Қоғам • 28 Шілде, 2022
Директорларды ротациялау дұрыс па?
Жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі – мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын, соның ішінде мектеп директорларын ротациялау. Биылдан бастап енгізіліп отырған осы жаңашылдыққа қатысты жұртшылық пікірі екіге жарылып тұр.
Қаржы • 27 Шілде, 2022
«Көгілдір отын» үшін қарыз көбейіп барады
Еліміздің газ қызметінің мамандары қазақстандықтар мен жекелеген кәсіпорындардың «көгілдір отынға» қарызы ұлғайып бара жатқанын алаңдаушылықпен айтып, дабыл қағып жатыр. Әрбір тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін оның ақысын уақтылы төлеу қажет.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Мұнайлы өңірлердің бірінен Солтүстік Қазақстан облысына қызмет бабымен көшіп келген сыйлас азамат бірде: «Кеше бір тойға барғанымда аңғарғаным – бұл жақта «Джип» мінгендер сирек екен. Астыққа бай өлкенің тұрғындары кедей тұрады деп ойламап едім...» дегені есімде сақталып қалыпты. Әрине, кедейшіліктің өлшемшарты тұрғындардың «Джип» көлігін мінуі болмағанымен, оның айтқан сөзінде шындық бары рас.
Қоғам • 20 Шілде, 2022
Ана тілін білмейтін ата-ана баласын да орыс тілінде оқытуға мәжбүр
Бір жолдасымның Петропавл қаласындағы орыс гимназиясын үздік бітірген қызы кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып, елге оралып, қазір бір орталық мемлекеттік органның департаментін басқарып жүр. Ол қазақ тіліне мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін ғана мықтап ден қойып, жұрт қатарлы меңгеріп алыпты және баласын қазақ мектебіне беріпті.
Қоғам • 17 Шілде, 2022
Қаржы пирамидасы: Қатайтылған заң қорған бола ма?
«Жау жағадан алғанда бөрі етектен алады» демекші, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, коронавирус пандемиясы алқымнан алып тұрған 2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларын құру бойынша 181 қылмыстық іс қозғалған екен. Қатерлі індеттің қыспағында қалып, тұрмысы төмендеп кеткен мыңдаған адамның қолындағы аз-мұз пұлын еселеп көбейтіп береміз деп алдап-арбап, қалталарына басып кеткен алаяқтардың зары өтіп-ақ тұрды. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында: «Алаяқтықтың көбеюіне байланысты азаматтардың наразылық білдіруі орынды. Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейді», деген болатын.
Сұхбат • 11 Шілде, 2022
Ұлттық Банктің Төрағасы Ғалымжан Пірматов «Egemen Qazaqstan»-ға арнайы сұхбат беріп, инфляция бойынша орта мерзімді болжамдар, валюта нарығындағы ахуал, сондай-ақ Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені көтеру факторы және оның экономиканы кредиттеуге әсері туралы әңгімеледі.
Сұхбат • 10 Шілде, 2022
«KEGOC» АҚ: Қазақстан ұлттық электр торабының қарқынды дамуы – уақыт талабы
Бүгін «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толды. Осы айтулы дата қарсаңында «KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы Қаныш Молдабаев «Egemen Qazaqstan»-ға сұхбат беріп, еліміздің электр энергетикасы саласындағы жетекші компанияның құрылу тарихы, қазіргі жағдайы және келешегі жайлы айтты.
Қоғам • 07 Шілде, 2022
Тойшылдық: Үкімет қаулысы неге қауқарсыз?
Қазақтың ұлы Абай сынаған бес дұшпанының бірі – бекер мал шашпақ. Өткен ғасырдың басындағы алапат ашаршылықты басынан өткерсе де, халқымыз одан ес жия келе, ескі әдетіне қайта басып, той өткізуден бір-бірімен бәсекеге түскендей жағдайға жетті. Оны тіпті әлемді алқымынан алған коронавирус пандемиясы да тоқтата алмады. Мейрамханалар мен тойханаларда тығылып той жасағаны үшін жүздеген адамға айыппұл салынғаны – соның айғағы. Ал «Бармақ басты, көз қыстымен» ондай жазадан құтылып кеткендер саны қанша екені бір Аллаға аян.
Қоғам • 30 Маусым, 2022
Мектеп асханасында – мейрамхана бағасы...
Еліміздің жаңа тарихында енді бұрынғы Қазақстан, һәм Бірінші Республика болып жазылатын кезеңде кездейсоқ адамдар да «ебін тауып» министр болып тағайындалып, білім саласының да, ғылым саласының да берекесін қашырғандықтан, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері кейінгі кезде Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу қажет деген пікір білдіріп жүрді.
Қоғам • 27 Маусым, 2022
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Еліміздің журналистер қауымы көрнекті қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Журналист атан түйе секілді. Арқалағаны алтын болғанымен, жегені – жантақ» деген сөзін ұмыта алар емес. Себебі бұл ащы да ақиқат сөз айтылғалы ондаған жыл өтсе де, қолдарына қалам мен микрофон ұстап, ақпарат майданының алғы шебінде жанталасып жүрген әріптестеріміздің жағдайлары онша өзгерген жоқ.