Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
149 материал табылды

Руханият • 16 Маусым, 2020

Алтын көпір

Өнердің тәттісін таңдайында тамылжытып, ащысын маңдайында моншақтатқан өнерпаз тұлғалар аз емес. Қазақтың ән рухын жаңа белеске көтеріп, кешегінің қамбасында қалған қазынаны келешектің кәдесіне жаратқан жүйріктің бірі – жезтаңдай Жүсіпбек еді. Елебековтер еңсеріп өткен жол – қазақтың адаспас ескі сүрлеуі сияқты бағыты айқын, келешегі кемел, мұраты биік соқпақ. Әдебиетте Абайдың жолы десек, әнде Жүсекеңдер салған дара даңғыл әлі күнге дейін қазақ әнін қызғыш құстай қорғап, қанатының астында қамқорлығын аямай келеді.

Әдебиет • 10 Маусым, 2020

«Сақ-сақ» күлген сырнай

Сақ-сақ күлкі сахнаны кө­міп кетті. Өзімізге өте жақын, атадан балаға мирас төл күлкі, кең сахараны еркін жайлаған көшпелі жұрттың кешегі азат күл­кісі, өнерге жөргегінен жарып туған текті ұлыстың табиғи таза күлкісі.

Руханият • 09 Маусым, 2020

Із

Ақын Жарасқан Әбдіраштың тұңғы­шы Рүстемге арнаған «Портфель» деген өлеңін жақсы білеміз. «Жатқызды қыртыс, қырымды, Жылжыған жылдар өтектеп... Мектепке тұңғыш ұлымды, Келемін үнсіз жетектеп» деп бас­та­латын тағылымды тамаша жырды тол­қымай оқу мүмкін емес. Әрбір сөзі әкелік өсиетке толы әдемі шығарманы зерделеп отырып өзіңнің де әке қолынан ұстап білім ордасына бара жатқан кешегі бала бейнең көз алдыңа келе қалады.  

Руханият • 08 Маусым, 2020

Ала қап ішінде аунаған сарын

Мүгүлсім тезек теруге жиналды. Жиналғаны несі деп жиырыла қалған боларсыз. Оның бұл іске біржола бет алуының астарында аяусыз тағдыр, алмағайып заман, аласапыран зұлмат, бір сөзбен айтқанда ұлық ұлыс қазақтың тұтас трагедиясы жатқанын сол кезде ешкім білген жоқ. Оның сол кезде арқасынан ала қаптың ішінде қаз мойын қызыл домбыра жатқанын да ешкім аңғармады.

Әдебиет • 03 Маусым, 2020

Мың қырлы Манарбек

«Аянбаймын халқымнан, Айны­маймын қалпымнан, Шегінбеймін күн сайын, Жүз мың вагон тартудан» деп рельстің сарт-сұрт дауысымен ас­таса, алып даланы басына көшіріп бара жатқан «Паровоз» Манекеңнің өз ауылы Ақтоғайға бармапты. Міне, пара­докс.

Әдебиет • 03 Маусым, 2020

«Мына мені бір күні еске түсіріп...»

«Мына мені бір күні еске түсіріп, Жылайсыңдар, тағдырымды түсініп. Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде, Алып кетті қанатына құс іліп!». 1995 жыл. Осы өлеңді жазып жатқанда ақын небәрі 36-ақ жаста еді. Мазасыз маусым сол жылы сараң кейіп танытып алған болатын. Дүние қуаң тартып, ерте сарғайған аңызды атырап ақын жанына сая болардай емес. Көшпелі жұрт көктің ерте солғанын жақсы ырымға баламайды. Жақсылыққа көрінсе деп еді.  «Сарыжайлау» күйіне тербелген сағым қыр да сананы сарсаңға салып біткен. Әдепкі «Сарыжайлауға» ұқсамайды. Қайғылы, қамырықты, терең... Қайран Тәттекең (Тәттімбет) осы белді, осы күйді кешпеді деймісің... Мәңгілік сапарға аттанып кеткен ақынның жазу үстелінде періштенің қанатынан сусып түскен қауырсындардай жайрап жатқан қағаздар қатталып та үлгермеді... Дүние тым-тырыс. Ештеңе болмағандай. Ешкімін жоғалтпағандай.  

Қоғам • 01 Маусым, 2020

«Balapannan» базарлық

Бүгіннен бастап бүлдіршіндер «Balapannyń» YouTube каналынан шетелдік мультсериалдарды қазақ тілінде көре алады.

Өнер • 01 Маусым, 2020

Жетім бұрыштағы жеті нота

Домбыра Дойыр қамшы­сымен домбыраны қағып жіберді. Қа­сиетті тоғыз перненің үк­ілі басына жуан өрім сарт ете түсті... Ақ­қудың қанатына сабақ­талған салтанатты ән сап тыйылды. Әбес қылыққа пұшайман қошеметшіл алқа сілтідей тынған. Ұзаққа созылған ұғынықсыз үнсіздікпен бірге асқақтаған дауыс аулаққа сіңіп жоқ болды.  

Руханият • 28 Мамыр, 2020

Жаңа форматтағы жыр кеші

Жуырда Ш.Есенов атындағы КМТИУ және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кешке ақынның қызы ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова қатысып, естеліктерімен бөлісті. Белгілі актер Б.Есенәлиев ақын өлеңдерін оқыды, танымал әншілер С.Жанпейісова, Г.Сарина, Ә.Бекарыстанов, Ә.Өміров, А.Көшеров ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Алпысбай Тамаев, Нөкіс университетінің оқытушысы Ә.Найзабаев Төлеген шығармашылығына ғылыми талдау жасады. Ш.Есенов атындағы КМТИУ докторанты Б.Жайлау арнау өлең оқыды. Кеш соңында студент-жастар Т.Айбергенов өлеңдерінен көркем сөз оқыды. Тікелей эфирде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғылым мен мәдениет саласы өкілдері қатысып, әсерлерімен бөлісіп отырды.

Руханият • 25 Мамыр, 2020

Жігіттің жақсысы

Қазақтың түйіп айтқан әр сөзінің түбінде қатпар-қатпар қазына жатады. Ұлы даланың төсінде емін-еркін көшіп-қонып, мыңдаған жылдар бойы мағыналы ғұмыр кешкен қазақ баласы өзінің жүріп өткен өмір жолын тобықтай ғана сөзбен түйіндеп отырған. Сондай салмақты сөздердің бірі нағашы турасында айтылған.  Нақты нақылдан небір ұлағатты ой қорытуға болады.