Бизнес • 21 Шілде, 2023
«Alibaba»-дағы «алтын жеткізушілер»
Біраз уақыттан бері отандық кәсіпорындардың халықаралық Alibaba.com сауда алаңына шыға бастағаны белгілі. Биыл маркетплейсте 70 отандық компанияны орналастыру жоспарланып отыр. Бірінші кезең аясында 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 44 ұйым іріктелді. Олардың барлығы Alibaba платформасында бір жылдық «Алтын жеткізуші» мәртебесін алған.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар нысан салынып жатыр, оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылумен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.
Экономика • 18 Шілде, 2023
Былтыр жазда бүкіл елді дүрліктірген қант мәселесінен кейін еліміздегі қызылша алқабының көлемі екі есеге – 10,2 мыңнан 19 мың гектарға дейін өскен. Қант саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында отандық өніммен қамту көлемі небәрі 7 пайыз екені жазылған. Қалғаны – қайта өңдеуге арналған импорт шикізат пен дайын құмшекер.
Депозит • 18 Шілде, 2023
Егер банк лицензиясынан айырылатын болса, депозиттерді қорғау механизміне сәйкес оның салымшыларына депозиттерде, төлем карточкалары мен ағымдағы шоттарда жатқан ақшалары қайтарылады. Осы ретте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жеке тұлғаларға заңнамада бекітілген максималды кепілдік мөлшері шегінде – депозиттің түрі мен валютасына қарай 5, 10 және 20 млн теңгеден асырылмайтын көлемде кепілді өтем төлейді.
Елорда • 17 Шілде, 2023
Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар объекті салынып жатыр. Оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылумен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.
Энергетика • 17 Шілде, 2023
Елімізде электр тапшылығы мәселесі ай өткен сайын өзекті болып бара жатыр. Былтыр 8 ай (қаңтар, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, желтоқсан) бойы тапшылық айқын байқалған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру 112,86 млрд кВт сағатты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз.
Жұмыс • 16 Шілде, 2023
Астана 60 мың адамға жұмыс ұсынады
Астанада Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі Арбат аумағында жастарға арналған дәстүрлі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл – биыл жастарға арналған 16-жәрмеңке. Оған 70 жетекші компания мен ұйым қатысты.
Үкімет • 16 Шілде, 2023
«Самұрық-Қазына»: Тарифтерді нарықтық бағаға ауыстыратын кез жетті
«Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компаниялар қызметінің бірқатар түрі бойынша тарифтерді көтермек. Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың сөзінен ұққанымыз – Үкімет және мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, әділ тарифтерді енгізу бағытында жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді. Осы орайда міндетті түрде халықтың мүддесі ескеріледі.
Қоғам • 14 Шілде, 2023
Елімізде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін реттеудің жеңілдетілген рәсімін (Еурохаттама) іске асыруға арналған мобильді қосымша прототипінің тұсаукесері жасалды. Мұны «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырды. 2024 жылдан бастап тұтынушылар мобильді қосымшаны пайдалана отырып, сақтандыру төлемін алуға өтініштерді жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орнынан жол полициясын шақырмай және сотқа жүгінбей ресімдей алады.
Несие • 14 Шілде, 2023
Заңды тұлғаларға қарыз беру азайды
Соңғы бес жылда (2018-2022 жылдар аралығы) заңды тұлғаларға жаңа қарыз берудің орташа жылдық өсу қарқыны 10 пайызды құрады деп хабарлайды Қаржыгерлер қауымдастығы. Бұл ретте жыл сайын корпоративтік секторға жаңа несиелердің жиынтық берілуі заңды тұлғалар қарыздарының қорытынды портфелінен (қалдықтарынан) асып түскен.