Пікір • 01 Сәуір, 2024
Сыршыл ақын Исраил Сапарбай ұлт болмысы мен мінезі туралы аз өлең жазған жоқ. Солардың ішінде «Мінез» атты мына өлең жолдарының ар жағынан жарқ еткен жасын мінездің жаңғырығы естіледі.
Саясат • 01 Сәуір, 2024
Қазақ-Қытай қатынасының жаңа белесі
Өткен аптадағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары әлем саясаткерлерінің назарын аударды. Өйткені Қазақстан Президенті шығыстағы алпауыт көршіміздің аумағында бірқатар маңызды кездесу өткізді.
Қоғам • 31 Наурыз, 2024
Қайырымдылық қағидалары: Гуманитарлық көмек
Еліміз халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандықтан, басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяп көрген емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетіліп отыр.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Жергілікті БАҚ ахуалы талқыланған жиын
Кеше Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау» атты дөңгелек үстел өтті.
Қылмыс • 28 Наурыз, 2024
Шекарашылар Қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз жолмен өткізілмекші болған 3,5 миллион қорап темекі өнімдерін тәркіледі. Заңсыз жүкті тиеген 4 ауыр жүк көлігін Қазақстан-қырғыз шекарасындағы «Айша бибі» өткізу пунктінде тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметкерлері анықтаған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Үкімет • 28 Наурыз, 2024
Экономикалық ықпалдастық артады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде еліміздің сыртқы саясаты, экономикалық интеграция және өзге де маңызды мәселелерге қатысты заң жобалары қаралды.
Басылым • 27 Наурыз, 2024
Басқа басылымдардан: Мұнай өндіру болжамы өзгермейді
Қазақстан билігі ОПЕК+ келісімі бойынша өндіруді қысқарту жөніндегі міндеттемелеріне байланысты биылға мұнай өндіру болжамын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Үкімет • 21 Наурыз, 2024
Құрылтайда көтерілген мәселелер парламенттік тыңдауда талқыланады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен жалпы отырыс өтіп, депутаттар «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң екінші оқылымда қабылданды.
Әлем • 20 Наурыз, 2024
Зілзалада пана болған киіз үй: Түркияға деген риясыз пейілімізді көрсетті
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Былтыр Түркия жерінде болған алапат зілзаладан кейін отандастарымыз қаржы жинап, бауырлас елге мыңдаған киіз үй жөнелтіп, ынтымағын танытқан еді. Жер сілкінісі салдарынан үйсіз-күйсіз далада қалған түрік бауырлар сол киіз үйдің қызығын көрудей-ақ көріп, атажұрттағы ағайынға көздеріне жас ала алғыс жаудырған-ды. Қазір сол көшпелілер баспанасы қайда екен деген сұрақ қолымызға қалам алдырды.
Мәселе • 20 Наурыз, 2024
Су тапшылығы – Орталық Азияның өзекті мәселесі
Ауылы аралас, қойы қоралас Орталық Азия елдеріне ортақ проблема көп. Соның ішінде бір ғана су ресурстарының төңірегінде жыл сайын дипломатиялық дау туып, елімізде «Күлтөбенің басында күнде жиын» болады да жатады. Трансшекаралық өзендердегі су тапшылығынан ең көп зардап шегетін Қазақстан вегетация кезеңінде тығырыққа тіреледі де қалады. Былтыр Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенін біраз шығынға батырған су тапшылығымен биыл қаншалықты күресе аламыз? Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғаттың былтырғыдай тосынсыйына биыл тас-түйін дайын ба? Оның үстіне, тарансшекаралық өзендер мәселесінің экономикалық жағынан гөрі саяси, дипломатиялық салмағы басымырақ сияқты.