Референдум • 27 Мамыр, 2022
Елдің тыныс-тіршілігіне де, қоғам тынысына да өзгеріс әкелетін республикалық референдум өтетін күн жақындаған сайын Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістің маңызы арта түсті. Осыған орай айтылып жатқан сан алуан пікір тоғысында шек жоқ. Ата Заңдағы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау өңірлік кеңесінде де талқыланды.
Қоғам • 26 Мамыр, 2022
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Атырауда алғашқылардың қатарында Асхат Ищанов жеңілдетілген автонесиемен жаңа көліктің иесі атанды. Ол Атыраудағы банк филиалында менеджер болып жұмыс істейді. Бағдарлама іске қосылған күні Еуразиялық банкке өтініш берген.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2022
Атыраулық Илона Ким екі мамандықты меңгерген. Бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, екіншісі – туризм менеджері. Шетелдік компанияда 12 жылдық еңбек өтілі бар. Алайда аңсары қолөнерге ауған шебер шайырдан түрлі бұйым жасап жүр.
Референдум • 22 Мамыр, 2022
Жастар қалауы – жарқын келешек
Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жастарды да қызықтырып отыр. Өйткені елдің ертеңіне елеңдеп, адал қызмет етуді мақсат еткен отаншыл жастардың қалауы – жарқын келешек.
Референдум • 18 Мамыр, 2022
Қоғамның дамуын тежемей, ұдайы дем беріп отыру – биліктің де, бұқараның да міндеті. Тіпті мұны өркендеудің өзегіне айналар өзгеріске баласа да болады. Еліміздегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың бастауына айналар өзгеріс Конституцияға енгізілетін толықтырудан тін тартқалы отыр.
Референдум • 16 Мамыр, 2022
Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі Гүлзада Шакуликованың айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар саяси реформаларды жеделдетеді. Өйткені тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетте өз орнын айшықтаған мемлекетімізді одан әрі демократиялық жолмен өркендету үшін бұрынғы құқықтық жүйені заман талабына сай жаңартудың маңызы зор.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2022
Қазақтың қайсар қызының бірі – «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанова. Оралдағы мектепте оқып жүргенде-ақ аэроклубтағы курста тәлім алады. Осылайша, ұшақ штурвалын меңгеруді аңсаған қазақ қызы 1940 жылы Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе ұшқыштарын кәсіби тұрғыда оқытатын жоғары білім ордасына түспек болады. Алайда оқу орнының басшылары мұнда тек ерлерге жол ашық екенін желеу етіп, қазақ қызын кеудесінен кері итереді.
Экология • 05 Мамыр, 2022
Атыраудың су айдындарында жыл сайын балық қырылу дерегі қайталанады. Соңғы бір аптада мұндай тосын жайт екі рет тіркеліп отыр.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2022
Жұмыртқадан жүн қырыққандай, пайда табудың түрлі амалы бар. Атырауда 35 жастағы ер адамның брондалған әскери техниканы заңсыз сатпақ болғаны анықталып отыр.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2022
Көпбалалы отбасына көмек берілді
Қазақтың қолдаушысы да, қамқоршысы да – қазақ. Есте жоқ ескі заманнан бері жесірін де, жетімін де жылатпаған халықтың бүгінгі ұрпағы сол үрдісті жалғастырып келеді.