Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
546 материал табылды

Медицина • 08 Қараша, 2022

Ботокспен сал ауруын емдейді

Адам бетіндегі әжімдерді тегістеп, сұлу етіп көрсететін кәдімгі ботокс айықпас дерт үшін таптырмас ем екен. Павлодар облысында «церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға ботуликсиннің негізінде әзірленген екпе салынып жатыр. Ақ желеңділердің айтуынша, косметологиялық препарат бұлшықеттердің патологиялық тонусын төмендетуге көмектеседі.

Қоғам • 08 Қараша, 2022

Отандық полициядағы жаңашылдық

Павлодар облысында қылмысты анықтау мен тергеп-тексерудің жаңа әдіс-тәсілдері енгізілуде. «Бей­нетергеу», «Оқиға орнын 3D фор­матында қарау», «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастапқы өңдеу сатысы» деп аталатын жаңа­шылдықтар тергеушілердің жұмы­сын жеңілдетіп қана қоймай, бю­рократиялық кедергілерді азай­туға сеп болмақ.

Аймақтар • 08 Қараша, 2022

Ақсудағы батырлар бейнесі

Мурал сурет салудан да қиын деседі. Кес­кіндеме өне­рінің заманауи түрі соңғы жылдары Кереку жерінде кең тарала бастағаны бай­қалады. Жуықта Ақсу ша­һарында қазақ батыр­лары бейнеленген ауқымды мурал пайда болды.

Аймақтар • 08 Қараша, 2022

Лондон олимпиадасының жүлдегеріне пәтер берілді

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер берілді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов даңқты балуанды қабылдап, оның отандық спорт саласына сіңірген еңбегінің зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 03 Қараша, 2022

Кереку картобына сұраныс жоғары

Қазақстанда көктем мен жаздың басында картоп-көкөністің бағасы олимпиадалық жылдамдықпен өсе бастайтыны шын. Өзіміздің қорда сары майдай сақтап келген өніміміз түгесілген соң, Иран мен Пәкістанның, Мысыр елінің бағасы удай көкөнісін тасып әлек боламыз. Бұл тығырықтан шығу үшін ел өңірлері арасында картоп пен көкөніс бойынша алдын ала келісімдер жасау қолға алынып жатыр. Яғни облыстардың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (ӘКК) белгілі бір өңірдегі көкөніс өсірушілермен тиімді бағада өнім сатып алу туралы алдын ала уағдаласады. Өнім иесі оны мамыр айына дейін сақтап, айтылған мерзімде жеткізіп тұрады. Бұл әдіс жергілікті нарықтағы бағаны қалыпты ұстауға көмектеседі деп болжанып отыр.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Ешкі баққан бала

Тимур бүгін күнделікті әдетінше таңғы алтыдан тұрып, қоражайға беттеді. Сабаққа бармас бұрын ешкілерін жайғап, азығын салып, суарып кетпесе көңілі көншімейді. Бала шақтан малсақ болып өскен жасөспірімнің өзі үшін таңсық ешкі өсіру ісін қолға алғанына көп болған жоқ. Күніне 12-15 литрге дейін сүт беретін түлік бүгінде үлкен кәсіп көзіне айналып келе жатыр.

Аймақтар • 28 Қазан, 2022

Екібастұздағы қоныс той

Республика күніне орай Екібастұзда көпбалалы және толық емес отбасылар қуанышқа кенелді. Жаңадан салынған тұрғын үйден 108 отбасыға пәтер кілттері табыс етіліп, қоныс тойы тойланды.

Экономика • 28 Қазан, 2022

Фермер базары ашылады

Мемлекет басшысының «Егістіктен сөреге дейін» кооперациялық тізбегін дамытуға қатысты берген тапсырмасына сәйкес қолға алынған фермерлік базардың құрылысы мәреге жақын. Апта сайынғы жәрмеңкені алмастырып, шаруалардың өз өнімдерін тікелей саудалауына мүмкіндік тудыратын базар бағаны тұрақтандыруға үлкен сеп болады деп күтілуде.

Экономика • 27 Қазан, 2022

Кереку астыққа кенелді

Павлодар облысының астық өсірушілері жиын-терімді жоғары нәтижемен аяқтап жатыр. Биыл тағы да рекордтық астық жиналды. Диқандар 1 млн 25 мың тонна дәнді дақылдарды қамбаға құйып, ел ырысын еселеді. Картоп бойынша да жаңа рекорд тіркелді – 777 мың тонна. Жалпы, соңғы бес-алты жылда өңірдегі ауылшаруашылық саласында өнім өндіру 3 есеге өскені байқалып отыр.

Қоғам • 27 Қазан, 2022

Ауласында атып кетті

Павлодар қаласында қайғылы жағдай болды. Академик Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында зейнеткер 40 жастағы азаматты атып өлтірді. Дереккөздерінің хабарлауынша, күдікті жан тапсырған жігіттің қайын атасы екен.