Қазақстан • 16 Тамыз, 2022
Ақсу ферроқорытпа зауытында жыл басынан бері үш газ тазарту жүйесінде жеңдік сүзгілер ауыстырылды. Оларды ұдайы ауыстыру кәсіпорынға газтазалағыштардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және ферроқорытпа өндірісінің шығарындыларын азайтады.
Қоғам • 16 Тамыз, 2022
Astana Hub технопаркі IT саласында карьераны жоспарлауға бағытталған Beta Career бағдарламасының жаңа легін іске қоспақ. Қатысушылар бағдарлама бойынша тегін оқиды.
Қоғам • 16 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Президент атап өткендей, бұл жылы мерекелік іс-шараларды өткізумен шектелуге болмайды. Дұрысы – балалар үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында нақты шаралар қабылдау. Сондықтан бұл игі бастамадан Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі де қалыс қалған жоқ.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2022
Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде «Қазақстан» павильоны үздіктер қатарынан көрінді.
Экономика • 28 Шілде, 2022
Қазақстан Орталық Азияның криптохабына айналады
Пандемия жаһандық цифрландыруды жеделдетті. Бұл өз кезегінде қаржы және қор нарықтарының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды. Әлем осы бағытта белсенді дами бастады. Жаңа қаржы құралдарын қалыптастырып, үздіксіз өзгеру үстінде. Өзгерістер негізінен дамыған елдерден басталатыны анық. Алайда мұндай құралдардың алдағы уақытта үлкен сұранысқа ие болатынын түсінген дамушы нарықтар да қатардан қалар емес. Бұл қатарда біздің Қазақстан да бар.
Экономика • 27 Шілде, 2022
Арнайы аймақтардың аптығы басылды ма?
Осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы экономикалық аймақтардың айдарынан жел есіп тұрды. Ай сайын түрлі өндіріс ашылып, жыл сайын жүздеген жоба пысықталып жататын. Қазір арнайы экономикалық аймақтардың аптығы басылған секілді. Әйтеуір, бұрынғыдай белсенділік байқалмайды. Ел индустриясын ұшпаққа шығаруға тиіс арнайы аймақтардың қазіргі жай-күйі қалай? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Қаржы • 26 Шілде, 2022
Биржадағы белсенділік біркелкі емес
Маусым айында АІХ-тегі («Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы) сауда-саттықтың көлемі 16 444 269 долларды құрап, мамырмен салыстырғанда 2,2 есе артты. Бұған борыштық құралдар бойынша сауда белсенділігінің артуы, «Қазатомөнеркәсіптің» және Kaspi.kz-тің жаһандық депозитарлық қолхаттары мен акциялары бойынша сауда көлемінің артуы себеп болды.
Қоғам • 26 Шілде, 2022
Балаларды қолдауға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл сомаға осы жылдың бірінші жартысында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 18 мыңға жуық балаға арналған қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды. Жобалар денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт салаларына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталды.
Экономика • 21 Шілде, 2022
Қызылша өсірудің қызығын көре алмай отыр
Үкіметтің есебі бойынша 2023 жылы Қазақстан бірқатар өнімдермен бірге қант өндірісі бойынша да азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуі тиіс еді. Бүгінде қанттың 60 пайызы сырттан импортталады. Алайда Үкіметтің жуырдағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткендей, шынайы көрініс мүлдем басқаша. Мәселен, бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне жүктемесі де 30 пайыздан зорға асады.
Экономика • 20 Шілде, 2022
«Жасыл» экономика: Жедел көшпесек, жоғалтарымыз көп
ESG қағидаттарының жаһандық трендке айналғаны мәлім. Бұл бастамаға біздің ел де қосылды. Осыған сәйкес Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына біржола көшуі керек. Әрине, қатардан қалмаған дұрыс. Десе де, мойынға алған міндеттемені ойдағыдай орындау да маңызды. Осы орайда «Қазақстан межелі уақытқа дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізе ала ма?» деген сұрақ туындайды.