Қоғам • 19 Шілде, 2022
IT-сала мамандарына іздеу салды
Елордада Astana Hub Job Fair 2022 жәрмеңкесі өтті. Оған қатысқандар жан-жүрегі қалаған жұмыс орнын табуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ оларға IT-салаға қажетті лайықты қызметкерді табу, білікті сарапшыларды тыңдау мүмкіндігі ұсынылды.
Экономика • 19 Шілде, 2022
Транскаспий дәлізі – тың мүмкіндік
Осыдан бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізгені мәлім. Кеңесте атап өтілгендей, темір жол мен автомобиль жолының инфрақұрылымын дамыту өркендеудің басым бағыты болып қала бермек. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қазақстанға тың мүмкіндіктердің есігін ашпақ.
Экономика • 14 Шілде, 2022
Тұрғын үй саясатындағы тың тәсіл
Еліміздің тұрғын үй саясатында жаңа тәсілдердің жүзеге асырылып жатқанына жұрт куә. Соның бірі – тұрғын үй қорындағы баспананы жалға алғандардың ақысын субсидиялау. Мұндағы мақсат – жекелеген санаттағы азаматтардың баспана мәселесін шешу.
Қазақстан • 14 Шілде, 2022
Бірлескен бағдарламаның берері мол
Әлеуеті мол 15 стартап Silkway Accelerator бағдарламасы бойынша өз жобасын дамыту мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаны Google for Startups компаниясы мен Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі бірлесіп жүзеге асыруда.
Экономика • 14 Шілде, 2022
Шағын және орта бизнес елорда экономикасының драйверіне айналды. Өйткені шаһардағы жалпы өңірлік өнімнің 66,9 пайызын дәл осы сектор қалыптастырып отыр. Демек астананы кәсіпкерлердің қаласы деп атауға толық негіз бар.
Экономика • 13 Шілде, 2022
Экономист Жақсыбек Құлекеев: Мұнай кранды кері бұрағанда тоқтай қалатын су емес...
Әлемді шарпыған қымбатшылық пен геосаяси текетірестің салқыны бізге де сезіліп отыр. Қайтпек керек? Қазақстан қандай бағытты ұстануы тиіс? Ел газетіне эксклюзивті сұхбат берген белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Экономика • 12 Шілде, 2022
Ел экономикасынан өсім күтіледі
Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының (AERC) өткен аптада жариялаған Қазақстанның макроэкономикалық шолуына сүйенсек, биыл ел экономикасы 2,9 пайызға өседі. Қазіргідей алмағайып кезеңде осының өзі біздің ел үшін үлкен олжа болмақ.
Экономика • 11 Шілде, 2022
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша 7 900-ден астам жобаны қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы биыл агробизнесті дамытудың басым бағыттары бойынша 330 млрд теңгенің несиесін беру көзделген.
Елорда • 05 Шілде, 2022
Шаңырақ шаттығын сыйлаған мекен
Елорда – қыз-қыз қайнаған құрылыстың ортасы. Мұндағы жұмыстың қарқыны жыл өткен сайын үдемесе, кеміген жоқ. Мәселен, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 4,6 пайызға ұлғайып, 622,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,2 млн шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілуі де осы сөзімізге анық дәлел.
Қоғам • 03 Шілде, 2022
Жолаушылар тасымалы: Баға жоғары, сапа төмен
Жаз шықса болды жолаушылар тасымалына қатысты шағым да көбейеді. Жылда солай. Биыл да өзгерген ештеңе жоқ. Жолаушылар билет бағасы мен қызмет сапасы сәйкес келмейді деп дабыл қағуда. Пойыз билетінің бағасы қымбат, ал вагондар тозып тұр. Ұшақ билетіне екінің бірінің қолы жетпейді. Жеткен күннің өзінде негізсіз кешігу көп. Сарыла күтуге сабыр жетпейді. Қайтпек керек?..