Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
358 материал табылды

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Мейірімділік қадамы

Қоғамда «гуманизм мен мейірімділік актісі» аталып кеткен «Рақымшылық жасау туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мем­лекет. Біртұтас ұлт. Бере­келі қоғам» атты Қазақстан хал­қына Жолдауындағы ізгілік идея­сының негізінде, яғни қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында жарияланған оныншы рақымшылық болса, нақты бір оқиғаға байланысты, яғни ситуациялық мұндай заң елімізде тұңғыш рет қолданылып отыр.

Қазақстан • 01 Қараша, 2022

Бірлігі бекем бөлім

Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметі материалдық-техникалық тұр­ғы­дан жан-жақты қамтамасыз етілуіне тығыз байланысты. Сол себепті Қарулы Күштердің бұл саласына ерекше назар аударылады. Алайда көптің көзінен таса бұл қызмет түрін қарапайым жұрт біле бермейді. Солардың бірі – елордадағы 83205 әскери бөлімі. Биыл күзде құрылғанына 30 жыл толған бөлімге Қорғаныс ми­нистр­лігі мен Қарулы Күштер Бас штабын қамтамасыз ету жүктелген.

Таным • 30 Қазан, 2022

Әлемдік брендтің айнымас философиясы

Samsung деген сөз бізге жат емес. Кез келген қазақ­стандықтың үйінде жоқ дегенде кір жуғыш машинасы, болмаса тоңазытқышы, қала берді қысқа толқынды пеші мен теледидары осы компанияның өнімі. Сөзімізге сенбесеңіз, үйіңіздегі тұрмыстық техникаға, болмаса айналаңыздағы адамдардың ұялы телефонына бір көз жүгіртіп өтіңізші... Ал өткен жылы Samsung Galaxy A12 әлемдегі ең көп сатылатын смартфондар тізімінің көшін бастап берді. Осыдан-ақ ең алғашқы қызметін 1938 жылы күріш ұны мен кеспесін сақтайтын қоймадан бастаған оңтүстіккореялық компанияның трансұлттық корпорацияға және әлемдегі ең танымал тұрмыстық электроника брендтерінің біріне айналғанын түсінесің.

Таным • 27 Қазан, 2022

Таңғы шық елінің талғамы

Корея Республикасы – небәрі 70 жылда қарқынды дамып, «Азия жолбарысы» мен «Ханган өзеніндегі экономикалық ғажайыпқа» айналған ел. Бұл, сондай-ақ, тұрмыс-тіршілігіне робот техникасы дендеп еніп кеткен болашақтың, кей-поп пен әлемді киносымен жаулап алған мүмкіндігі мол мемлекет. Таяуда Кореяның экономикалық кереметінің бәрін болмаса да біразын көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік туды. Samsung компаниясы ұйымдастырған баспасөз сапары кезінде елдің үш қаласы – Сеул, Пусан және Сувонда болып, бүкіл әлемді электроникасы және көліктерімен толтырып тастаған шағын ғана елдің технологиялық тұрғыдан қалай дамығанына таңғалып келдік.

Қазақстан • 18 Қазан, 2022

Тұлғалар тағылымы

Ежелден елдік мәселелер биік мінберде көтеріліп, халықтың сөзі алқалы жиындарда айтылып келеді. Тұтас ұлттың тағдыры таразыға түскенде айтыл­ған сөз бен талқыға түскен ұсыныс-пікірдің тарихта алар орны ерек. Күні кеше қай­тадан егемен елдің еңселі мере­кесіне айналған Респуб­лика күнінің тағдыры да осын­дай алқалы басқосу­лардың бірінде шешілген еді. Нақтырақ айтсақ, ел тәуелсіздігін жария­лауға негіз болған тарихи күн туралы жылдар өткен­нен кейін ұлт ұясы – Ұлы­тау­дағы құрылтайда айтылды.

Саясат • 16 Қазан, 2022

Мұнай-газға мән беріледі

«Amanat» партиясының орталық аппаратында Мұнай-газ саласы комитетінің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында комитеттің құрамы мен ережесі бекітілді.

Қазақстан • 13 Қазан, 2022

Ұжымдық ұтқыр қимыл

«Айбалта-2022» стратегиялық коман­далық-штабтық оқу-жатты­ғулары аясында елімізде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жедел әрекет ету күштерінің «Эше­лон», «Іздеу», «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығулары өтті. Осы­ған орай Қазақстанға ұйымға мүше мем­лекеттердің әскери контин­гент­тері келіп, бірлескен жауын­герлік іс-қимылдарды пысықтады.

Саясат • 13 Қазан, 2022

«Болашақтың» байыпты байламы

«Болашақ» қауымдастығы биыл 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы прези­дентінің кезектен тыс сайлауында қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды.

Саясат • 11 Қазан, 2022

Азаматтық борыш

Әділетті Қазақстанды құру үшін жаңа саясаттың ең маңызды бас­тамасы – алдағы кезектен тыс президент сайлауының мәні зор. Бұл сайлау елдің болашақ даму жолын көп жағынан айқындайды.

Саясат • 09 Қазан, 2022

«Talqylau» тақырыбы – халықтық коалиция

«Amanat» партиясының Орталық аппаратында «Talqylau» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы сараптамалық талқылаудың тақырыбы – «Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция».