Қоғам • 14 Сәуір, 2022
Хакерлер криптовалютамен төлеуді талап етеді
Киберқылмыс – цифрландырудың теріс тұсы. Бопсалау мақсатында жасалған кибершабуылдар бұрыннан бар. Алайда соңғы кезде оның сипаты айтарлықтай өзгерді. Киберқылмыскерлер батыл, «шабуылдау» әдістері алғыр бола түсті. Қазір кибершабуылдар туралы сөз қозғалса, көбіне шифрлаушылар пайдаланылған ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туралы айтылады. Өйткені бұл үнемі даму үстіндегі қатер және аталған қатерден бірде-бір ұйым сақтандырылмаған.
Қоғам • 14 Сәуір, 2022
Интернет сапасын жақсарту жайы пысықталуда
Осы аптаның басында елордада біраз уақыт интернет қызметі болмай қалғаны белгілі. Оған не себеп болғанын «Қазақтелеком» компаниясының баспасөз қызметі түсіндірді.
Қоғам • 12 Сәуір, 2022
eGov.kz: Жер алуға кезекке тұруға болады
Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай тізілімін әзірлеуді тапсырған болатын. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ЖТҚ-ға жер учаскесін алуға кезекке қою процесін автоматтандыру мәселесін пысықтады. Ал әкімдіктер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесінің Жария кадастр картасына жүктеу үшін бұдан бұрын кезекте тұрғандар туралы жиналған ақпаратты ұсынды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2022
Жуырда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парақшасын ашты. Үш күннің ішінде Үкімет басшысының парақшасына 23 мыңға жуық желі қолданушысы жазылды. Әрине, бұл ресми аккаунт болғандықтан жазылым бойынша көрсеткіштерді белгілі блогерлермен салыстырудың қажеті жоқ. Маңыздысы, алғашқы күннің өзінде-ақ желідегі жұрт 1200-ден астам пікір қалдырып үлгерген.
Қоғам • 05 Сәуір, 2022
«Электронды жеке іс» сервисі жұмысқа орналасуды жеңілдетеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Электронды жеке іс» жаңа сервисін іске қосты. Бұл жұмысқа орналасу процесін жеделдетуге және қызметкердің жұмыс берушіге деректерді қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Технология • 05 Сәуір, 2022
Құжаттар танымал платформаларға енгізілді
Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларына «Цифрлы құжаттар» қызметі енгізілді. Бұрын цифрлы құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын.
Медицина • 01 Сәуір, 2022
Аорта қатпарлануы бар жүрекке жасалған ота
«Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызмет жеткізушілерінің бірі – №2 көпбейінді қалалық аурухана. Аурухананың Шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығында МӘМС аясында пациенттерге қымбат оталар күнделікті жүргізіледі. Бұл жолы аорта қатпарлануы бар жүрекке күрделі қайталама ота жасалды», деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Өкпесі толық зақымданған ана аман-есен босанды
Елордадағы № 2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері босану кезінде өте ауыр халде болғанына қарамастан, пациент Айнагүл Оразбекованы сәтті босандырды. Оған коронавирус және ауыр дәрежелі екіжақты вирустық пневмония диагнозы қойылған еді. Ауыр жағдайға қарамастан, науқас салмағы 4 000 грамм болатын дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл қазіргі заманауи медицина қызметіндегі бір мысал ғана.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
«Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Қамқоршылық кеңес «Қазақстан халқына» қорының Денсаулық сақтау министрлігімен, ғылыми және мамандандырылған медициналық ұйымдармен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі кеңесін іске асыру тәсілдерін бекітті.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2022
Ел Президентінің парасаты мен пайымы, сөзі мен ісі қабысатынына жұртшылықтың көзі жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тоқетер сөзі ұзақ уақыт назардан тыс қалған қазақы өңірлерді тоқ қылар қадамның басы болғай. Қаймана қазақтың тілегі осы. Семей, Талдықорған, Жезқазған, Қапшағай орталықтары болатын Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстары сияқты жаңа әкімшілік аумақтарды құру жөніндегі ұсыныс шын мәнінде бұқараны бір серпілтіп тастады.