Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022
Тәуелсіздікке қорған болған...
Бүгін – 10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні. Бүгін – елімізге жасалған террористік актілер кезінде қаза болғандарды аза тұту күні. Бүгін сын сағатта елді сабырлық пен имандылыққа, ауызбіршілік пен тұтастыққа шақыратын сәт. Төтеннен, ең бастысы бөтеннен келген қара құйын қараша халықты күйзелтіп кетті. Қара жамылдырды. Халықтың ақ, адал еңбегі тоналды, жиған-тергені шашылды. Ғимараттарымыз қирады, көшелеріміз ойран болды. Қалаларымызда қан төгілді. Тәуелсіздігіміздің тал бесігі – Алматы отқа оранды.
ANTIKOR • 04 Қаңтар, 2022
Субсидиялар әділетсіз бөлінген
Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент. Еліміздегі ең ірі үш мегаполис сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша алдыңғы үштікке енсе, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары өңірлердің «көшін» бастап тұр. Ал салалар бойынша жемқорлық фактілері ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау ведомстволарында көп тіркелген.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021
Адам құқығы – ең басты құндылық
Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салған 150 елдің қатарына қосылды. Енді еліміздегі ең қатал жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру болып қалды. Яғни Қылмыстық кодекстегі ең ауыр жаза – 47-бап – «Өлім жазасы» толығымен алынып тасталды. Осылайша, еліміз өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған халықаралық қозғалысты қолдайтынын заң жүзінде дәлелдеді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021
№ 456 Жарлық жүктеген жауапкершілік
Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдік пен егемендігіміздің басты құндылықтарына тоқтала келіп, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында бірқатар күрделі тақырыпқа ерекше тоқталған болатын. Солардың бірі – осы уақытқа дейін толық зерттеле қоймаған тарихымыздың ақтаңдақ беттері – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубеті мен алапат ашаршылық, қуғын-сүргін зұлматы еді.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2021
Түрмедегілер саны 2,5 есеге азайды
Бүгінде елімізде 80 түзеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 64-і – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау мекемесі болса, 16-сы – тергеу изоляторы. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2021
Егемен Қазақстан тарихында бұған дейін 8 рет рақымшылық жасалған екен. Оның төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Биыл да ең қастерлі мереке – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 14 мыңнан астам сотталған рақымшылыққа ілікті. Бұл – ел тарихындағы тоғызыншы рақымшылық.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2021
Ашықтық пен тиімділікті арттырады
Зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мәлімдеуінше, депутаттар ұсынған заңдағы өзгерістер ең алдымен ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2021
Құтқарылған адам саны – 11 мың
Биылғы 11 айда еліміз бойынша 12 мыңнан артық төтенше жағдай тіркеліп, 11 мыңнан артық адам құтқарылған. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, тіркелген төтенше жағдайлар саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға азайған.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021
Кешікпейтін пойыз керек еді...
Жақында ауылдағы ағайындарымыздың бірі республикалық кардиологиялық орталыққа 2 жасар баласын қарату үшін елордаға пойызбен келді. Жолға шығардан бұрын хабарласқанда профессордың қабылдауына бір ай бұрын жазылып қойғанын айтып: «Сол үшін билетті әдейі «Тальгоға» алдық, қабылдауға үлгеріп баруымыз керек», деген еді. Қырсыққанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы жүрдек пойыз сол күні бақандай 2 жарым сағатқа кешігіп жетті. Туысымыз ғана емес, сол пойызбен келген 300-ге тарта адам діттеген жеріне кешігіп келіп, жоспарлары быт-шыт болды...
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Біздің күш-қуатымыз берекелі бірлікте
«Конфессияаралық келісім – Қазақстан Тәуелсіздігінің негізі». Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуды дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының алаңында өткен халықаралық конференция осылай аталады.