Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Қоғам • 26 Мамыр, 2021

Әлеуметтік желінің әлегі

Бүгінде әлеуметтік желіден туындап жатқан әлек аз емес. Әлеуметтік желі желі емес, желім болып тұр. Жаман әдет жабысқыш келеді емес пе? Батыстың қаңсығын балаларымыз таңсық көретіні сонша, жылтыраққа жапа-тармағай жабыса кетеді. Бұрын ерсі қылық істеген адам жазаланатын еді, қазір жарнамаланатын болды. Бақсақ, осы күні хайп деп, пранк деп, ар мен ұяттан емін-еркін аттай беретіндердің аты озып тұр екен.

Өнер • 17 Мамыр, 2021

Мейірім екен ғой

Сұм соғыстан адам санасына түскен тыртықтар аз емес. Әсіресе миллиондаған тағдырларды тас-талқан еткен Екінші дүниежүзілік қырғынның адамзатқа тигізген қыруар залалын айтып тауысу мүмкін емес. Бірақ біз соғыс дегенде тек бірыңғай қатыгездікті елестетіп кетпеуіміз де керек сияқты. Кейде қаулап жанған қызыл өрттің ішінен де ізгілік іздерін көруге болады. Суретші Шавкат Гафуровтың «Қырық бесте гүлдеген алмалар» («Яблоки 1945-го») атты картинасы бізді осы ойға жетелеп әкетті...

Өнер • 05 Мамыр, 2021

Елігіңіз елеңдейді, Есаға...

Қазақ әнінің қайнарындай, иірімі терең сыршыл да сырбаз әндерімен халықтың жүрек төрінен мәңгілік орын алған бірегей сазгер, біртуар тұлға Ескендір аға Хасанғалиевті алаш баласы ешқашан ұмытпайтынына біз кәміл сенер едік. Басқа әндерін айтпағанның өзінде жалғыз-ақ «Атамекенімен» бүкіл қазақ даласын бесік-жүрегіне бөлеген дегдардың аты шынымен көзі тірісінің өзінде аңыз еді.

Тарих • 29 Сәуір, 2021

Қазаққа тән ірілік

Ұлы сахараның кең төсін мыңдаған жыл бойы мекен етіп, дала заңымен даңқты ұлыс атанған қазақ халқы ежелден ерекше жаратылған жұрт. Оның ерекшелігі тек тілінде, дінінде я болмаса тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпында ғана емес, ең алдымен оның ғасырлар бойы қалыптасқан ерекше ұлттық мінезінде деуге болады.

Өнер • 20 Сәуір, 2021

Тамиланың тартуы

Қырғыз бен қазақ ежелден ауылы аралас, қойы қоралас, қатар қонған қанаттас ел еді.

Руханият • 04 Сәуір, 2021

Оруэллдық образдар немесе арғымақтардың ақыры

Қай дәуір болмасын тоталитарлық жүйесіз, оның темірдей қатты тырнақшаның ішіндегі «тәртібінсіз», теперішінсіз өтпепті. Мұны тіпті адамзат жаралғалы бергі тарихтан тамыр тарта отырып тарқата айтуға болады.  Қоғамның барлық саласы биліктің бақылауына өтіп, адам бостандығы мен конституциялық құқықтар аяққа тапталған жерден бастап тоталитарлық жүйенің тар қамыты момын халықтың мойынына кигізіледі.  Еркін идеялар мен оппозициялық озат ойлар саяси қуғын-сүргінге ұшырай бастайды.

Тарих • 26 Наурыз, 2021

Елді елең еткізген екі сурет

Қазағым деп қан жұтып, жағасы жау қолында кеткен асыл тұл­ғаларымыз аз емес. Десек те, қызыл империяның қан сүмек­теген қы­лышынан қаймықпай, Алаш мұраты жолында ғазиз жанын пида еткен ұлт зиялысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның орны алабөтен.

Руханият • 20 Наурыз, 2021

Алаң да алаң, алаң жұрт

Ұлы сахараны мыңдаған жылдар бойы мекен еткен көшпелі түркі тайпаларының ішіндегі қазақ ұлысы ұлт ретінде болмыс-бітімі, таным-түйсігі, салт-дәстүрі, тілі, ділі ерекше жаратылған жұрт. Өмір ырғағын қоршаған орта, Табиғат-Анамен айрықша сабақтастыра білген дала халқы осы күнге дейін өз дүниетанымын бұзбай келгенінде айрықша мән бар. Бір ғана емес, бірнеше озық мәдениет пен бай өркениетті өне бойына өнегемен біріктіре білген Алаш баласы әлем халықтары алдында көп ерекшелігімен дара.

Руханият • 11 Наурыз, 2021

Шығармашылық шекарасы

Біз көбіне шығармашылықта шекара жоқ деп айтып жатамыз. Алайда қасиетті өнерде мәңгілік ұлы шекара барын көбіміз мойындағымыз келмейді. Ол шекара және сіз бен біз ерсілі-қарсылы кіріп-шығып жүре беретін иесіз есік я болмаса қараусыз қақпа емес, тек жанкешті нағыз дарын, өмірін өнерге көзсіз құрбан еткен тума талант ғана аттай алатын ай­рықша асу, биіктігіне кез келген адам­ның білім-парасаты жете бермейтін бөлек белес.

Руханият • 09 Наурыз, 2021

Сүйінбике

Қарт Қазанның бір қақпасын тіреп тұрған қызыл керіш қыз мұнара, жерден жеті-ақ күнде зәулім көкке тік шаншылған елу сегіз метрлік еңселі ескерткіш уақыт жадынан ешқашан өшпек емес. Әрине, шымқай шатырын шақырайған күн жеп, іргетасын мүк мұжып, есік-терезесін Еділді етпеттей соққан есер жел жұлқылап тұрған зәулім ғимарат кәрі заманалармен бірге әйтеуір бір тозатыны хақ. Алайда сол мұнараның атын асқақтатқан аңыз арудың ерлік рухын, текті перизаттың адамзаттан асқан сұлу келбетін, азаттық үшін жанын пида еткен аянышты ауыр тағдырын ұрпақ санасынан ешкім өшіре алмас еді.