Өнер • 11 Қаңтар, 2023
Музейге суретшінің есімі берілді
Отандық мәдениет тарихына қатысты жазылған «Қазақстан өнері», «Қазақстан графикасы», «Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі» еңбектерінің авторы, танымал қылқалам шебері Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімін жерлестері әрдайым еске алып жүреді. Жуықта облыстық көркемсурет музейіне тұлғаның есімі берілді.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
«ОАЭК» АҚ апат күндері орталық жылу жүйесінен ажырап, қақаған аязда электр жылытқыштармен жан сақтаған пәтер иелеріне электр қуаты үшін өтемақы төлеуге шешім қабылдады. Қаладағы әр абоненттің есепшотына шамамен 5 мың теңгеден жіберіледі. Дей тұрғанмен, шаһардағы 30 үйде жылу параметрлері қалыпты норманы әлі де бағындыра алмай отыр.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Өткен жыл ел тұрғындарының есінде баға қымбатшылығымен ұзаққа сақталары анық. Азық-түлікпен қоса, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдардың бағасы шарықтап өскенін байқадық. Әсіресе тұрмыста пайдаланылатын химиялық өнімдердің бағасы бүгінде бет қаратпайды.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023
Ауылға су тазартқыш қондырғы орнатылады
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылғы 23 желтоқсан күнгі санында «Ақаң шарасы: әрі қуантты, әрі ойландырды» атты мақала жарық көрген еді. Онда Железин ауданындағы аядай ғана Захаровка ауылынан түйіп қайтқан кемшіліктерді сөз етіп, жергілікті жұрттың базынасын жеткіздік. Сыни мақалаға орай аудан басшылығы жедел үн қатып, халық тұрмысын жақсартуға бағытталған елеулі жұмыстардың жоспарда тұрғаны жайлы жауап хат жолдады.
Ауа райы • 09 Қаңтар, 2023
Ақ қоянның ұзын құлағы қылтиып көрінгені сол еді, Керекуде ақ түтек боран күшіне мінді. Қаңтардың 3-інде басталған бұрқасын бара-бара күшейіп, өткен аптаның сейсенбі мен сәрсенбі күні көптеген көлік күре жолда қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдай қызметінің ескертуіне құлақ аспай сапарға шығып, жолда тұрып қалған жолаушылар жылыту пункттеріне орналастырылды.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Екібастұз оқушылары шипажайға жол тартты
Екібастұздық балалар үшін қысқы демалыс айрықша әсерге толы өтуде. Мыңнан астам жасөспірім «amanat» партиясының демеушілігімен еліміздің танымал санаторийлеріне жол тартты.
Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022
Павлодар қаласының әкімі тағайындалды
Қаланың жаңа әкімін аймақ басшысы Асайын Байханов таныстырды. 2021 жылдан бері Ержан Иманзаипов Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2022
Керекуде фермерлік базар ашылды
Қымбатшылық қос өкпеден қысқан заманда Мемлекет басшысының «Егістіктен сөреге дейін» кооперациялық тізбегін үлкен шаһарларда дамытудың маңызы зор. Жаңа жыл қарсаңында Кереку қаласында шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей сатуға мүмкіндік беретін «Jailau» атты фермерлік базар ашылды.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2022
Ақаң шарасы: әрі қуантты, әрі ойландырды
Әлі күнге Железин ауданы, Захаровка ауылы аталып отырған елді мекендегі мектеп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын өзге этнос өкілдері арасында насихаттауда айрықша көзге түсті. Жуықта мұнда аудандық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, ұстаздар мен оқушылар Алаш қайраткері жайындағы ізденістерімен бөлісіп, ғұлама еңбектерін жаңаша әдіс-тәсілмен оқытудың жолдарын көрсетті.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022
Қоғамдық көлікке электронды жол ақысы мен дифференциалды тариф енгізгелі жолаушылар мен автобус жүргізушілерінен маза кетті. Қала ішіндегі маршруттарда қатынайтын көліктер саны кейде аяқ астынан азайып, жұртшылық аялдамада көп күтіп қалады. Бұл жайтты тасымалдаушылар қолдан жасап отырғандай көрінеді.