Әскер • 26 Шілде, 2024
Түзеу мекемесіндегі жиһаз өндірісінде жалдамалы жұмыс істейтін алты әйел әдеттегідей таңертеңгі ауысымнан кейін киім ауыстыра бастаған. Кенеттен үш сотталушы әйелдің бөлмесіне тап беріп, жұмысшыларды тұтқынға алады. Жарты метрлік пышақ рәуіштес өткір затпен қаруланған олар мекеме басшылығынан қомақты ақша және қару-жарақ, одан кейін әуежайға дейін жеткізетін «Рафик» көлігін беруді талап етеді. Айтқандарына көнбесе, кепілге алынған әйелдерді аяусыз қынадай қырып салатынын айтып, есікті іштен тарс жауып алады.
Қоғам • 25 Шілде, 2024
Еліміздің күре жолдарында күн сайын жол-көлік апаты болады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері қала сыртындағы трассаларда 1 667 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың себебіне жасалған талдау көрсетіп отырғандай, жылдап жөндеу көрмеген жамау жолдарда қарсы қозғалыс жолағына шығудың және жылдамдықты асырудың соңы қайғылы жағдайға алып келеді.
Экология • 24 Шілде, 2024
Солтүстік Аралдағы су көлемі 27 млрд текше метрге дейін артты. Солтүстік Арал теңізін құтқару жобасы аясында маңызды нәтижеге қол жетіп, қоймадағы су көлемі 27 млрд текше метрден асқанын Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.
Экспорт • 24 Шілде, 2024
Қазақстан Қытайға 75 млн долларға ет пен мал жеткізуді жоспарлап отыр. Республиканың ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан-Қытай серіктестігінің маңыздылығы артып келеді.
Қазақстан • 24 Шілде, 2024
Климаттың өзгеруіне Қазақстан да алаңдаулы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуде COP29-ға қатысуы күтіліп отыр. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан – Қазақстан туристік форумында айтты.
Әлем • 24 Шілде, 2024
Қазақстан қаңтар-мамыр айларында Қытайға экспортты 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға, Ресейге 5,7%-ға арттырды. Тиісті деректерді Қазақстан экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты келтірді.
Қазақстан • 24 Шілде, 2024
Шарт ережелерінің орындалуы талқыланды
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) 2026 жылғы Шолу конференциясына екінші Дайындық комитеті өз жұмысын бастады. Айта кету керек, ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режімін нығайтуға бағытталған бұл жиын Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатыр.
Қазақстан • 23 Шілде, 2024
Өңірлік төлтаңба асқақ болуы шарт
Ел үшін ұлттық геральдика қашан да маңызды. Соның ішінде өңірлік рәміздер де қоғамның, мамандардың назарында болуы керек. Бұл мәселеде жергілікті жердің түпқазығын танып, мемлекеттік мүддені айқындайтын ортақ идеяны табу – басты мақсат.
Айбын • 19 Шілде, 2024
Алматыда өткен «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар дәстүрлі жиынында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Өзбекстаннан 14-17 жас аралығындағы 750 жас патриот бақ сынады.
Айбын • 19 Шілде, 2024
Офицерлер білім-білігін арттырады
Астанада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің базасында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың басшылығымен, әскердің командалық құрамымен бес күндік жедел жиын басталды. Кәсіби деңгейді жетілдіруге елуден астам полиция департаменттерінің офицерлері мен басшылары, еліміздің барлық өңіріндегі Ұлттық ұлан арнайы бөлімшелерінің командирлері қатысады.