Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Жаңа зауытта полипропилен өндіріледі
Атырауда жаңа зауыттың іске қосылатын уақыты таяп келеді. Бұл – полипропилен шығаратын зауыт. Оның негізгі құрылысы былтыр желтоқсан айында аяқталған. Мұнда бастапқы кезеңде машина жасау, медицина, тұрмыстық техника мен құбырлар өндірісінде жиі қолданылатын полипропиленнің 11 түрін шығару көзделген. Кейін өнім түрі 65-ке дейін көбейеді.
Қоғам • 18 Шілде, 2022
Атырау жемқорлардан қашан арылады?
Қоғамның наразылығын тудырып отырған мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Әсіресе облыстық әкімдікте жоғары лауазымды қызмет атқарған үлкенді-кішілі шенеуніктердің осынау «дертке» шалдығуы тоқтар емес. Тіпті жемқорлық дерегімен сотталған бұрынғы әріптестерінің теріс әрекетінен сабақ алмағандар әлі де осы қылмысқа бейімдігін көрсетіп отыр.
Аймақтар • 18 Шілде, 2022
Мыңнан астам қой өртеніп кетті
Құрманғазы ауданындағы «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС иелігіндегі бір мыңнан аса қой дала өртінің құрбанына айналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Айтқалиевтың айтуынша, жалын ортасында еділбай тұқымды 619 саулық, 414 қозы қалғаны анықталған. Ауладағы 516 қой, 1 інген, 1 бота түгі қалмай өртеніп кеткен. Тағы 13 қой жоғалған.
Қоғам • 18 Шілде, 2022
Өңірде жол апаты көбейіп барады. Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың дерегіне сүйенсек, биыл жол-көлік оқиғасы 21,4, қаза болғандар 60, дене жарақатын алғандар саны 11,8 пайызға өскен. Алты айда 153 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 40 адам қаза тауып, 189 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Аймақтар • 15 Шілде, 2022
Оқырман залына айналған саябақ
Мұнайлы шаһар тұрғындарының көбірек серуендейтін орны – Жайық өзенінің жағалауы. Облыстық балалар кітапханасының ұжымы өзен жағалауындағы жастар саябағын оқырман залына айналдырды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2022
Балық аулаудың да өзіндік қызығы көп. Балықшылар қармағына алып балық түскенін қалайды. Алайда бұл – ілуде бір кездесетін жайт.
Аймақтар • 13 Шілде, 2022
Құбырмен бірге үзілген қос тағдыр
«Теңіз» – Атырау облысындағы көмірсутекті шикізаты мол ең ірі кеніштің бірі. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан шамамен 150 шақырымдай қашықта орналасқан. Кен орны іске қосылғаннан бері халықаралық маңызға ие бірнеше жоба іске асырылды. Ал қазір келешек кеңею және ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының құрылысы жүріп жатыр.
Қоғам • 12 Шілде, 2022
Халықты толғандырған мәселелер бар
Толғауы тоқсан тіршіліктің қиындығы таусылған ба? Жергілікті билік тарапынан әлеуметтік мәселесі оң шешім таппағандар Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрайды. Сондай жандар Атырауда да бар. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қоғамдық қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана алу қиындығын алға тартты.
Қоғам • 10 Шілде, 2022
Атырауда да құрбан малын шалуға ниет еткендер қатары аз емес. Алайда Құрбан айттың алғашқы күні базардағы мал бағасы қымбаттап шыға келді.
Қоғам • 07 Шілде, 2022
Каспий теңізінің үстінде қос қанатын сабалап, шарқ ұратын шағала тосын індетке ұшыраған секілді. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаровтың айтуынша, «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының өкілдері 19 маусымда шағаланың жаппай қырылғаны жөнінде жедел хабар берген. Кен орнындағы DS-04 және DS-01 жасанды аралында 2 750 қара шұбар тұқымды шағала қырылған.