Қоғам • 26 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2021 жылғы 25 ақпандағы V отырысында сөйлеген сөзінде Конституцияда тыйым салынған қос азаматтық деректері кейінгі кезде көбейіп кеткендігін алаңдаушылықпен айтып, бұл теріс құбылысты тыюды, ал оған жол берген мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметтерінен босатуды тапсырды.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Қазақстан-2022: реформалар векторы және қоғам жаңғыруының қисыны
«Жыл сөзін» әртүрлі елдердің, академиялық немесе қоғамдық институттардың анықтауы әлемде бұрыннан дәстүрге айналған. Әдетте, жылдың басты «вайбын» сипаттау үшін қандай да бір ұғым немесе термин таңдалады. Осы тәжірибені елімізде қолдансақ, 2022 жылға жеке сөзді емес, «Әділетті Қазақстан» деген тіркесті таңдаған жөн болар еді.
Ауыл • 20 Қаңтар, 2023
Ауыл – ел бесігі десек те, «келешегі жоқ» деп танылған елді мекен көп...
Жақында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралған Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикамыздағы 6 293 ауылдық елді мекеннің 3,5 мыңы ғана даму әлеуеті жоғары ауылдар ретінде басым тәртіппен жаңғыртылатынын мәлімдеді.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Қазақстан 2000 жылы суицид деген сұмдықтан дүниежүзінде 6-орынға шығып, отандастарымыздың арасындағы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші 100 мың адамға 39,4 жағдайдан келген. Содан кейін еліміздегі осы қасіретті құбылыс біртіндеп кеми бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы жариялаған рейтинг бойынша Қазақстандағы суицид 100 мың адамға шаққанда 18,05 жағдайға дейін азайып, 184 мемлекеттің ішінде 18-ші орынға жайғасыппыз.
Саясат • 11 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында кейінгі жылдары жер дауы өршіп тұр. Қулықтарына құрық бойламайтын жосықсыз кәсіпкерлердің алаяқтық айла-шарғыларының салдарынан өздеріне тиесілі жер үлестерінен айырылып қалған бірқатар ауыл тұрғыны әділдік іздеп, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Әзірге Айыртау ауданындағы бес ауылдың білек біріктіре білген азаматтары ғана ұзаққа созылған жер дауын сотта жеңіспен аяқтады.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
Астықты аймақтардағы ахуал алаңдатарлықтай Былтыр 20 қарашада болған Президент сайлауында жеңіске жетіп, жетіжылдық мерзімге сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жарлығын ауылды өркендетуге арнап, Үкіметке 2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды тапсырғаны мәлім. Осы орайда құзыретті мемлекеттік органдар басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жалақы мөлшері төмен екендігіне назар аударып, оның себебін анықтап, тиісті шара қолданса, құба-құп.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022
Қандас дәрігерлер қолдау күтеді
Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен қилы заманда бас сауғалап шекара асып, дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастарымызды атажұртқа қайтару үдерісін жандандыра жалғастырудың маңыздылығы қазіргі алмағайып кезеңде бұрынғыдан да арта түсті.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2022
Ғалымжан Пірматов: Белгілеген бағытымыз бен қолданған шараларымыз дұрыс болды
«Egemen Qazaqstan»-ға берген кезекті сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов аяқталуға тақау қалған жылдың басты макроэкономикалық сын-қатерлері мен қорытындылары туралы айтып берді. Сондай-ақ инфляция бойынша болжамдар, экономиканы несиелендіру, цифрлық теңгеге көшу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғалды. Ұлттық банк төрағасы қаржылық реттеуші үшін келер жылы қандай міндеттер басымдыққа ие болатыны жайлы да ой-пікірін ортаға салды.
Саясат • 28 Желтоқсан, 2022
Сайлау жүйесі: Әділдік пен ашықтыққа ұмтылыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында еліміздегі сайлау үдерісін жаңғырту қажеттігіне тоқталып: «Халықаралық тәжірибеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратыны белгілі, яғни әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор. Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады» деген еді. Осы орайда жуырда өткен кезектен тыс президент сайлауы еліміздің сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне елеулі сын болғаны анық.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2022
Белбеуді тарта байлап, қоя жейміз бе?..
Ұлттық банк биылғы 5 желтоқсанда базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға дейін көтерді. Ал қазан айының 26-сында 16 пайыз болып белгіленген еді. Соған орай Аманжан Жамалов бастаған бір топ Мәжіліс депутаты Үкіметке сауал жолдап, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені осынша арттыруымен келіспейтіндіктерін білдіріпті.