Экономика • 07 Наурыз, 2023
Еліміздің транзиттік әлеуеті немесе Орталық Азияға ойысу
Ресейге салынып жатқан санкциялардың зардабын аталған елден кейін қатты тартып отырған мемлекеттің бірі – Қазақстан. Біз санкция талаптарын соншалықты бұзбадық та, тек тәуелсіздік алғалы бері экономикамызды көрші ел экономикасына байлап тастауымыздың салдары былтырғы ақпаннан бастап сезіліп жатыр. Мысал ретінде былтырғы КТК жағдайын алға тартар едік.
Экономика • 02 Наурыз, 2023
Тұрғын үй нарығы: Төмен мөлшерлемелі бағдарламалар экономикаға зиянын тигізіп жатыр
Тұрғын үй нарығы туралы сөз болғанда, әңгіме мемлекеттік бағдарламаға келіп тіреледі. Бірқатар сарапшы жеңілдетілген шарттары бар бағдарламалардың экономикаға орасан зор зиян келтіретінін айтса, екінші тарап мұндай жобаларсыз халықтың баспанаға қол жеткізуі қиындай береді дегенді алға тартады.
Қаржы • 28 Ақпан, 2023
Шетелден алған қаржы қайда жұмсалды?
Қазақстан соңғы 15 жылда халықаралық даму институттарынан 14,4 млрд доллар қаржы алған. Қаражат негізінен экономикада реформалар жасауға, шенеуніктерді оқытуға және түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға берілген. Халықаралық институттар мақұлдаған тәуелсіз қаржыландыруды иемдену бойынша Қазақстан Еуразия өңірінде екінші орынға (Өзбекстаннан кейін) ие.
Президент • 17 Қыркүйек, 2021
Микроқаржы ұйымдары банкке айналуды мақсат етпейді
Банктердің бизнесті қаржыландыруға аса ықылас танытпай отырғаны Президенттің биылғы Жолдауынан тыс қалмады. Мемлекет басшысы: «Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі», деді. Осыдан соң Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының басшысы Ербол ОМАРХАНОВТЫ әңгімеге шақырып, екшеген сауалдарымызды қойдық.
Президент • 14 Қыркүйек, 2021
Президент Тоқаев соңғы екі Жолдау қатарынан бюджет мәселесіне айырықша тоқталды. 2020 жылы Мемлекет басшысы керек жобаға ғана қаржы бөлейік, ақшаны суша сапыратын заман келмеске кетті десе, биыл бюджет кірісін арттыру үшін жедел түрде шара қабылдау қажет деп тапсырма берді. Бұл – сөздері әртүрлі болғанымен, түпкі мазмұны бір мәселе. Бүтін елдің қаржылық тұрақтылығын меңзейтін проблема.
Қаржы • 09 Қыркүйек, 2021
Халықаралық қаржыландыруға мұқтажбыз ба?
Халықаралық даму банктерінің Орталық Азия елдерін қаржыландыруы бір жыл ішінде бір жарым есе өскен. Бүкіл қаржыландырудың 85 пайызы Өзбекстан мен Қазақстанға тиесілі. Ал екеуара бәсекеге салар болсақ, көрші ел халықаралық банктер қаржысын көбірек иеленген.
Қаржы • 09 Қыркүйек, 2021
Тұтынушылық мақсаттағы несиелеу ұлғайды
Биыл екінші тоқсанда отандық банктер капиталының орташа табыстылық көрсеткіші 37 пайыз, яғни рекордтық деңгейге жеткен. Несие бойынша резервтік шығындардың төмендеуінен және несиелеудің жылдам қарқынмен өсуі осыған себеп болған.
Экономика • 27 Тамыз, 2021
Шағын және орта бизнес несие алғысы келеді
Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында шағын бизнес тарапынан несиеге деген сұраныс біршама өскен. Несие өтінімдерінің басым бөлігі жеке кәсіпкерлер тарапынан көбіне мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтын банктерге келіп түсіпті.
Экономика • 27 Тамыз, 2021
Қазір банк біткен сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін барын салып жұмыс істеуде. Соңғы бір айда төленбей тұрғанына 90 күннен асқан несие көлемі (NPL 90+) 400,4 млрд теңгеге қысқарған.
Қоғам • 19 Тамыз, 2021
Әлжуаз жандарды қолдайтын «Әрекет»
Соңғы уақытта «әлеуметтік кәсіпкер» ұғымы пайда болып, сөздік қолданысымызға берік орныға бастағандай. Қазірде оның жекелеген бағыттары мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы қолға алынған.