Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
399 материал табылды

Аймақтар • 24 Тамыз, 2022

«ЕРГ Ресайклинг» компаниясы қаланы қоқыстан тазартады

«ЕРГ Ресайклинг» ЖШС 2019 жылдан бері Ақтөбе өңірінде қиыршық тас шығарумен айналысады. Хромтау қаласының төңірегінде 1991 жылдан бері жиналып қалған «тарихи қалдықтар» қайта өңделіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өндірілген қиыршық тас түрінде шығарылып жатыр.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2022

Хромтауда жел электр стансасы салынады

Хромтау қаласына жақын, 150 гектар аумақта 24 жел генераторы паркі бой көтермекші. 155 мегаватт электр қуатын өндіретін жасыл энергетика жобасын іске асырушы – ERG компаниясы.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2022

Ақтөбеде көрікті жер көп, ал инфрақұрылым сын көтермейді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болып, өңірдегі мәдениет және спорт, туризм саласында қолға алынып жатқан жұмыстармен танысты.

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Аутизм сырқаты бар балаларға ерекше күтім қажет

Ақтөбе облысында ерекше қа­жет­тілігі бар кәмелет жасына жет­пеген 6 700 бала тіркелсе, соның ішінде 648 бала аутизм дерті бойынша есепте тұр. Егер де 2000 жылдардың басында Ақтөбе облысында туабітті мүгедектігі бар 2 мыңға жуық бала болса, қазір олардың саны үш есе өскеніне куә болып отырмыз. Әрине, аутизм дертіне шал­дыққан сәбилер қатарының жыл­дан-жылға көбейіп бара жат­қаны алаңдатады. Ақтөбе об­лы­сында аутизм дертіне шал­дыққан 648 баланың 465-і – облыс орталығында, 183-і аудандарда тұрады.

Аймақтар • 10 Тамыз, 2022

Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті

Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының жеке құрамы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиа­ция генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Оған әр жылдары осы оқу орнын аяқтаған түлектер, қорғаныс саласының ардагерлері, қазір оқып жатқан курсанттар мен олардың ата-анасы қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлы • 10 Тамыз, 2022

Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі

1895 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер семинариясын аяқтаған 23 жас­тағы Ахмет Байтұрсын­ұлы Ақтөбе уезі Самбай болысында жаңа ашылған ауыл мек­тебінде екі жыл жұмыс істеп, 1896 жылдың қара күзінде Қарқаралыға жол тартады. Ұлт ұстазы 1895-1909 жылдар аралығында үлкен саясатқа араласқанға дейін Ақтөбе, Қарқаралы, Қостанай уездеріндегі мектептерде, екі кластық училищелерде сабақ берген. Самбай мектебінде оқыған алғашқы шәкірттері кімдер? Кейін Кеңес өкіметінен Байтұрсыновтан дәріс алған қанша ауылдың момын жастары зардап шекті? Олардың кейінгі тағдыры қалай болды? Бұл – жиналмай қалған деректер.

Қоғам • 09 Тамыз, 2022

Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес

Ақтөбе қалалық №2 сотында қаржы пирамидасын ұйым­дас­ты­рушыларға қатысты сот про­цесінде жарыссөз басталды. 3700 томға жинақталған істе «Гарант24 Ломбард», «Эстет Ломбард», «Выгодный займ» ком­панияларының қылмыстық әрекеттері бойынша 48 ақтөбелік айып­талып отыр. Олар 17 мың адамды алдап, 30 миллиард теңге зиян келтірген. Қазіргі кезде айып­талушылардың бәрі үйқа­мақ­та.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2022

Мал көп, мал дәрігері аз

Ақтөбе облысында мал ауруларының алдын алу мен өсімдік шаруашылығына байланысты реттелуге тиіс жұмыстар өте көп. Соның ең басында мал дәрігерлерінің жетіспеушілігі тұр. Қазір он екі ауданның әрқайсысына үш мал дәрігерінен ғана келсе, бір мал дәрігері үш ауылдық округтің шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарының төрт түлігін тексеріп, ауру малын емдеп, екпе салады. Оның үстіне мал дәрігеріне қызметтік көлік бекітілмеген және ауылдарды аралаған кезде жанармай да қарастырылмаған.

Экология • 27 Шілде, 2022

Көкжиде құм белдеуіне қорғаныш қажет

Мұғалжар және Темір аудан­дарының аумағындағы Көк­жиде құм белдеуінің астында стра­тегиялық тұщы су қоры орналас­қан. Құм астындағы суды 27 жылдан бері екі ауданның тұрғындары пайдаланып келеді. Соңғы екі жыл бойы Көкжидеге жүргізілген барлау жұмыстары тәулігіне ағымы 173,4 мың текшеметр болатын жерасты суының қорын анықтады.

Аймақтар • 26 Шілде, 2022

Ауылдағы әжелер ансамблі

Мұғалжар ауданы Жұрын ауыл­дық мәдениет үйі жанынан құрыл­ған «Сәулем-ай» аналар ансамблі 2018 жылдың наурыз мере­кесінде тұңғыш рет халық ал­дына шықты. Содан бері бір­неше рет көркемөнерпаздар бай­қауына қатысып, ел ішіне таны­ла бастады. Ансамбльдің он бір мүшесі Жұрын ауылында әртүрлі салада еңбек еткен ана-әжелер.