Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
399 материал табылды

Аймақтар • 29 Қазан, 2021

Жаңғақ қабығынан ыдыс жасап шығарды

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жадыра Амангелдиева грек жаңғағының ұнтақталған қабықтарынан ыдыс жасап шығарды. Табиғи таза өнімнен жасалған жаңалығы үшін оқушы авторлық құқық куәлігін де алды.

Өнер • 14 Қазан, 2021

Ұлттық киімді әлемге ұсынған

Ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаева «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында мәдениет және спорт аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ұлттық стильдегі киім дизайнері әрі он саусағынан өнер төгілген тігінші осы жалпыұлттық жобада бақ сынамас бұрын қазақтың оюлы-сәнді ұлттық киімдерін әлемдік сахналарда таныстырып, бірнеше рет республикалық, халықаралық сән байқауларының жүлдегері атанған. Маликаның қолынан шыққан бойжеткендерге арналған ұлттық нақыштағы заманауи дизайнмен қабысқан әдемі көйлектер әлемге жақсы тарап жатыр.

Аймақтар • 08 Қазан, 2021

Жол картасының жобалары талқыланды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасының 433 көрсеткіші жүзеге асқан. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен партияның аймақтық филиалы Саяси кеңес бюросында талқыланды.

Аймақтар • 07 Қазан, 2021

Темір жол күзеті қызметкерлері сайысты

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалы ұйымдас­тыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен теміржолдағы күзет қызметінің 100 жылдығына орай бірнеше спорт түрінен сайыс өтті. Оған осы құрылымның Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі мен Ақтөбе облысындағы Ембі, Қандыағаш, Никельтау, Әйтеке би, Шалқар бекеттерінің атқыштар командасы қатысты. Теміржол қызметінің атқыштары кіші футбол, теннис, гір көтеру, турникке тартылу, арқан арту, мини футбол, қашықтыққа жүгіруден сайысты.

Тарих • 06 Қазан, 2021

Әр құжаттың артында адам тағдыры тұр

Саяси қуғын-сүргін құр­бандарын толық ақтау жөніндегі Ақтөбе өңірлік комиссия­сы ХХ ғасырдың 20-30-жылдары жазықсыз жазаланған 455 адамның тізімін түгендеді. Аты-жөндері анықталғандарға қатысты барлық дерек енді республикалық комиссияға ұсынылады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарихшы ғалымдарынан жасақталған комиссия облыстық және Ішкі істер департаменті архивтеріндегі 1919-1930-жылдары қозғалған 328 қылмыстық істі қарап шықты. Кеңес өкіметіне қарсы болып, жазаға тартылғандар негізінен РСФСР Қылмыстық кодексінің 58, 59, 73, 79,109-баптарымен айыпталған.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

Екпе алғандарға – екі Chevrolet

Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

Ерінбеген кәсіпкер болады

Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнес субъектілері санының артып, жергілікті өнім өндірушілер қатарының толығып келе жатқанына дер кезінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың қосқан үлесі зор.

Туризм • 06 Қыркүйек, 2021

Ойыл, Жемнің бойындағы қазына

Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», облыстық ақпарат құралдарының тіл­шілері Қобда, Ойыл және Темір аудан­да­ры­ның бірқатар тарихи нысандарын аралап қайтты. Жолсапарды Қобда ауданынан бастадық.

Оқиға • 16 Тамыз, 2021

Дөң кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды

Бүгін түс мезгілінде Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 16 Тамыз, 2021

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиададан алтын медаль алды

  Ақтөбедегі NIS мектебінің түлегі Рүстам Валеев Түркияда өткен халықаралық Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды  деп хабарлайды Egemen.kz.