Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
Компьютерлік ойын ойлап тапқан оқушы
Қазақ балаларының қолы тиген жер жайнап кетеді ғой, шіркін! Қабілеттерін IT саласында сынап, алғашқы өнертабыстарымен мұхит асып, жалпақ елге танылған өрендерді көргенде бойыңды мақтаныш кернейтіні бар. Келешекте бұл қатарға қарапайым ауыл мектебін тәмамдағалы отырған Темірлан Мұстафин да қадам баспақ ниетте.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Сұлтанмахмұт ақынның балалық шағы өткен Торайғыр жері кереметтей әсем өлке. Келушілердің көзін арбаған Баянауылдың тұмса табиғатының бір бөлшегі саналатын мұнда қара қандыағаш деп аталатын ерекше ағаш өседі. Қандыағаш – бұлақ бойын жағалай бітетін, сазды жерді, кермек суды жақтырмайтын, «Қызыл кітапқа» енген өсімдік.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2023
Мүйізінің арақашықтығы 4 метрден асатын, жалпы биіктігі қосқабатты үймен тең алып бұғы көріп пе едіңіз? Тұрқының өзі зілге ұқсайтын алып жануардың қаңқасы бүгінде Керекудегі «Ertis» мультимедиялы музейінде тұр.
Білім • 18 Қаңтар, 2023
Инклюзивті білім: Ерекше оқытудың мәселелері туралы
Ресми деректерге сүйенсек, Ертіс-Баян өңірінде ерекше білім беруді қажет ететін 7 мыңға жуық бала бар. Баласын инклюзивті орталықтарға бергісі келетін ата-аналар көп болғандықтан, олардың барлығын бір демде қамту мүмкін болмай отыр. Ал жекеменшік орталықтарда оқу құны 200 мың теңгеге дейін жетеді. Амалы құрыған отбасылар өзге қалалардағы арнайы оқу ұйымдарын жағалап, кезекке тұруға мәжбүр.
Экономика • 17 Қаңтар, 2023
Отандық тракторға қолдау қажет
«Жұмыскер» – Май ауданында құрастырылып шығатын шағын трактор. Бұл – кезіндегі Павлодар трактор зауыты жойылғалы өңірде алғаш болып толық құрастырылған әрі патентке ие болған жалғыз шағын трактор. Ауылдағы өндіріс орны бүгінде біраз қиындыққа ұрынып отыр.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2023
Баянауылға жаңа әкім тағайындалды
Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ардақ Кісентаев бұған дейін осы өңір басшысының орынбасары қызметін атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Қаңтар, 2023
Зауыт кідірсе, өңір экономикасына шығын
Павлодар мұнай-химия зауыты сұйытылған көмірсутекті газ шығаратын өндірістің тоқтап қалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Себебі кәсіпорында көгілдір отынның бұл түрі көп мөлшерде жиналып қалған. Жағымсыз тенденция сақтала берсе, аймақ экономикасы оның зардабын тартып, өңірлерде газ тапшылығы туындауы мүмкін.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2023
Биыл елімізде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізіліп, көші-қон бағдарламасына қатысушыларға төленетін көмектің көлемі артып жатыр. Бұдан былай теріскейге еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударып келгендерге және шетелден атажұртқа аңсары ауып жеткен қандастарға 1 300 АЕК көлемінде бір реттік сертификат беріледі. Бұл дегеніміз – 4 млн 400 мың теңге көлеміндегі қаражат.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023
Керекуде өткен аптада ат құлағы көрінбейтін боран бірнеше күнге созылып барып тыншыған еді. Енді осы аптада Арқаның аязы қысты. Бұл жағдай Екібастұз қаласының халқы үшін қиынға соғып тұр.
Саясат • 12 Қаңтар, 2023
Кәсіподақтан шыққан дау: кінәлі кім?
«Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына» қатысты түрлі алыпқашпа әңгіме соңғы уақытта жиі қозғалып жүр. Ұйым 2019 жылы алғаш пайда болғанда кәсіподақ мүшелерін «жеңіл жолмен» жинап алған дейді бұрынғы әріптестері. Қазіргі күні құрамында 5 мың мүшесі бар бірлестіктің төрағасына «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-ның облыстық филиалын заңсыз түрде жойды, ондағы қаржы-шаруашылық құжаттарының көзін қасақана құртты деген кінә тағылып отыр.