Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
586 материал табылды

Қазақстан • 09 Сәуір, 2019

Халықаралық бизнес-форумға қатысуға шақырды

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түй­мебаев Татарстан Республикасының Қазақ­стан­дағы өкілетті өкілі Денис Валеевпен кездесті.

Саясат • 08 Сәуір, 2019

Президенттің алғашқы сапары Ресей БАҚ-тарында қалай көрініс тапты

Биылғы 3 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапармен барғаны белгілі. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин­нің ұсынысы, дәлірегі шақыруы негізінде ұйымдастырылған аталған сапар­дың еліміз үшін маңызы зор болды. Өйткені осы ауқымды шара барысында Қазақ­стан-Ресей қарым-қатынасы өзінің дәстүрлі жолын достық пейілмен одан әрі жалғас­тыра беретіні нақты айтылды. Әрине бұл еліміз үшін стратегиялық маңызы зор Ресеймен екіжақты және көпжақты, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығымыз уақыт талабына сай дами түсетінін көрсетеді.

Қазақстан • 05 Сәуір, 2019

Азаматтардың арыз-тілектері қараусыз қалмайды

Көп балалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, халықтың әл-ауқатын арттырып, осы бағыттағы өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал ету Nur Otan партиясының жұмысындағы негізгі басымдық болып саналады. Өйткені бұл – Елбасы, партия Төрағасының тікелей тапсырмасы.

Елбасы • 27 Ақпан, 2019

Елбасының қатысуымен өтетін «Нұр Отанның»XVIII съезінде партияның жаңа бағдарламасы қабылданады

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төраға­лығымен партия Саяси кеңесінің отырысы болды. Оған Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде Парламент депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты. Сондай-ақ отырысқа партияның кезекті XVIII съезінің делегаттары да шақырылды.

01 Ақпан, 2019

Jemqorlyq – halyq senimine nuqsan keltiretin dert

Qoǵamdyq kóńil kúıdiń kóterińki bolýy el ekonomıkasynyń damýyna, halyqty áleýmettik turǵyda qoldaý baǵytyndaǵy tıimdi baǵdarlamalardyń qabyldanýyna, olardyń laıyqty júzege asyrylýyna, atqarýshy bıliktiń joǵary deńgeıli qyzmetine jáne basqa da ózekti máselelerge tikeleı baılanysty. Bul oraıda, ásirese memlekettik qyzmetshilerdiń, laýazymdy tulǵalardyń moınyndaǵy jaýapkershilik óte zor. О́ıtkeni memleket tarapynan halyq ıgiligi úshin júzege asyrylǵan árbir is atqarýshy bılik ókilderiniń qolynan ótedi. Al eger álgi ıgilikti sharalardy oryndaýshy tulǵalardyń jurtshylyq aldyndaǵy jaǵymdy beınesi qalyptaspasa, eldiń olarǵa degen seniminen kúdigi basym bolyp jatsa, álgilerdiń atqarǵan ónimdi, paıdaly jumystary qoǵamdyq kóńil-kúıge oń áserin tıgize almaıdy dep oılaımyz.

Қоғам • 13 Маусым, 2015

Көрдемше

– Атың кім? – «Пәленше». – Кімнің баласысың? – Мамамның? – Әкеңнің есімі кім? – ... Шын мәнінде, оның әкесі кім? Бұл біреулер үшін ғана емес, бүкіл қоғамға қойылуы тиіс сұрақ. Ал бұған лайықты жауап берер мүмкіндігіміз бар ма? Меніңше, осы мәселеде айтар уәжіміз мардымсыз... Әлемде Тәңірден берілген рухани асыл дүниелерінен, өзгеден ерекшелеп тұрар қасиеттері мен салт-дәстүрлерінен түрлі себептермен көз жазып қалған, келе­шегі күмәнді ұлттар баршылық. Бұлар­дың қатарында біз жоқпыз, әрине. Алайда, осы орайда қарға тамырлы қазақ­тың ойланатын жағдаяттары жет­кілікті. Бұл түйткілдердің арасын­да­ғы ең сорақыларының бірі ретінде қоғамымызда некесіз бала туудың үйрен­шікті, қалыпты, қысылып-қымтырылмай іске асырылатын дағдыға айналып отырғанын, соның салдарынан көрдемшелердің көбейіп бара жатқанын айтуға болар, бәлкім. Жалпы, осы тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде телеарналарда азды-көпті қозғалып, ел талқысына ұсынылып жүр.