Коронавирус • 23 Шілде, 2021
294 жүкті әйел коронавирус індетін жұқтырған
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Ақтөбеге келген сапарында өңірдің эпидемиялық ахуалы жан-жақты талқыланды. Министр рентген жабдықтарын шығаратын «Ақтөберентген» АҚ зауытында, перинатальды және онкогематология орталықтарында болып, №1 қалалық емхана жұмысымен танысты. Жұмыс сапарының соңында коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.
Саясат • 20 Шілде, 2021
Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, AltynEx Company компаниясының ұжымымен кездесті.
Аймақтар • 20 Шілде, 2021
Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған көрме
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармашылығына арналған «Естен кетпес бейне» атты көрме өтті. Көрмеге әр кезеңде музей қорына жинақталған фотосуреттері, орден-медальдары мен төсбелгілері қойылды. С.Бәйішев атындағы кітапхана да жазушының кітаптары мен басылымдарда жарияланған мақалаларын экспозицияға қойды.
Аймақтар • 18 Шілде, 2021
Мәжіліс депутаты Қайыңды ауылының тұрғындарымен кездесті
Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, «AltynEx Company» компаниясының ұжымымен кездесті деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Шілде, 2021
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 3-курс студенті Мұхтар Түлкібаев өз өмірін қатерге тіге отырып, Қарғалы өзеніне батып бара жатқан 28 жастағы ер адамды құтқарып қалды.
Аймақтар • 01 Шілде, 2021
Өңір қайтадан «сары аймаққа» өтті
Бір айға жуық уақыт «жасыл аймақ» қатарында тұрған Ақтөбе облысы 27 маусымнан бастап қайтадан «сары аймаққа» өтті. Эпидемиялық жағдайдың күрделене бастауына 23-27 маусым аралығында коронавируске шалдыққан тұрғындар санының артуы себепші болды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифинг өтті. Өңір басшысы Ақтөбе облысында экономикалық өсімді арттыру мәселелері, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, инвестициялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы жан-жақты хабардар етті.
Қоғам • 03 Маусым, 2021
Бақылаусыз кеткен баланы көше тәрбиелейді
Ақтөбе облыстық ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) емдеу орталығында жұқпалы иммун тапшылығы дертіне шалдыққан 800-ден астам науқас тіркелген. Соңғы жылдары осы медициналық мекемеде халықтың осал топтарымен жұмысты жандандыру мақсатында «Сенім бекеті» және «Достық» бөлімі ашылды. Екі бөлімнің де атқаратын жұмыстары өзара тығыз байланысты. «Сенім бекетінің» бір дәрігері, үш медбикесі, 5-6 аутрич қызметкері қауіп-қатер тобындағы есепте тұрған тұрғындарды бақылауда ұстап отыр. Жалпы, облыстық ЖИТС орталығы мамандары АИТВ жұқпасының кең таралмауы үшін жұқпалы вирус жұқтырғандарды көзден таса етпей, олардың орталық дәрігерлерімен қарым-қатынасының үзіліп қалмауына мүдделі.
Тарих • 27 Мамыр, 2021
Білікті дәрігер, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Халида Есенғұлқызы Маманова (1918-1977) – қабілетін жарқырата аша алмай кеткен жан. Соғыстан кейін докторлық диссертациясын қорғауға, шетелдерге шығуға тыйым салынып, Алматыда қызмет істеуге тосқауылдар жасалынған. 1977 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтынан жазғы демалысын алып, Болгарияда демалуға кеткенде, жұмбақ жағдайда қаза тапқан.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Көрсеткіш күн сайын құбылып тұр
Осы аптаның басында әуелі «қызыл», келесі күні «сары аймаққа» өткен Ақтөбе облысы мамырдың 20-сы күні қайтадан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпті өңірлердің қатарына енді. Соңғы күндері тәулігіне 50 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталған соң індеттің азаймағаны белгілі болды.