Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
177 материал табылды

Салық • 18 Қазан, 2023

Көлік төлемінен кімдер босатылады?

Елімізде көлік салығының алынып тасталуы жайлы жиі айтыла бастады. Қазір бұл тақырып жаңа Салық кодексі аясында да талқыланып жатыр. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әміриннің айтуынша, транспортқа салынатын салықты бензин құнына қосып жіберу де қарастырылуы мүмкін.

Экономика • 18 Қазан, 2023

Электрмобиль келешегі

Елімізде 4,4 млн жеңіл автомобиль бар болса, соның 4,7 мыңы – электр энергиясын тұтынатын көліктер. Қазір электромобильдер отандық автопарктің 0,11 пайызын құрап отыр. Әрине, электрмобиль тізгіндеу ел тұрғындары үшін біршама қымбатқа түседі. Әрі оны қуаттайтын бекеттер де тапшы. Дегенмен халық арасында көліктің бұл түріне қызығушылық бар. Ал әлемде электрмобиль өндірісі алапат қарқынмен артып келеді.

Шаруашылық • 16 Қазан, 2023

Мал өсірсең, қой өсір...

Мамандардың айтуынша, жыл санап жер құнары төмендеп, қой саны азайып, көптеген тұқымның генокоды жойылып барады. Соған қарамастан еліміздің жері қой бағуға қолайлы және технологиямен құнарын арттырса, әлі-ақ кем-кетіктің орнын толтыруға мүмкіндік бар. Әдетте әлем бойынша қой еті, қой экспорты тұрғысынан Аустралия, Жаңа Зеландия секілді елдердің аты жиі аталғанымен, қазақ қойына деген сұраныс та төмендеген емес.

Теңге • 12 Қазан, 2023

Цифрлық теңге SWIFT жүйесімен интеграцияланады

Таяуда SWIFT (ақпаратты берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі) өз экожүйесі арқылы орталық банктердің цифрлық валюталарын интеграциялау бойынша қанатқақты жобаны іске қосты. Жобаға Қазақстаннан Ұлттық банк те қатысады. Сарапшылардың айтуынша, жоба сәтімен жүзеге асқан жағдайда цифрлы теңге үшін де, Қазақстанның төлем жүйесі үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Қаржы • 12 Қазан, 2023

Ұлттық банктің болжамды саясаты

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 16%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ақша-несие саясаты комитетінің хабарлауынша, бұған ең бірінші кезекте орталық банктердің тежеу саясаты мен азық-түліктің әлемдік бағасының арзандауы аясында бір­тіндеп төмендеп келе жатқан сыртқы инфля­циялық қысымның бә­сең­деуі себеп болған. Жыл соңына дейін жыл­дық инфляция бір мән­ді деңгейге дейін баяу­лаған жағдайда ғана ақ­ша-кредит саясатын жеңіл­дету шаралары қаралады деп түсіндіреді.

Экономика • 05 Қазан, 2023

Қант тудырған қауіп

Осы жылдың көктемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізіміндегі бірқатар өнімдердің бағасы төмендей бастады: қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қант және тауық еті арзандады. Бұл үрдіс жалғасын та­уып, маусымның соңында 1,5 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде төмендеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ӘМАТ бағасының индексі 4,2%-ды құрады және бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 4 есе төмен болды (17,2%).

Қоғам • 03 Қазан, 2023

Көлікті ерікті сақтандыру арта түсті

Еліміздегі жеңіл автокөлік саны 4,4 млн-ға жеткен. Бұл был­тырғы көрсеткіштен 11,4 пайызға немесе 444,6 мыңға артық. Соның арқасында автокөлікті сақтандыру нарығы да айтар­лықтай өскен: 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында автокө­лікті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 63,9 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 2,4 есе көп.

Өндіріс • 28 Қыркүйек, 2023

Қағаз өнеркәсібі тұралап тұр

Мемлекет отандық қағаз өнеркәсібін дамыту үшін қорғау тетіктерін іске асырып отыр. Мәселен, қазіргі уақытта кеңсе қағаздарын шетелдік өндірушілерден сатып алуға тыйым салынған. Бұл шектеу екі жылға жарамды. Бұл салада еңбек ететін кәсіпорындардың көбі майлық, сүлгі, орамал және тұрмыстық қағаздар өндіреді. Ал кеңсе қағазын өндірумен төрт кәсіпорын айналысады.

Инвестиция • 21 Қыркүйек, 2023

«Wabtec» елімізге 1 млрд доллар инвестиция салады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Wabtec» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуінде Қазақстанның теміржол саласын реконструкциялау мәселесі сөз болды. Әлемнің 50 елінде жұмыс істейтін, құрамында 27 мыңнан аса қызметкері бар, Fortune 500 тізіміне кіретін және транспорт пен логистика саласындағы жаһандық көшбасшы саналатын «Wabtec» компаниясы Қазақстанға инвестиция салуға ниетті.

Қаржы • 18 Қыркүйек, 2023

KASE+AIX=... Қос биржаны қосқаннан не өзгереді?

Елімізде екі бірдей қор биржасы (KASE және AIX) жұмыс істейді және олар көп жағдайда бір-бірін қайталайды. Өзара бәсекеге түсетін кездері де жоқ емес. Бұл отандық қаржы жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ішкі на­рықтың көлемі мен тар­тымдылығын арттыру үшін екеуін біріктіріп, бір­ың­ғай басқаруға көшір­ген жөн болмақ. Мұндай жа­ңа­­шылдыққа қаржы на­рығы қалай қарайды? Бір-бірінен табиғаты бөлек се­кіл­­денетін қос биржаның қо­­сылуы нендей өзгеріс туғызбақ?