Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2022

«Өмір ағашы»: Өркен жайған саябақ салынады

Елордада жаңа Бейбітшілік пен келісім саябағын салу қолға алынғаны мәлім. Концептуалды табиғи-рекреациялық аймақты құру Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне орайластырылып отыр. Оның делегаттары болашақ саябақтың капсуласын салуға қатыспақ.

Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022

Транскаспий бағыты: Тиімді, бірақ түйткіл көп

Транскаспий халықаралық көлік бағыты отандық логис­тика үшін тиімді екені даусыз. Алайда аталған бағытқа қатысты шешімін таппаған түйткіл де көп. Солқылдақ тариф саясатынан бөлек, инфрақұрылымның тапшылығы да жүк тасымалына қолбайлау болып отыр.

Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022

Қостанайдағы өрт: Бизнес шығыны

Облыс кәсіпкерлер палатасы өрт аумағында зардап шеккен кәсіпкерлерге консультациялар өткізіп, кәсіпорындардың шығынын апат орнына барып бағалап, паспорт дайындап жатыр. Сондай-ақ бизнестен түскен көмекті жинап, бизнес­ке табыстау үстінде.

Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Жол саласындағы құжаттар жаңарады

Жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттамалар санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде олардың саны 1 200-ден 50-70-ке дейін кемімек. Осы тарапта жүргізілген ревизия салалық ережелерге сәйкес жұмыс уақытын азайтуға және жол құрылысы мен жобалау жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған.

Экономика • 07 Қыркүйек, 2022

Отандық автонарық «оталды» ма?

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы осы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған отандық автомобиль нарығы мен автопаркіне қатысты шолуын ұсынды. Шолуға сүйенсек, қаңтар-маусым қорытындысы бойынша дилерлер жеңіл автомобиль, LCV, жүк көліктері, арнайы техника мен автобустарды қоса есептегенде 51,8 мың жаңа автомобиль саудалаған. Бұл 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сауданың 92,3 пайызына тең.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022

«Қазақтелекомның» көмегі

Қазақстанның ірі телеком-операторы Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерді қолдауға арналған кешенді шаралар жоспарын бекітті. Нақтырақ айтқанда, Әулиекөл ауданының тұрғындары үшін жыл соңына дейін абоненттік төлемнен толық көлемде босатуға және телекоммуникациялық қызметтерді тегін ұсынуға шешім қабылдады.

Экономика • 06 Қыркүйек, 2022

Жанар-жағармай нарығындағы ахуал қандай?

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында биыл мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылған еді. Осылайша, мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 1,04 млн тоннаға жоғары.

Экономика • 06 Қыркүйек, 2022

Жолымбеттен – 100 килограмм алтын

Ақмола облысындағы алтын шығаратын Жолымбет фабрикасында Доре құймалары түріндегі алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды. Фабрика айтарлықтай модернизацияланып, алтынқұрамды кен өңдеу цехының құрылысынан кейін іске қосылды. Бүгінде бұл кенді де, техногенді-минералды түзілімдерді де өңдеп, Доре құймаларын шығаратын екі цехтық зауытқа айналды.

Экономика • 05 Қыркүйек, 2022

Сән-салтанат салығы: ол не?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізуді ұсынды. Президент атап өткендей, мұның орта тапқа қатысы жоқ. Бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады. Қысқасы, бай-бағландардан ғана ұсталмақ.

Экономика • 05 Қыркүйек, 2022

6,1 млн гектардан бидай жиналды

Егін жинау науқаны басталғалы бері қазақ­стан­дық шаруалар 6,1 млн гектардан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді. Бұл жоспардың 38 пайыздан астамын құрайды.