Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
50 материал табылды

Футбол • 02 Қараша, 2023

Әлем чемпионатын қабылдайды

Халықаралық футбол феде­ра­ция­сының (FIFA) басшысы Джанни Инфантино өзінің әлеуметтік же­лісінде футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетінін жазды.

Футбол • 31 Қазан, 2023

Месси тағы да «Алтын доп» иегері

Лионел Месси кезекті рет әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Сал­танатты іс-шара Францияның Париж қаласында өтті.

Олимпиада • 31 Қазан, 2023

Олимпиадаға жолдама алды

22 қазан – 2 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қала­сында спорттық оқ атудан Олим­пиадаға жолдама үлестіретін Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Теннис • 31 Қазан, 2023

Турнирді жеңіспен бастады

Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұ­қаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Олимпиада • 11 Қазан, 2023

Азиададағы сәтсіздік: Олимпиададағы жеңістің бастауы болғай

Білетіні­­міз­ден білмейтініміз көп-ақ. Дүбірлі дода кезінде күллі қазақ сарапшы болып кетеді. Кейбіріне бәрекелді деп отырасың. Кей пікір жағаңды ұстатады. Әрине, пікір алуандығы – қоғамдық ойды қозғап, дамуға серпіліс беретін фактор. Десек те, пікірдің де «естісі бар, есері бар». Әлеу­­меттік желідегі пікірлерге ілесе бе­ретін болсақ, ауызбіршілігіміз адыра қа­лып, бұқаралық спортты дамыту ар­қылы ұлтымыздың денсаулығын жақ­сар­туымыз, спорт саңлақтарының жаңа буынын тәрбиелеп шығаруымыз екіталай.

Спорт • 09 Қазан, 2023

Қазақтың абыройын асқақтатқандар

Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың өр ұрпағы бүгінде атажұртта ғана емес, әлемдік спорт ареналарында да жиі-жиі атойлай бастады. Әсіресе бокс әлемінде Бөлтекұлының ізін басқан даңқты ұлдар жетіп артылады. Ташкентте өткен әлем чемпионатында осыны байқағанбыз.

Спорт • 09 Қазан, 2023

Әнұранды шырқатқан саңлақтар

Қытайдың Ханчжоу төрінде дүбірлеп өткен ХІХ жазғы Азия ойындары кеше өз мәресіне жетті. 17 күн бойы 45 мемлекеттің 11 мыңға жуық спортшысы бақ сынаған додада ел құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль жеңіп, бейресми жалпыкомандалық есепте 11-орынды иеленді. Ал медальдар саны жөнінен үздік бестіктің қатарына енді. Азия ойындары басталар алдында мамандар алтын алады деп, 25-30 спортшыға сенім артқан еді. Солардың тек 10-ы ғана биік тұғырдан көрініп, еліміздің әнұранын шырқатты. Біз бүгін ел абыройын асқақтатқан чемпиондарды оқырман қауымға кеңірек таныстырғанды жөн көрдік.

Олимпиада • 06 Қазан, 2023

Ханчжоу: Бір күнде 3 алтын

Бейсенбі ел спортшылары үшін сәтті күндердің бірі болды. Осыған дейін Ханчжоудағы сайыстарда жерлестеріміз бір күнде 3 алтын жеңіп көрмеген еді. Ал кеше Әнұранымыз 3 мәрте Қытай төрінде шырқалды. Алтын медаль бұдан да көп болар ма еді, егер де чемпиондардан бөлек финалға шыққан каратэшілер мен боксшыларымыз жеңіске жеткенде. Жалпы, кеше Қазақстан қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль түсті.

Олимпиада • 05 Қазан, 2023

Ондықтың ауылы алыстап кетті

Бүгінде көптің көкейінде «Алтын саны қанша болады?» деген сауалдың жүргені анық. Ол заңды да. Себебі 2018 жылы Жакар­тада өткен Азия ойындарында ел спортшылары ­15 алтын медаль жеңіп алған еді. Сол медальдың ­өзі Қазақстанды бейресми жалпыкоманда­лық ­есепте 9-орынға бір-ақ сырғытқан-ды. Ханч­жоуға аттанар алдында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мақсатымыз ­бес жыл бұрынғы Азия ойындарынан жоғары нәтиже көрсету деген еді. Бүгінде ­15 алтын алмайтынымыз белгілі болды. Бірақ кімдерге үміт артуға болады, ­деген сауалға жауап іздеп көрелік.

Олимпиада • 04 Қазан, 2023

Әнұранды бесінші рет шырқатқан жүйрік

Кеше бокссүйер қауым үшін ауыр күн болды. Азия ойындарындағы Қазақстан боксшыларына деген төрешілердің шешімі күмән туғызды. Бұл додада Асланбек Шымбергеновтің жеребесі тым ауыр түсті. Алғашқы жекпе-жекте жергілікті боксшымен кездесті. Екінші жекпе-жегінде әлем чемпионы өзбек боксшысын үш рет нокдаун ашып жеңіске жетті. Енді міне, тағы бір әлем чемпионы жапондық Сэвон Оказавамен арадағы айқасына алып-қосарымыз өте көп. Төрешілер біздің боксшыларымызға қиянат жасап, бұра тартудан тайынар емес... ...Ал журналистер арасында «Алтын бала» деп атанып кеткен велошабандозымыз Алексей Луценко Азиадада үздік нәтиже көрсетіп, қоржынымызға бесінші алтынды салды.