Әлем • 02 Желтоқсан, 2022
Дипломатиялық қатынасты нығайтқан тұлға
Күздің соңғы күні Қытай Халық Республикасының бұрынғы басшысы Цзянь Цзэминь 96 жасында қайтыс болды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цзянь Цзэминьді «Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті» деп құрмет көрсетті.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022
«Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясында Жас саясаткер мектебі ашылды. Бағдарлама қатысушыларының алдында сөз сөйлеген партия хатшысы Дәулет Кәрібек жоба жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Саясат • 30 Қараша, 2022
Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері жағдаймен танысу және халыққа жедел көмек көрсету үшін Екібастұз қаласына келді. Халық қалаулылары үй-үйді аралап, жылытқыштар мен жылы киім-кешек тапсырды.
Саясат • 30 Қараша, 2022
Парламент Сенатында еліміздің сот жүйесін реформалау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында осы саладағы ұлттық заңнамаға енгізілетін түзетулер және сот жүйесін реформалау бойынша құрылған жұмыс тобы атқарған істің қорытындысы талқыланды.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
«Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарында, Әскери-теңіз күштерінде, сондай-ақ елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында әскер қатарын жаңа толықтырғандардың ант қабылдау рәсімдері өтті. Салтанатты іс-шарада 2600-ден аса сарбаз Отанға адал болуға ант берді.
Саясат • 23 Қараша, 2022
«Talqylau» тақырыбы – сайлау қорытындысы
«Amanat» партиясының Орталық аппаратында «Talqylau» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы партиялық алаңда бас қосқан сарапшылар кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын талқыға салды.
Қазақстан • 21 Қараша, 2022
Елімізде тұрақтылық пен ішкі-сыртқы қауіпсіздікті, бірлікті бекемдеу ісінде айрықша орны бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына биыл 30 жыл толды. Ел тәуелсіздігімен бірге қайта жасақталған қауіпсіздік органының осынау белесі қалыптасу мен тұрақты даму кезеңі ретінде айшықталды.
Қоғам • 16 Қараша, 2022
Жыл басынан бері Ақтөбе өңірінде есірткі салдарынан 8 адам ажал құшқан. Облыс прокурорының көмекшісі Ө.Ещановтың хабарлауынша, өткен жылы дәл осындай себеппен қайтыс болғандар саны алтау болған екен. Ал биыл есірткінің иньекциялық артық дозалануынан қайтыс болған адамдар саны 25 пайызға өсіп отыр.
Қоғам • 16 Қараша, 2022
Астана теміржол вокзалында үрмелі аспаптар оркестрі ойнап, еліміз бен Қарулы Күштердің тулары желбіреп, күздің қара суығын сездірмей тұр. Жақында теміржол вокзалында әскерден қайтқан астаналық сарбаздарды қарсы алу іс-шарасы тұңғыш рет ұйымдастырылды.
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Sensitive би театрының әртістерімен және Ereksheteatr жобасына қатысушылармен кездесті. Бұл ұжымдардың құрамында негізінен Солтүстік Қазақстан облысындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен түлектері өнер көрсетеді.