Қаржы • 08 Тамыз, 2023
Теңге бағамы жыл соңында әлсірейді
Халықтың нақты кірісінің құлдырауы кезінде, биыл екінші тоқсанда еліміздің экономикалық өсім қарқыны 5 пайыз деңгейінде сақталған. Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, бұл – кейінгі 10 жылда тіркеліп отырған жоғары көрсеткіш. Өсімнің маңызды драйверлері – мұнай өндірісінің күшеюі, бюджет шығыстарының шамадан тыс артуы, Ресейге реэкспорт, тұтынушылық несиенің жоғары өсімі және өзге де факторлар.
Экономика • 07 Тамыз, 2023
QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының хабарлауынша, отандық өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығындардың бір бөлігін өтеу жөнінде 200-ге жуық өтінім келіп түскен. 64 өтінім ішкі нарыққа өнімдер мен қызметтерді ілгерілетуге қатысты болса, 132 өтінім – еңбек өнімділігін арттыру жайында.
Экономика • 07 Тамыз, 2023
Биыл жыл басынан шілдеге дейінгі аралықта бейрезиденттердің (бір мемлекетте заңды немесе жеке тұлға саналатын, бірақ басқа елде тұрақты тұратын азамат – ред.) Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына және Ұлттық банктің ноталарына салған салымдары жиынтықта 559 млрд теңгеге дейін артқан, яғни 178 млрд теңгеге өскен. Бұл – 2022 жылғы наурыздан бергі ең жоғары мән. Бейрезиденттердің ноталарға қатысуы 6 млрд теңгеге, ал Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысуы 171 млрд теңгеге артыпты.
Экономика • 04 Тамыз, 2023
Бізде жасыл энергетиканы дамыту, газдандыруды жедел жүргізу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мың мәрте айтылып, сол бағытта ұлан-асыр істер атқарылып жатқанына қарамастан көмір өндірісі кенжелеп қалған емес. Жоғарыда айтылған әдемі бастамалардың әзір жүзеге аса қоймайтынын, көмірдің әлі бізбен ұзақ жыл бірге жасайтынын аңғарамыз. Бүкіл электр энергиясы мен жылудың 70 пайызы көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларынан таратылып отыр.
Саясат • 03 Тамыз, 2023
Ішкі жалпы өнім: Болжам жақсарды
Әлемдік экономикалық ахуалдың қай қырына ауып түсерін әлі ешкім тап басып айта алмай отыр. Жалпы, қай заманда да жаһан экономикасының дамуға немесе құлдырауға бет алуын дәл айтып, көрегенділік таныту бола қоймаған шығар. Өйткені алуан елдің экономикалық үдерісінің бір арнада тоғыса қоймасы белгілі. «Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығының» (AERC) мәлімдеуінше, жаһандық инфляция орталық банктердің таргетінен жоғары және оның тәуекелі әркез назарда болғаны жөн.
Қаржы • 03 Тамыз, 2023
Жоғары базалық ставка: Талап пен тәуекел
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің айтуынша, биыл жылдық инфляция 11-14 пайыз шегінде қалыптасып, 2024-2025 жылдары одан әрі баяулайды. Сонымен қатар ол қаржы қадағалаушысының екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені бірқалыпты және байыппен төмендету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 20,3 пайыз болған еді. Жыл бойы ҰБ базалық пайыздық мөлшерлемені көтерумен болды және оның әзірге жоғарғы шегі 16,75 пайыз болып тұр.
Қаржы • 03 Тамыз, 2023
Аһ ұрғызған АИ-95: Қымбатшылыққа қатысты қырық сылтау
Еліміздің кей өңірлерінде АИ-95 маркалы бензин бағасы қымбаттай бастады. Әдетте, қымбатшылық тапшылықтан туындайды. Бұл жолғы құбылыста да соның райы байқалады.
Экономика • 02 Тамыз, 2023
2023 жылғы шілдеде жылдық мәндегі инфляция деңгейі 14% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2023
Қонаев қаласының бас жоспары бекітілді
Алматы облысының орталығы ретінде жаңа әкімшілік мәртебеге ие болғаннан кейін Қонаев қаласын дамытудың жаңа стратегиясы айқындалды. Жақын болашақта қаланы дамытудың негізгі бағыттары Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілген Қонаев қаласының бас жоспарында көрсетілген.
Экономика • 31 Шілде, 2023
Машина жасау: Саланың Қазақстандағы келешегі
Еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге қабілетті бағыттың бірі де бірегейі – машина жасау саласы. Олай деуімізге негіз көп. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 3,1 трлн теңгеден асып түскен. Бұл – 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35,1 пайызға артық. Әрине, түйіні тарқатылмаған мәселелер де жоқ емес. Алайда соңғы уақытта бұл сектордағы жұмыстың қыза бастауы, Үкіметтің айрықша көңіл бөлуі машина жасаушыларды ынталандыра түскендей.