
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
Астықты аймақтардағы ахуал алаңдатарлықтай Былтыр 20 қарашада болған Президент сайлауында жеңіске жетіп, жетіжылдық мерзімге сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жарлығын ауылды өркендетуге арнап, Үкіметке 2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды тапсырғаны мәлім. Осы орайда құзыретті мемлекеттік органдар басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жалақы мөлшері төмен екендігіне назар аударып, оның себебін анықтап, тиісті шара қолданса, құба-құп.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022
Қандас дәрігерлер қолдау күтеді
Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен қилы заманда бас сауғалап шекара асып, дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастарымызды атажұртқа қайтару үдерісін жандандыра жалғастырудың маңыздылығы қазіргі алмағайып кезеңде бұрынғыдан да арта түсті.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2022
Ғалымжан Пірматов: Белгілеген бағытымыз бен қолданған шараларымыз дұрыс болды
«Egemen Qazaqstan»-ға берген кезекті сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов аяқталуға тақау қалған жылдың басты макроэкономикалық сын-қатерлері мен қорытындылары туралы айтып берді. Сондай-ақ инфляция бойынша болжамдар, экономиканы несиелендіру, цифрлық теңгеге көшу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғалды. Ұлттық банк төрағасы қаржылық реттеуші үшін келер жылы қандай міндеттер басымдыққа ие болатыны жайлы да ой-пікірін ортаға салды.
Саясат • 28 Желтоқсан, 2022
Сайлау жүйесі: Әділдік пен ашықтыққа ұмтылыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында еліміздегі сайлау үдерісін жаңғырту қажеттігіне тоқталып: «Халықаралық тәжірибеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратыны белгілі, яғни әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор. Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады» деген еді. Осы орайда жуырда өткен кезектен тыс президент сайлауы еліміздің сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне елеулі сын болғаны анық.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2022
Белбеуді тарта байлап, қоя жейміз бе?..
Ұлттық банк биылғы 5 желтоқсанда базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға дейін көтерді. Ал қазан айының 26-сында 16 пайыз болып белгіленген еді. Соған орай Аманжан Жамалов бастаған бір топ Мәжіліс депутаты Үкіметке сауал жолдап, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені осынша арттыруымен келіспейтіндіктерін білдіріпті.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2022
Бұған ширек ғасырдағы ынтымақтастық нәтижесі айғақ Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толды. Ол 1997 жылы ең ірі қытайлық инвестор – CNPC (Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы) қазақстандық нарыққа шыққан кезде басталды. Бұл – әлемдік мұнай алпауыттары көшбасшыларының үштігіне кіретін және 38 елде мұнай-газ операцияларын жүргізетін әйгілі халықаралық кешенді энергетикалық компания.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2022
Әскери кафедра әскерге барғысы келмейтіндерге арналған ба?
Наполеон Бонапарттың «Өз әскерін асырағысы келмейтін халық жат әскерді асырайтын болады» деген әйгілі сөзі адамзаттың ақыл-ойы асып, ғарышты игеріп жатқан XXI ғасырда да маңызын жоғалтпағанына бүгінде көзіміз кәміл жетіп, көңіліміз алаң болып отырған жайымыз бар. Сондықтан да еліміздің қорғанысын һәм Қарулы Күштерін нығайту – күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе. Оның ойдағыдай шешімін табуына әскери оқу орындарымен қатар, азаматттық жоғары оқу орындарының әскери кафедралары да өз үлестерін қосуға тиіс.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
«Байғұстың асын бай қызғанадының» кері
Елімізде жыл сайын тұрғын үй құрылысы әжептәуір өріс алып, тіпті салыстырмалы тұрғыда рекордтық көрсеткіштерге де қол жеткізіліп келе жатқанына қарамастан, баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» қоры жайлы: «Қордың «KEGOC», «Qazaq Gaz» және «Қазақстан темір жолы» сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма, яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?» деп, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселені көтерген болатын.
Қоғам • 22 Қараша, 2022
«Өнердің шынайылығы осы» деп, кейіпкерлерге былапыт сөз айтқыза береміз бе?..
Жуырда Парламент Мәжілісінің Мақпал Тәжмағамбетова бастаған бір топ депутаты Бас прокурор Берік Асылов пен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына депутаттық сауал жолдап, кинотуындыларда, театрларда және әлеуметтік желілерде былапыт сөз айтуды тыю мәселесін көтерді.