Технология • 09 Ақпан, 2022
Astana Hub IT өнімдерді жасауға үйретеді
Бағдарламалау дағдыларынсыз дайын өнімді құру, бизнес-модельді көп шығынсыз сынау, стартапты бірнеше есе жылдам іске қосу және әзірлеушілердің көмегінсіз жасау әбден мүмкін. 1 мыңнан астам адам мұны Astana Hub-тың бағдарламалаусыз IT өнімдерін жасау курсының көмегімен үйренді. Жақында елордалық технопарк No Code бағдарламасының төртінші легіне өтінімдер қабылдауды жариялады.
Қоғам • 02 Ақпан, 2022
Сұраныс пен ұсыныстың төмендеуі байқалды
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректеріне сәйкес 2021 жылғы желтоқсанда Электрондық еңбек биржасында 88,7 мың бос жұмыс орны және 21,2 мың түйіндеме орналастырылған. Жалпы, жыл соңына қарай еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың қысқаруы байқалды. Мәселен, желтоқсан айында жарияланған бос жұмыс орындарының саны өткен аймен салыстырғанда 17%-ға, ал түйіндеме 40%-ға төмендеді.
Медицина • 01 Ақпан, 2022
«Сақтандырылмағанға» қандай медициналық көмек көрсетіледі?
Әлеуметтік желіде медициналық көмек қажет болған кезде оны сақтандыру мәртебесінсіз алу мүмкін еместігі жиі айтылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттердің қандай медициналық көмекке сенім арта алатынын және аталған қызметтің қалай көрсетілетінін тағы бір еске салды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің бірыңғай сатып алушысы және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді. МӘМС тізбесіндегі қызметтер «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға ұсынылады. Ал сақтандырылмаған пациенттер қандай көмек күте алады? Оларға ТМККК-де көзделген медициналық көмектің түрлері ұсынылады.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Зейнетақы қаражатын жымқырғандар ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектің және 60 зейнеткердің зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасын анықталды.
Қоғам • 01 Ақпан, 2022
Атаулы көмекке 68,5 млрд теңге бөлінді
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 198,4 мың отбасындағы 990,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Жеңілдетілген автонесие қайта жалғасады
Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда.
Қоғам • 01 Ақпан, 2022
Шетелдік жұмыс күшіне сұраныс бар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 932 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2022
Әлеуметтік кодекс әлеумет мәселесін шеше ала ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022
Пәтер иелерінің жиналысын өткізуге болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша еліміздегі көп пәтерлі үйлердің 75%-да жай серіктестік және меншік иелерінің бірлестігі құрылды. Енді E-gov порталында электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен пәтер иелерінің жиналысын өткізуге және үйді басқару нысанына қатысты дауыс беруге болады.
Технология • 28 Қаңтар, 2022
Astana Hub резиденті әлемнің үздік MedTech жобаларының ондығына енді
Cerebra отандық стартабы денсаулық сақтау технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы – капиталдандырылуы шамамен 144 млрд долларға жеткен Medtronic компаниясының деректері бойынша медициналық жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең инновациялық жобалардың ондығына енді. Компанияның 150 елдегі өкілдіктерінде 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді.