Жануарлар • 17 Шілде, 2023
Железин ауданындағы «Асан» шаруа қожалығы айдың-күннің аманында 37 бас қара малынан айырылып қалды. Былтыр несиеге сатып алған асыл тұқымды қымбат түлік айналасы бір сағаттың ішінде бірінен соң бірі сұлап, арам қатқан. Шаруа иесі де, ветеринарлар да сиырлардың неден өлгенін біле алмай отыр.
Аймақтар • 13 Шілде, 2023
Павлодар облысында ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін маңызды жобалар қолға алынып жатыр. Алдағы үш жылда ауылдарға кіреберіс жолдардың барлығы толықтай жөнделіп, биыл елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы 98 пайызға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Бұған қоса бірнеше мекенде жаңа мектептер бой көтереді.
Баға • 13 Шілде, 2023
Жаңа тариф: көрпеге қарай көсілу
Керекуде тамыз айынан бастап электр энергиясы, жылумен, сумен қамту және кәріз жүйесінің тарифтері біртіндеп қымбаттайтыны белгілі болды. Монополияға қарсы мекемелердің өкілдері коммуналдық төлемдердің жаңа бағасы халықтың қалтасына салмақ түсірмейтіндей белгіленеді деп отыр. Дейтұрғанмен бір ғана жарық тарифі шамамен 27 пайызға өсетіні тұтынушылардың көңіліне жақпай тұрғаны рас.
Аймақтар • 10 Шілде, 2023
Әулиелі Қызылтаудағы көне заманнан қалған ескерткіштердің бірі – «Жұмбақ қыз тасы». Көргендердің айтуынша, түс ауа күн сәулесі тіке түскенде бір мезет әлгі тастан қыз бейнесі жарқырап шыға келеді екен.
Аймақтар • 10 Шілде, 2023
Павлодар мұнай-химия зауыты маусым айының соңғы онкүндігінен бері толық тоқтап, жөндеуге жабылды. «Бұл жағдай отандық жанар-жағармай нарығында жылдағыдай тапшылық туындата ма?» деген күдікке жетелегені рас. «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығы қолдағы мұнай өнімдері тұтынушыларды қамтамасыз етуге толық жеткілікті деп отыр.
Аймақтар • 09 Шілде, 2023
Керекудегі тарихи ғимараттар мен ескерткіштерге жапсырылған ақпараттық QR-кодтар есірткі саудасын жарнамалап келгені анықталды. Түрлі күмәнді сайтқа жөн сілтейтін сілтемелердің тарихи нысандар жайлы ресурсқа қалай түсіп кеткені әзірге беймәлім.
Аймақтар • 05 Шілде, 2023
Ертістің игілігін қашан көреміз?
Ертіс өзеніндегі кеме қатынасын дамыту төңірегінде бүгінде сөз көп те, атқарылған іс мардымсыз. Мемлекеттік техникалық флоттың, жағалаудағы көлік инфрақұрылымдары мен шлюздердің тозуы өзендегі кемелерді өткізу қабілетін барынша төмендетіп жіберген. Ішкі көлік саласындағы бұл түйткілді тарқату бүгінде мамандардың бас ауруына айналып отыр.
Аймақтар • 30 Маусым, 2023
Ертістен су тасып ішуге мәжбүр
Чернорецк ауылының тұрғындары сапалы ауыз судан таршылық көріп отыр. Елді мекенде 40 жылдан астам жұмыс істеп тұрған скважинаның суы түгесіліп, амалы қалмаған жұрт Ертіс өзенінің суын қайнатып ішуге мәжбүр.
Өнер • 30 Маусым, 2023
Платиналы дискіні музейге тапсырды
Әйгілі «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейіне өзінің платиналы дискісін тарту етті. Заманауи музыкалық коллекция саз өнеріне аңсары ауған жас өрендер үшін қызықты болатынына дау жоқ.
Энергетика • 26 Маусым, 2023
Жаңа тариф: тұтынушы тұралап қалмасын
Жергілікті жылу және электр энергиясын өндіретін монополистер 1 қыркүйектен тарифті өсіруге құлшынып отыр.