Қоғам • 14 Маусым, 2022
Босқындарға қатысты мәселелерді талқылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Өкілі Ханс Фридрих Шоддермен кездесті. Тараптар босқындар мен пана іздеушілердің құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойды.
Экономика • 14 Маусым, 2022
Тұрғын үй нарығындағы баға өсті
Соңғы бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы мамырда 22,8% артты.
Медицина • 13 Маусым, 2022
МӘМС: Жеңілдікке ие 15 санат қатарына кімдер кіреді?
Медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда жүгіну керек? Осы және өзге де сұрақтарға қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы директорының орынбасары Сандуғаш Болысбекова түсіндіріп берді.
Медицина • 13 Маусым, 2022
Қазіргі таңда телефон қолданбайтын адамды кезіктіру қиын. Әрине, бұл жақсы да. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алып, жаңа ақпаратты дер кезінде қабылдап үлгердік. Алайда смартфон бүгінде «бала жұбату» қызметін де атқарып жүргені белгілі. Мамандар бұл қауіпті үрдіс екенін айтып дабыл қағуда.
Елорда • 10 Маусым, 2022
Есіл табанында дөңгелек те, жиһаз да жатыр
Есіл өзенінің түбінен көлік дөңгелегі, жиһаз секілді қоқыс табылды. Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінде сүңгуірлік жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экология • 10 Маусым, 2022
«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында ілбіс фототұзаққа түсті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Қоғам • 08 Маусым, 2022
Электронды декларациялау орталығының көмегі көп
2022 жылдың басынан бері Электронды декларациялау орталығы бюджетке қосымша 9,4 млрд теңге кедендік төлемдер мен салықтарды бюджетке өндіріп алды. Мемлекеттік кірістер комитетінде «Атамекен» ҰКП-ның 2022 жылғы 19 мамырда «Электронды декларациялау орталығы үмітті ақтамады» тақырыбымен жариялаған мақаласына қатысты түсіндірме берді.
Қоғам • 29 Мамыр, 2022
Чернобыль: Қайғылы жағдай қайталануы мүмкін бе?
1986 жылдың көктемінде бейбіт атом тарихындағы ең ірі апаттардың бірі болған Чернобыль оқиғасы төрткүл дүниені елең еткізді. Қайғылы жағдайға 36 жыл өтсе де ел тұрғындары «бейбіт атом» немесе Атом энергиясы туралы сөз қозғала қалса, алдымен Чернобыльдегі апатты еске алады. Бұл жасырын емес.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2022
Атом қуатын пайдалану – ұзақ мерзімді жоба
Қазақстан энергетика жүйесін жаңғырту ел экологиясын жақсарту мен экономикасын дамыту үшін маңызды қадамдардың бірі болары сөзсіз. Бүгінде әлемде энергия көздерін ураннан алу тәжірибесі тиімді жүзеге асып келеді. Алдағы 50 жылда адамзат тарихта осы күнге дейін қолданған энергиядан да көп қуат көзін талап етеді. Бұл барлық технологияның электр қуатын пайдалануына байланысты болып отырғанын ескеру керек.
Медицина • 09 Мамыр, 2022
«Аңсаған сәби» аясында 800-ден астам ЭКҰ рәсімі өткізілді
2022 жылдың І тоқсанында МӘМС жүйесі шеңберінде экстракорпоралдық ұрықтандырудың 835 рәсімі орындалды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ЭКҰ-ны медициналық сақтандыру бойынша кім және қалай өте алатындығы туралы айтылды.