Технология • 09 Ақпан, 2023
Мәшһүр Жүсіп балалары мехатрониканы меңгеріп жүр
Ауыл балаларының темір-терсекке үйірсек екені рас. Балалық шақта әкеміздің жанында жүріп, машина мен трактордың руліне жайғасқанды үлкен мәртебе көретін едік. Ал қазіргі жас буынның қызығушылығы заманға сай өзгеріске түскен. Соның бір жарқын мысалын Мәшһүр Жүсіп ауылындағы мектептен байқадық. Жергілікті оқушылардың роботтехникаға әуестігі көрген жанды тамсантады.
Инфрақұрылым • 08 Ақпан, 2023
Павлодарда трамвай паркінің дамуына басымдық беріліп отыр. Экологиялық жағынан қауіпсіз әрі қаладағы жолаушылар қозғалысын тиімді етуде рельсті көлік бүгінде ең қолайлы саналады. Қазір кәсіпорында жаңа вагондар сатып алудың жоспары жасалып жатыр. Бұған қоса, алдағы жылдары қаланың шеткі ықшам аудандарының бірі – Екінші Павлодарға дейін рельсті жол тартылмақ.
Музей • 08 Ақпан, 2023
Павлодардағы Әскери даңқ музейінде Мәншүк Мәметованың жез самаурыны сақталып тұр. Музей қызметкерлерінің айтуынша, дәл осы самаурынды ұстағысы келетін оқушылардың қарасы қалың көрінеді.
Тарих • 07 Ақпан, 2023
Әлкей Марғұланды Ленинградта білім алуға көндірген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов еді. Болашақ археолог ондағы Шығыс институтында оқып жүргенде орыстың шығыстанушылары мен өзге де түркітанушы оқымыстылардың әр дәрісінен қажетті мәліметтерді күнделігіне талмай жазып отырған.
Жәдігер • 07 Ақпан, 2023
Алдар көсе туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға жеткізген Шәкен Айманов еді. Ұлттық киноның атасы сол картинада киген бөрік бүгінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде сақтаулы тұр.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2023
Баянауылдың Мырзашоқы тау-шаңғы курортында күтпеген жерден шетел киносындағыдай оқиға болды. Шаңғы тебуге серуен құрып шыққандарды таудың төбесіне көтеретін аспалы жолдың айналдырғыш тетігі кенеттен істен шығып, 6 адам екі сағат бойы әуеде ілініп отырған.
Субсидия • 05 Ақпан, 2023
Шаруаны діңкелеткен субсидия шарты
Баянауылдағы «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығы мемлекеттен алған 20 млн теңге субсидияны қайтаруға міндеттеліп отыр. Алаяқ фирманың құрбаны болған шаруашылықтың шоттары мен мүлкі бүгінде бұғатталып, фермердің жағдайы қиындаған. Бір қызығы, кезінде қара малды жеткізушіні таңдауға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы себепкер болған көрінеді.
Экология • 05 Ақпан, 2023
Ертіс орманының елеңдеткен ертеңі
Жер бетінде ең сирек кездесетін жалқарағай ормандары Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде, Ресей және Канада жерінде ғана сақталып қалған. Айтса айтқандай, ежелгі мұхиттың табанында, кәдімгі құм жалдарында өсіп шыққан реликті ормандардың ерекшелігі басым. Тамыры 70 метр тереңдікке бойлап, сонау шыңыраудағы жерасты суларынан қорек алатын қылқанжапырақтылар – бүгінде еліміз үшін баға жетпес табиғи байлықтың бірі. Адамзаттан да ерте пайда болған тамаша қазынаны қаз қалпында сақтап, көбейту үлкен мәселеге айналып отыр.
Инновация • 02 Ақпан, 2023
Келешектің инновациялық бағдары
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы Павлодарда алғашқы жемісін бере бастады. Былтыр ел бойынша алғаш болып ашылған IT-мектеп бір жыл ішінде 400 адамды оқытып, жеке компаниялардың ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарының санын арттырды. Ал фрилансер ретінде өз бизнесін ашқандар мұнда қажетті IT-дағдыларды үйреніп, соның нәтижесінде кәсіптерін өркендету үстінде.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2023
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде Арқада жосып жүрген киіктер батыс өңірлерге ауса, Ресейдің Алтай тауларынан асып келген бұландар Қазақстанның солтүстік-шығысын, Ертіс пен Жайық өзендерінің бойын мекендей бастағаны мәлім. Бұғы тектес жануар Баянауылдың таулы аймақтарында жиі байқалып, сортаң жерлерді жағалап жүр.