Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Әдетте «Апат айтпай келеді» деп жатамыз. Алайда Екібастұз шаһарына бұл жолғы апат айтып жетті. Жетіп қана қойған жоқ, жылу беру саласындағы жүйесіздіктерді әшкере етті. Әйтпесе қоғам белсенділері әбден тозған жылу-энерго орталығы мен жылу құбырларының мәселесін жыл басынан бері айтудай-ақ айтты. Еститін құлақ болмады. Жөндеу жұмыстары кеш басталып, артынша жылуға қосылған уақыттың өзінде де стансада қазандықтарды жамап-жасқау жалғасқанына куә болдық. Осының барлығы түптеп келгенде жылдар бойы зорға шыдаған ескі құбырдан саңылау тауып, аязда атылып шықты.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Екібастұздағы жылу желілеріндегі 15 ақау жойылды
28 қараша күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жылу құбырындағы судың атқылауын жою жұмыстары тағы екі магистральда жалғасуда деп хабарлады жедел штаб.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Сақылдаған сары аяздың салдарынан Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат орын алды. Шаһардың жылу жүйесінде пайда болған зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған. Салдарынан қала бойынша барлық нысанда жылу батареялары салқындап, тұрғындар пәтерлерінде бүрсең қағып отыр. Ал көпқабатты 130 үй жылудан толықтай ажыратылды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Екібастұздағы апат: Ақаудың нақты себебі анықталған жоқ
Сенбіден жексенбіге қараған түні Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат болды. Шаһар ішіндегі жылу желілеріндегі зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Ертіс өзенінің сағасында балық аулап жүрген азамат мұз астына түсіп кетіп, қаза болды. Толық қатып үлгермеген жұқа мұз 60 жастағы балықшының салмағын көтере алмаған. Төтенше жағдай қызметкерлері қысқы балық аулау маусымын бастап кету әлі де қауіпті екенін ескертіп отыр.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезіміз. «Енді журналистика пәндерінен профессор Қырықбай ағай дәріс оқиды, сабақтан қалмауға тырыс. Ол кісінің талабы қатал», деп хабарласты бір күні тобымыздың жетекшісі. Облыстық басылымға жұмысқа қабылданып, айдарымыздан жел есіп жүрген студенттің біріміз ғой. Соны малданып сабақтан қашқақтап жүретініміз рас. Сондықтан бұл жаңалық маған ерекше көрінді. Ертеңгісін оқу орнына құстай ұшып жеттік.
Ұлттық спорт • 23 Қараша, 2022
Керекуге садақ ату бірлестігі керек
Жаугершілік заманда ата-бабамыздың мінер аты белдеуде, бес қаруы кереге басында сақталып, әр ауылдың ұландары кез келген жағдайға дайын болуға машықтанғаны аян. Осы бес қарудың бірі – ұлттық садақ ату өнері заманға сай қайта жаңғырып жатқаны көңіл қуантады. Көшпелілерге тән садақ ату әдісін Кереку жұртына насихаттап жүрген «Тұран» орталығы бүгінде кәсіби өркендеуге бет бұрып отыр.
Экономика • 22 Қараша, 2022
Павлодар облысында 1 200 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Жоба сегіз ай ішінде жүзеге асырылып, заманға сай технологиялармен жарақталды. Мұнда күніне 30 мың литр сүт сауылмақ.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Кереку шаһары жер жағдайы бойынша ойпаң жерде орналасқан. Сонысына орай облыс орталығын нөсер және дренаждық кәріз жүйесімен қамту мәселесі өте өзекті. Жазда жаңбыр төпелеп жауып, жазғытұрым қар ерісе көшелердің барлығы кілкіген суға толады. Ал қолданыстағы небәрі 10 шақырымдық дренаждық жүйе баяғыда істен шыққан.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Баскөл жұрты діттегеніне жетті
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылғы 20 қазандағы нөмірінде Май ауданының Баскөл ауылында жылдар бойы қордаланған мәселелер жайында жазып едік. Соның бірі – Белая өзенінің үстінен пантонды көпір салу. Жуықта ауыл тұрғындары хабарласып, ел газеті көтерген түйткілдің түйіні тарқатылғалы жатқаны жайында сүйіншіледі.