
Елбасы • 27 Ақпан, 2019
Елбасының қатысуымен өтетін «Нұр Отанның»XVIII съезінде партияның жаңа бағдарламасы қабылданады
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы болды. Оған Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде Парламент депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты. Сондай-ақ отырысқа партияның кезекті XVIII съезінің делегаттары да шақырылды.
• 01 Ақпан, 2019
Jemqorlyq – halyq senimine nuqsan keltiretin dert
Qoǵamdyq kóńil kúıdiń kóterińki bolýy el ekonomıkasynyń damýyna, halyqty áleýmettik turǵyda qoldaý baǵytyndaǵy tıimdi baǵdarlamalardyń qabyldanýyna, olardyń laıyqty júzege asyrylýyna, atqarýshy bıliktiń joǵary deńgeıli qyzmetine jáne basqa da ózekti máselelerge tikeleı baılanysty. Bul oraıda, ásirese memlekettik qyzmetshilerdiń, laýazymdy tulǵalardyń moınyndaǵy jaýapkershilik óte zor. О́ıtkeni memleket tarapynan halyq ıgiligi úshin júzege asyrylǵan árbir is atqarýshy bılik ókilderiniń qolynan ótedi. Al eger álgi ıgilikti sharalardy oryndaýshy tulǵalardyń jurtshylyq aldyndaǵy jaǵymdy beınesi qalyptaspasa, eldiń olarǵa degen seniminen kúdigi basym bolyp jatsa, álgilerdiń atqarǵan ónimdi, paıdaly jumystary qoǵamdyq kóńil-kúıge oń áserin tıgize almaıdy dep oılaımyz.
Қоғам • 13 Маусым, 2015
– Атың кім? – «Пәленше». – Кімнің баласысың? – Мамамның? – Әкеңнің есімі кім? – ... Шын мәнінде, оның әкесі кім? Бұл біреулер үшін ғана емес, бүкіл қоғамға қойылуы тиіс сұрақ. Ал бұған лайықты жауап берер мүмкіндігіміз бар ма? Меніңше, осы мәселеде айтар уәжіміз мардымсыз... Әлемде Тәңірден берілген рухани асыл дүниелерінен, өзгеден ерекшелеп тұрар қасиеттері мен салт-дәстүрлерінен түрлі себептермен көз жазып қалған, келешегі күмәнді ұлттар баршылық. Бұлардың қатарында біз жоқпыз, әрине. Алайда, осы орайда қарға тамырлы қазақтың ойланатын жағдаяттары жеткілікті. Бұл түйткілдердің арасындағы ең сорақыларының бірі ретінде қоғамымызда некесіз бала туудың үйреншікті, қалыпты, қысылып-қымтырылмай іске асырылатын дағдыға айналып отырғанын, соның салдарынан көрдемшелердің көбейіп бара жатқанын айтуға болар, бәлкім. Жалпы, осы тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде телеарналарда азды-көпті қозғалып, ел талқысына ұсынылып жүр.