Елорда • 12 Қараша, 2021
Елорданың бас қақпасы – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы күніне 8 мыңға жуық жолаушы ұшып келсе, осыншама адам кері қайтады. Тәулігіне мұнда 160-тай рейс ұшады. Оның 50-і халықаралық. Әуежай – стратегиялық объект. Сол себепті де әуе нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келімді-кетімді жолаушылардың құқын қорғау көлік полициясының негізгі міндетіне айналған.
Қазақстан • 10 Қараша, 2021
Үш буынды модель тиімділігін көрсетуде
«Соңғы 4 айда елімізде әкімшілік соттар 2200-ден астам шешім шығарса, олардың жартысына жуығында азаматтар жеңіске жетті. Бұл көрсеткіштер Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске негіз болған басты принциптердің тиімділігін дәлелдейді», деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин.
Қазақстан • 09 Қараша, 2021
Тілсіз жаудың алдын алуға басымдық беріледі
Биылғы 10 айда елімізде 9 мыңнан астам өрт болып, соның салдарынан 358 адам жарақат алса, өкінішке қарай, 297 адам қаза болған. Ал құтқарылғандар саны 4 мыңнан асады. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады.
Қоғам • 07 Қараша, 2021
Оқып алдың ба, сатып алдың ба?
«Жүргізуші куәлігін алдым» деген адамға қойылатын алғашқы сұрақтың ауаны шамамен осындай бізде. Себебі бұл құжатты оқып, тиісті сынақтардан өтіп алатындар көп емес. Мұны дүйім жұрт біледі. Есесіне, сатып алатындар мен куәліктің құнын аспандатып саудаға салатындар азаймай тұр. Бұрын қоғамға кеселі көп бұл заңсыздыққа полиция қызметкерлері көп баратын.
Қазақстан • 26 Қазан, 2021
Саланы цифрландыру қызмет сапасын арттырады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ішкі істер органдарын цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Еліміздегі ең ірі ведомствоның көптеген қызметтері электронды форматқа көшірілгенін сөз еткен ол цифрландырудың полиция мен халық арасындағы байланысты, министрлік пен өзге мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыра түсетінін атап өтті.
Руханият • 22 Қазан, 2021
Архив ісін дамыту – күн тәртібіндегі іс
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Президент архивінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбына арналған үшінші ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 20 Қазан, 2021
Бұл «Бәйтеректің» артында кімдер тұр?
«Бәйтерек» жаңа әлеуметтік жобаны ұсынады. Енді әрбір қазақстандық қаржылық жағдайын жақсарта алады. Толығырақ – сілтемеде...». «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның логотипі мен басқа да нышандарын пайдаланған осындай ақпарат соңғы 1-2 айдың ішінде әлеуметтік желілерде қаптап кетті.
Қазақстан • 19 Қазан, 2021
Қандастар жолында әлі де кедергі көп
Этностық қазақтар үшін ҰБТ-ны алып тастау. Дайындық курстарының бағытын тілдік курстарға өзгерту. Қандастарымызды шетел азаматтығынан шығару мәселесін дипломатиялық келіссөздер немесе үкіметаралық келісімдер арқылы шешу. Осы және өзге де маңызды ұсыныстар «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның жетінші отырысында кеңінен талқыланды.
Қазақстан • 15 Қазан, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа бағыттары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Қоғам • 12 Қазан, 2021
Есірткі қылмысымен күрес күшейтіледі
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Берікхан Нұрғалиевтің хабарлауынша, бірер күннен кейін синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түрі мен 17 прекурсордың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған Үкімет Қаулысы күшіне енеді.