Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
440 материал табылды

Оқиға • 30 Желтоқсан, 2022

«Қасіретті қаңтар»: сынақ пен сабақ

Санаулы күннен кейін тарих қойнауына енетін 2022 жыл, өкінішке қарай, қаралы қаңтар оқиғасымен басталды. Қазақстан тарихын «Қасіретті қаңтарға» дейін және кейін деп екіге жарған бұл күндер мемлекет болып қайта қалыптасудың, ұлт болып қайта ұйысудың қастерлі межесін көрсетіп берді. Қаңтар қырғыны қоғамды есейтті, сананы сілкінтті. Бәрінен бұрын береке-бірлігіміздің қадірін түйсіндік. Бірақ, қан төгілді. Жазықсыз жандар зардап шекті. Қоғамдағы үлкен өзгерістің дені нақақтан төгілген қан арқылы келетіні тарихтан белгілі. Өкініштісі, бізге де осы жолдан өтуге тура келді...

Парламент • 28 Желтоқсан, 2022

Нейрохирургия орталығы: игілікті ізденістер

Сенат спикері Мәулен Әшім­баев бастаған Палата депутат­тары Ұлттық нейрохирургия орта­лығына барып, меди­ци­налық ны­санның негізгі құры­лым­дарының жұмысымен танысты.

Саясат • 27 Желтоқсан, 2022

Өңірлер мүддесі – маңызды басымдық

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қалалық мәслихатының депутат­тарымен кездесті. Кездесуде елімізде жүргізіліп жатқан кешенді демократиялық реформалар және Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңғыртулар жан-жақты талқыланды.

Президент • 27 Желтоқсан, 2022

Тағзым мен тағылым

Алматыда қаңтар қасіретіне арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Ақ-қара ескерткіштердің бірінде Бұқар жырау толғауынан мынандай үзік жазылған: «Жақындап ажал тұрса да, жанына қылыш ұрса да... Үмітін жоймас адамзат!». Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар құрбандарына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысып, қасіретті күндер бәріміз үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Мемлекет басшысы елдің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау перзенттік парызымыз екенін еске салды.

Парламент • 12 Желтоқсан, 2022

Жайылым тапшылығы: мәселе реттеліп келеді

Елордада жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен алқа жұмысына Мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылары және басқа да мүдделі мамандар қатысты.

Президент • 12 Желтоқсан, 2022

Одақ аясындағы ынтымақтастық тереңдей түспек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Экономика • 07 Желтоқсан, 2022

Саяси маман даярлау бағдарламасы

«Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» бір апталық оқу бағдарламасын аяқтады. Бағдарламаның алғашқы легіне еліміздің барлық өңірінен 50 адам қатысты.

Саясат • 06 Желтоқсан, 2022

Ашықтық – маңызды ұстаным

Астанада «Қазақстан Республикасы Парламентінің қоғамға инсти­ту­цио­­налдық ашықтығы» атты халықаралық конференция өтті. Бас­қосу барысында сенаторлар Қазақстандағы парламентаризмді дамы­ту қоры, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, USAID, Internews және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі­нің өкілдерімен бірге парламентшілердің азаматтық қоғам көшбас­шыларымен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2022

Берік Асылов: Басты мақсатымыз – адам құқын қорғау

Қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокуратура органдарының рөлі айрықша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратураға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бүгінде прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің сенім­ді тірегіне айналды. Ал 6 желтоқсан – Прокуратура күні қар­саңында Бас прокурор Берік Асыловқа қылмыстық істерді тергеу, бизнесті қорғау, Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақым­шылық жасау, шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару комиссиясының жұмысына қатысты сұрақтарымызды қойған едік.

Саясат • 05 Желтоқсан, 2022

Мемлекетке қайтарылғаны – 3 миллион гектар жер

«Amanat» партиясының Орталық аппаратын­да «Жер аманаты» комис­сиясы­ның кеңейтіл­ген оты­рысы өтті. Жиын ба­ры­сында атқарыл­ғ­ан жұ­мыстың аралық қо­ры­тын­дысы шығары­лып, алдағы міндеттер айқындалды.