Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
357 материал табылды

Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023

Есірткіге қарсы инновациялық әдістер

Нашақорлыққа қарсы күрестің инновациялық әдістерін «Аmanat Tech» қатысушылары әзірледі. 16-35 жас аралығындағы 80-нен астам қатысушы «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында есірткінің таралуына қарсы күрестің инновациялық тәсілдерін ұсынды.

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023

49 жастағы студент

49 жастағы Нұрбай Матсалаев қазір автосервисте жұмыс істейді. Биыл көптен бері ішке бүккен арманын жүзеге асырып, қайтадан студент боламын деп шешкен. Сөйтіп, Ақтөбедегі Heriot-Watt University-ға оқуға түсіпті.

Мектеп • 13 Желтоқсан, 2023

Мектепте – ұлттық тағам

Өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектептегі тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамның бірі. Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» қанатқақты жобасын жүзеге асырып келеді.

Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023

Жер алу жеңілдеді

Жерге қолы жетпей қиналып жүрген қаншама жан бар. Қолы жетпек түгіл, жолын білмей жүргендер де біршама. Қағазбастылық пен әкімдік есігін тозды­ру­ халықтың ығырын шығарып, мемлекеттің де жұмысын ауырлатты десек, өті­рік емес. Бұл біздегі жер қатынастары жүйесінің күрделілігін көрсетеді. Енді аталған мәселені жолға қоятын шешім бір жүйеге түсті. Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық қажетті ақпа­рат­ты бір платформаға жинақтап, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын енгізді. Аталған үдеріс еліміздің 89 қаласында жүріп жатыр.

Технология • 10 Желтоқсан, 2023

Илонның интернеті

Еліміздегі шалғай ауылдардың көбінде интернет байланысы нашар екенін көз көріп, құлақ естіп жүр. Бұл мәселені отандық операторлар шешер деген үміт те үзілуге шақ. Ақыры мемлекет Илон Масктің SpaceX компаниясына жүгініп, Starlink интернетіне иек артты.

Білім • 07 Желтоқсан, 2023

Кәсіптік білімнің жай-күйі

Дамыған елдердің кәсіптік, техника­лық білім беру сапасына баса назар аударатынын көріп жүрміз. Ал біздің елде орта кәсіптік білім «төменгі санат­қа жатады» деген түсініктің бары өтірік емес. Сөйте тұра 531 мың сту­дент колледжде оқи­ды. Бұл парадокс еңбек нарығына аса қажетті маман­дарды даярлауға ке­­дер­гі келтіреді. Өз ішіне өзі бұйыға түс­­кен техникалық және кәсіптік білім бе­ру ұйымдарының жай-күйін қаузап көрдік.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Ономастика көшбасшысы

Қазақ ономастикасының көшбасшысы, танымал тілші-ғалым Телқожа Жанұзақ жеке кітапханасын Л.Н.Гумилев атындағы Еура­­зия ұлттық университетіне тарту етті. Осы мерейлі істің қар­­са­ңын­да «Отырар» кітапханасында «Телқожа Жан­ұзақ атындағы Ономастикалық қордың» тұсаукесер рәсімі өтті.

Ғылым • 20 Қараша, 2023

Отандық ғалым балалардағы ауыр генетикалық аурудың себебін анықтады

Халықаралық ғалымдар тобы ACBD6 геніндегі ауытқулар мен балалардағы ми қызметіне қатты әсер ететін бұрыннан белгісіз моногендік аурудың дамуы арасындағы байланысты анықтаған болатын. Көпжылдық зерттеу неврологиялық аурулар саласындағы маңызды ғылыми жаңалық ашты.

Өндіріс • 19 Қараша, 2023

Кәбіл экспортының алғашқы легі

Елімізде фотоэлектр жүйелеріне арналған кәбілдердің алғашқы өндірісі оң жолға қойылды. Радиациялық модификацияланған оқшаулауы бар инновациялық өнімнің жаңа желісін сатып алуға Өзбекстанмен келісімшарт жасалды. Күн батареяларының құрылысына арналған отандық кәбілдік-өткізгіштің алғашқы легін көрші елге жеткізіп те үлгердік.

Маман • 16 Қараша, 2023

Әлемдік нарықтағы қазақ IT мамандары

Жаһандық экономикадағы ең жылдам дамып келе жатқан сала – IT-индустрия. Сарапшылардың пікірінше, биыл әлемдік IT-на­рықтың көлемі 4,5 трлн дол­лар­ға жетеді. Өркениет өріс алған бұл саладан отандық IT мамандар да ойып тұрып орын алып жатыр.