Руханият • 04 Наурыз, 2020
Биыл ел астанасы ерекше қарлы болды. Коммуналдық қызмет өкілдеріне техника құралдары жетпей, шаһарды қардан тазартып үлгере алмай әбігерге түсті. Әлбетте Арқаның ақша бұлттары кең далада кедергісіз соғатын желмен көсіле көшіп, жауын-шашынның бұл төңірекке түсуіне мүмкіндік бере бермейтіні белгілі.
Қоғам • 03 Наурыз, 2020
«ҚазТрансОйл» – әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудың флагманы
«ҚазТрансОйл» АҚ мен компания жұмыскерлері арасында Ұжымдық шартқа қол қойылды. 27 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов және компанияның барлық жұмыскерінің мүддесін білдіретін 5 жергілікті кәсіподақ өкілдері алдағы үш жылға Ұжымдық шартқа қол қойды. Қол қою барысында қатысушылар Ұжымдық шарттың заңды маңызы мен құқықтық сипатын растады, оны қолданылу мерзімі ішінде орындауға міндеттенді.
Экономика • 03 Наурыз, 2020
Отандық автоөнеркәсіп қалай дамып келеді?
Бүгінде қазақстандық автокөлік өнеркәсібі шикізаттық емес секторды индустриялық тұрғыда дамытудың 12 басым бағытына жатады. Салаға мемлекет жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елдегі машина жасау саласында автокөлік өнеркәсібінің үлесі 26 пайызды құрады, 50 мыңнан астам техника өндірілді, 2,7 мыңға жуық автокөлік экспортталды.
Қоғам • 28 Ақпан, 2020
Қытайдан тараған коронавирустің ошағы кеңейе түсті. Шекараны қымтауда Қытай елімен ғана емес, басқа да шет мемлекеттерге байланысты сақтық шаралары қолға алынып жатыр. Соңғы күндері әсіресе Оңтүстік Кореядағы ахуал алаңдата бастады. Аталған елде өткен тәулікте алдыңғы күнмен салыстырғанда инфекцияның өсім қарқыны 48 пайызға жеткен. Қытайда індеттің артуы тәулігіне 65-70 пайыз болғанын ескерсек, бұл айтарлықтай жоғары өсім.
Үкімет • 28 Ақпан, 2020
Мүмкіндігі шектеулілер әрдайым қолдау көреді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ұлттық құраманың Жапонияда өтетін Паралимпия ойындарына дайындығы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығы қызметімен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Экономика • 21 Ақпан, 2020
3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды
«ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпорынның былтыр сатып алудағы жергілікті қамту үлесі еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескергенде 74 пайызды құрады және жиынтығы 105 млрд теңгеден асты.
Экономика • 21 Ақпан, 2020
Мұнай мен конденсат өндіру деңгейі тұрақты
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2019 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады.
Экономика • 21 Ақпан, 2020
Жаңа энергия блогы іске қосылады
Екібастұз ГРЭС-2 директорлар кеңесі стансадағы 3-ші энергия блок құрылысының жобасын одан әрі іске асыруды қолдау туралы шешім қабылдады.
Экономика • 19 Ақпан, 2020
30 млн тоннаға жуық мұнай өндірді
1979 жылы ашылған Теңіз мұнай кеніші – әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі. Аталған кеніште 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылған «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде былтыр мұнай өндіру көлемі 29,79 млн тоннаны (237,7 млн баррель) құрады.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2020
Салымшыларға өтем төлеу мерзімі ұзартылды
Еуразиялық банкі бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен Еуразиялық банк тиісті келісімге қол қойды.