Хоккей • 05 Қараша, 2023
«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді.
Теннис • 02 Қараша, 2023
Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Олимпиада • 02 Қараша, 2023
Константин Малиновский нысана көздеуден Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды.
Футбол • 02 Қараша, 2023
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) басшысы Джанни Инфантино өзінің әлеуметтік желісінде футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетінін жазды.
Футбол • 31 Қазан, 2023
Месси тағы да «Алтын доп» иегері
Лионел Месси кезекті рет әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Салтанатты іс-шара Францияның Париж қаласында өтті.
Олимпиада • 31 Қазан, 2023
22 қазан – 2 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында спорттық оқ атудан Олимпиадаға жолдама үлестіретін Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Теннис • 31 Қазан, 2023
Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады.
Олимпиада • 11 Қазан, 2023
Азиададағы сәтсіздік: Олимпиададағы жеңістің бастауы болғай
Білетінімізден білмейтініміз көп-ақ. Дүбірлі дода кезінде күллі қазақ сарапшы болып кетеді. Кейбіріне бәрекелді деп отырасың. Кей пікір жағаңды ұстатады. Әрине, пікір алуандығы – қоғамдық ойды қозғап, дамуға серпіліс беретін фактор. Десек те, пікірдің де «естісі бар, есері бар». Әлеуметтік желідегі пікірлерге ілесе беретін болсақ, ауызбіршілігіміз адыра қалып, бұқаралық спортты дамыту арқылы ұлтымыздың денсаулығын жақсартуымыз, спорт саңлақтарының жаңа буынын тәрбиелеп шығаруымыз екіталай.
Спорт • 09 Қазан, 2023
Қазақтың абыройын асқақтатқандар
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың өр ұрпағы бүгінде атажұртта ғана емес, әлемдік спорт ареналарында да жиі-жиі атойлай бастады. Әсіресе бокс әлемінде Бөлтекұлының ізін басқан даңқты ұлдар жетіп артылады. Ташкентте өткен әлем чемпионатында осыны байқағанбыз.
Спорт • 09 Қазан, 2023
Қытайдың Ханчжоу төрінде дүбірлеп өткен ХІХ жазғы Азия ойындары кеше өз мәресіне жетті. 17 күн бойы 45 мемлекеттің 11 мыңға жуық спортшысы бақ сынаған додада ел құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль жеңіп, бейресми жалпыкомандалық есепте 11-орынды иеленді. Ал медальдар саны жөнінен үздік бестіктің қатарына енді. Азия ойындары басталар алдында мамандар алтын алады деп, 25-30 спортшыға сенім артқан еді. Солардың тек 10-ы ғана биік тұғырдан көрініп, еліміздің әнұранын шырқатты. Біз бүгін ел абыройын асқақтатқан чемпиондарды оқырман қауымға кеңірек таныстырғанды жөн көрдік.