иір-қиыр, бұралаң, шұбалаң ұзақ-ұзақ жолдардан тұрады. Барлық адамның өмірі ұзақ жолдан тұрмайды деп қарсы дау айтуға да болар еді. Егор үшін бұл жол ешқашан таусылмайтын, ешқашан жетіп болмайтын түбі жоқ тоннел. Егор қайда бара жатыр, Егор қайдан келе жатыр? Мәселенің барлығы осы жерден басталады. Расул Ғамзатов көкеміздің мына бір ғибратты ғақлиясы осындайда еске түседі. «Қайда бара жатқаныңды емес, қайдан шыққаныңды ұмытпа».

Қоғам • 28 Тамыз, 2020

Нұрғиса күйлерінің керуені

Қазақ руханияты талантты өнер иелерінен ешқашан кенде болған емес. Сондай тұлғаның бірі – әрине Нұр­ғиса Тілендиев болатын.

Кино • 28 Тамыз, 2020

Авто-кинотеатр ашылды

Коронавирус пандемиясы кино саласына едәуір соққы жа­сағаны анық. Елімізден бөлек, әлем бойынша қаншама кино­театрлар қаңырап, өз көрермендерін әлі де сарыла күтуде.

Пікір • 21 Тамыз, 2020

Көзқарас

Біз кейде көп нәрсенің байыбына бармай жатып шорт кесіп, шолақ ойлап, шоқ басып жатамыз. Көзің жетіп тұрған дүниенің өзіне қайта бір айналып келіп  қараудың, араға уақыт салып айтар ойыңның астарына тағы бір мәрте үңіліп көрудің ешқашан артықтығы болған емес.  Шындық үшін шайқаста, ақиқат үшін арпалыста ойың ұшқары, сөзің ұшқалақ болмауы үшін де байсалды байлам айтатын бай мінез және қажет. Мұны ұлт серкесі Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп бір ауыз сөзбен тамаша түйіндеген.

Руханият • 14 Тамыз, 2020

Вальс королі

Оның әндері – әр қазақтың жүрек төрінде мәңгілік салтанат құратын ғұмырлы әуендер! Ол – ән арқылы Отанына қорған болған қайраткер. Ол – өнер арқылы ұлтты тұтастырғысы келген бірегей тұлға!

Руханият • 13 Тамыз, 2020

Онлайн-сөреде – ойлы кітаптар

Жуырда қазақ тіліндегі сапалы кітап­тарды сататын akel.kz интернет-дүкен­нің қызметі іске қосылды. Жазушы, кәсіпкер Арман Әлменбеттің төл жобасы тек қазақтілді аудиторияны қамтуымен ерекше деуге болады. Ең қолайлысы, үйде отырып аталған сайт арқылы қалаған кітабыңызға тапсырыс берсеңіз, кітап үйіңізге өз аяғымен келеді.

Абай • 10 Тамыз, 2020

Қазақтың рухани құбыласы

Бұл Ұлы дала төсінде төрткүл дү­ние­ге сауын айтып, Алты сан Алаш­тан ала­қай­лап сүйінші сұрайтын, ұлты­мыз­дың да­ра келбеті, ұлы ойшылы, хакім Абай ру­хын асқақтата көрсететін қайыр­лы күн!

Руханият • 07 Тамыз, 2020

«Сау болайық!» сақтыққа шақырады

«Қазақстан» телерадиокорпора­циясы коронавируспен күресудің жолдарын түсіндіретін тағы бір бағ­дарламаны эфирге шығар­ды. Корпорация құрамын­дағы «Balapan» телеарнасынан ба­ла­ларға арналған «Сау болайық!» жаңа жобасы көрсетіле бастады.

Руханият • 06 Тамыз, 2020

Әзіл әдебі

Бірде қазақ радиосын қосып қалып едік, сатира сардары Көпен аға күлдіріп әңгімесін аяқтап жатыр: «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім». Дәл айтылған диагноз деп қалдық. Кө­пе­кең бұл жерде жалпы адамзаттық күл­кі турасында емес, қазақ әзілінің қазір­гі әдебі тұрғысында ой түйіндегеніне еш күмә­німіз жоқ. Сатирик сөзінен аңда­ғаны­мыздай, жымиып қана күлетін қазақ жүзін­дегі әдемі күлкі бүгінде бос ыржыңға айналған.